Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Анимизм – діни форма ретінде



Алғашқы діннің пайда болуы жайындағы ғылыми тұжырымдар қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады. Енді осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларға келсек: Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз «рухани әлемдердің» болатындығына деген сенім. Бұл тұжырымның мән-жайы анимистік нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Э. Тайлор (1832-1917) өзінің «Алғашқы мәдениет» еңбегінде жазды. Бұл нанымдар екі бағытта дамыған. Анимистік теориялардың бірінші қатары ертедегі адамның ұйқы, елестер, дерт, өлім жөніндегі ойлануларының нәтижесінде, сондай-ақ транс пен галлюцинацияларын бастан кешіру барысында пайда болды. Бұл күрделі құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмаған «алғашқы қауымдық адам» адам денесінде болатын және кейде одан шығып кетіп отыратын жан туралы ұғымды, кейінірек бұған қарағанда күрделілірек, дене өлген соң жанның өмір сүретіндігі жайлы, жандардың жаңа денелерге көшетіні туралы, о дүние жайында түсініктер қалыптастырады. Анимистік нанымдардың екінші қатары қоршаған ортаны кейіптеу мен рухтандыру сияқты алғашқы адамдарға тән талпыныстан туындайды.

«Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни, анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық, заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше анимизм кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.

Анимизм – алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқыда бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер деген ұғым орныққан.

Анимизмді – жан мен рухтардың бар екеніне деген сенімді еске түсірмеуге болмайды.. Демек, осылардың барлығы адамдардың дүниетанымынан, әлеуметтік жағдайларына байланысты туындаған ертегілердің бірі деп еспетейміз.

Тайлордың теориясы бойынша, жан ұғымы — жын шайтандар, түрлі рухтар және рухани мәндер тобына ортақ есім. Алғашқы қауымдық кездегі адамдар үшін ұйқы мен өлімнің маңызы зор еді. Олардың түсінігі бойынша ұйқы — рухтың тәннен шығып серуендеуі және тәнге қайта оралуы болса, өлім – керісінше, серуендеуге шыққан рухтың тәнге оралмауы болып табылады. Өлген адамдардың рухтарының ішінде жақсылары да, жамандары да бар. Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы рухтарға табынған. Нәтижеде «анимизм» деген «дін» пайда болған деген тұжырым жасайды. Анимизм (латын тілінде animus – жан, рух) жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алалды.

Анимизмнің кең таралғандығы жөніндегі дерекке сүйене отырып, Э. Тайлор мынадай формуланы ұсынады: «Анимизм дегеніміз – бұл дін анықтамасының минимумы». Бұл формуланы көптеген дінтанушылар өздерінің құрылымдарында пайдаланды, дегенмен анимизмнің тайлорлық тұғырнамасын талқылау барысында оның әлсіз жақтары да көрінді.

Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі – магия немесе тылсым (“ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады” деп те атайды). Бұл да анимизм және тотемизм қатарлы дүниеге келеген құбылыс. Оның негізінде де рухқа, жанға иланым жатыр.

Анимизм тар мағынасында жан туралы ұғымдар жөніндегі ғылым, ал кең мағынасында барлық жанды заттар туралы ғылым болып табылады. Анимизмнен бөлек тағы дааниматизм деген тағы бір түрі - бізге жаны жоқ болып көрінетін заттардың жандануы туралы ілім. Осы жерге бұған анимализм мен манизм қосылады. Ең алдымен белгілі бір философиялық жүйеге қолданылған анимизм атауы өзінің нақты атауын Тайлордың арқасында алды.

Бұл атауды ұсынуға біздің ерте уақыттағы тарихи және қазіргі уақыттта өмір сүріп отырған халықтардың дүние мен табиғат құбылыстары туралы түсініктерімен жақсы таныс болғандығымыз себеп болып отыр. Олар дүниеде өздеріне жақсы ниеттегі немесе жаман ниеттегі рухтардың үлкен бөлігі өмір сүреді деп есептейді. Олар табиғат құбылыстарын себебін осы рухтарға теліп, рухтар тек жан-жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ дүниенің жансыз заттарын да рухтандырады деп есептейді. Үшіншіден, бұл көне натурфилософияның ең маңызды бөлігі соншалықты қызық көрінбейді, себебі біздің өзіміз одан алыс кете қойан жоқпыз және енді табиғат құбылыстарын біз өзіне тән ерекшелігі жоқ табиғат құбылыстарымен түсіндіреміз. Алғашқы қауымдық халықтар сол сияқты жеке адамға да жан бітеді деп сенген және әрбір адамның өзінің тұрағын тастап, басқа адамдарға көшетін жеке жаны болады деп есептеген. Бұл жандар жандық іс-әрекеттердің тасымалдаушысы және белгісіз деңгейге дейін «денеден» тәуелсіз. Алғашқы кезде жандар индивидке өте ұқсас және ұзақ даму процесінен кейін олар рухтанудың жоғары деңгейіне жетіп, материалдық белгілерден босайды деп сенген.

Тайлордың айтуы бойынша жанның осы туралы түсінігін құптауға бейім, ол анимистикалық жүйенің бастапқы өзегі, бұл бойынша рухтар тек өзіндік тұрған жандармен үйлеседі және жануарлардың, өсімдіктердің және заттардың жандары адам жанымен ұқсас болып келеді. Бұл анимистиклық жүйеге сүйенген бұл жат негізгі дуалистік дүниетанымға алғашқы тағы адамдар қалай жетті? Дуализм түс көру құбылысын аңғарудың арқасында шықты және оған өлімнің ұқсас болуына байланысты, мұны түсіндіруге талпыныстар кез-келген жағдайда қызықты, бәрінен бұрын өлім мәселесі осы теорияны жасаудың өтпелі пункті болуы мүмкін. Тағы адамдар үшін өмірдің жалғасуы ажалсыздық екені өз-өзінен түсінікті болып табылады. Ал өлім туралы түсінік кеш пайда болды міне бірте-бірте дамып отырады. Ол біз үшін де мәнсіз, түсініксіз болып көрінеді. Басқа бақылаулар және тәжірибелер негізгі анимистикалық ілімдерді жасауға қатысқан сайын, мысалы түс көру, көлеңке, айнаның шағылысуы және басқалар болған сайын бұл туралы қызу пікірталастар жүретін, алайда олардың барлығы да ортақ мәмілеге келе алмайтын. Егер тағы адам өз ойында құбылыстарды байқаса, мәселен жан туралы түсінікті аңдап, оны сыртқы әлемнің объектілеріне көшірсе, онда оның мінез-құлқы барынша табиғи және құпия емес. Бірдей анимистикалық түсініктер әртүрлі халықтарда, әртүрлі уақыттарда пайда болды деген дәлелдерге назар аудара отырып Тайлор бұл түсініктер мифтік сананың психологиялық өнімі үшін керекті болып табылады және примивтік анимизм адамның табиғи қалпының рухани белгісі деп есептелуі мүмкін де Жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. Анимизм- алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 8329 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...