Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фетишизм – ежелгі дін формасы



Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны

Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар “прамонотеизм” және адамзат тарихындағы “дінге дейінгі кезең” теориялары. “Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. “Дінге дейінгі кезең” теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.

Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің “Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Соңғысының авторы – К.Маркс дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келді.

Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анимизм және магия. Біздің қарастыратынымыз ол фетешизм.

Фетишизм (“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Оны алғаш рет Батыс Африкада португал теңізшілері ХУ ғасырда тапқан, содан кейін фетишизмнің бірқатар баламалары әлемнің көптеген аймақтарында табылады. Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с.-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдыреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.

Енді фетишизм элементтерінің қазақ халқы арасындағы түрлеріне қысқаша шолу жасайық: 1) қазақ халқы малдың алғашқы төлдеген кезіндегі алғашқы уызын өздері ішпейді. Мәнісі аруақтарға арнау. Фетиштік ырымның бірі - кәрі жілік, оны күндіз малшының түнде күзетшінің қызметін атқарады деген сенімнен туған. Жас нәрестенің бесігіне әр түрлі: үкінің қауырсынын, қасқырдың, арыстанның т.б. жыртқыш аңдардың терісін тағады. Бұл ырымның мақсаты баланы әр түрлі "жын-шайтандардан" сақтайды деген сенімге саяды. Қазақ даласының қай түкпіріне барсаңыз да "әулие" саналатын мазарларды көреміз. Бұл кейбір зерттеушілердің пікірінше фетиштік сенімнің мұсылман дінінің келуімен байланысты өзгерген түрі болуы мүмкін. Дүниежүзінің барша халықтарында талисман, амулет аталынып жүрген "көз тию", "тіл тиюден" сақтайтын түрін қазақтарда тұмар деп атаған. Мұнда "қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді" (Левшин). деген пікір орынды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі. Фетишизм ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған. Бұдан ерте кездегі діндердің өзгерген түрлерінің қазақ халқының ерекшелігіне байланысты мұсылмандыққа да ықпал жасағанын көреміз. Көшпелі әлемнің қарғыс таңбасы - тайпалық ыдыраушылық екені тарихтан белгілі. Жайылым-қонысқа байланысты жан-жалдар, барымта - мал айдап кету, қыз алып қашу, қанды кек тәрізді ұдайы болып жататын жайсыз әрекеттер, бөлшектенудің де зардабы аз болған жоқ. Бұл үшін жалпы мемлекеттік, тайпалы билікпен қоса халықтың нанымдық-сенімдік дүниетанымы да саяси жауапкершілікті бағыттап отыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.

А. И. Артемьевтің пікірінше: «Фетишизм - материалдық дүниелердің (тастардың, ағаштардың, сүйектердің, тас пен ағаштан жасалған бұйымдардың және басқа да тұмар сияқты заттардың) және жанды нәрселердің (мысықтар мен иттер сияқты) табиғаттан тыс қасиетті күштері бар екендігіне деген сенім».





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 10027 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...