Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Магиялық ойлаудың заңдылығы



Алғашқы нанымдардың формаларының және солармен байланысты тәжірибенің бірі болып табылатын магия (гр. Mageia-сиқыршылық, арбаушылық) – адамдарға, заттарға ж/е объективті дүние құбылыстарына жасырын күштер арқылы әсер етуге болады деген сенімге негізделген түсініктер мен ырымдардың жиынтығы. Діни нанымдардың бұл формасының дереккөзін ағылшын этнографы Б.Малиновский өзінің «Магия, ғылым және дін» атты еңбегінде толық сипаттап өткен. Малиновский магиялық түсініктер адам өзінің күштеріне сенімді болмаған кезде пайда болады деген қорытынды жасады.

Б.Малиновский «Магия, ғылым және дін» (1926 ж.);

Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1)тікелей әсер ету, 2)инициалды(қол жетпейтін объектіге әсер ету), 3)парциалды (тамаққа т.б. нәрселер арқылы әсер ету), 4)имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету); Мақсатына қарай: 1) әскери, 2)кәсіптік, 3)емдік болып бөлінеді.

Леви-Брюль адамның ой қабілеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, біріншісі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша дамиды, екіншісі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, әлеуметтік құбылыстарымен байланысты, ойлаудың осы екінші бөлегі жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болды, осылай әлемді діни тұрғыдан зерделеудің тағы бір ізі салынды, деп санайды





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1501 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...