Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тотемизм діні және әлеуметтік жүйе



Діни нанымдардың басқа ежелгі формасы ретінде тотемизм - адамдардың қандай да бір тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгілі жануарлардың немесе өсімдіктердің түрінің арасында ерекше байланыстың бар екеніне сенім болып табылады.

Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген

«Тотем» сөзі белгі, ишарат деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем – алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы. Тотем тайпаның түп атасы ретінде саналады. Бір тотемге жататын адамдарға өздерінің арасында үйленуге рұқсат етілмейді. Тотем жеңілмейді. Ол табу ретінде қабыл етіледі. Оған қарсы шығуға болмайды. Қауымдардың ең алғашқысы болған рулық сенім мен қауымының осы тотемдік түсінігіне байланысты «тотемизм» деп атаған. Діндердің барлығы тотемизмнен бастау алған делініп жүр. Кейбіреулердің пайымдауынша, тотемнің орнына тәңір сөзі қолданылғаннан кейін жаңадан пайда болған діндерді осылайша түсіндірген.

Алғашқы қауымдарда табу және тайпа басшылары, тотем сенімі мен ерекшелігі бар жан-жануар немесе өсімдіктерді қорғауды мақсат тұтқан. Тотемизм негізінде дін болу сипатынан бөлек, қоғамдық, экономикалық өмірге ұқсайды.

Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді

Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі он екі жануардың атымен байланысты атаулар. Оған қоса үй жануарларының әрқайсының иесі бар деп біліп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата, Жылқышы немесе Қамбар ата т.б. оған байланысты аңызды да бәріміз бала кезімізден біліп өстік. "Хайуанаттарға байланысты ертегілерді аңдап отырсаң, жан-жануарлар турасындағы бұлдыр көріністерді көреміз. Одан мифтік, діни түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсініктерді аңғарамыз" (Әуезов). Сонымен бірге, Қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі "табу" болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер "қасиетті" деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген. Мысалы. қасқырдың атын қасқыр демей "ит-құс", "ұзынқұлақ" сияқты атаулар берген. Басқа ешбір халықта кездеспейтін, қазақ әйелдерінің ата-енесін, қайын-қайнаға, абысын-ажын, қайын сіңілі, өз ерінің аты т.б. атамауының негізі де осы табуда деп жорамалдауға болады. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жол-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан. Қазақ арасында "Сақтансаң сақтаймын" деп Құдай айтыпты деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналарын атап кетейік: жын, пері, дию, шайтан, обыр, албасты, күлдіргіш, әбілет, монтаны, матру, сұқ, уббе, бәдік, жезтырнақ, шимұрын, қарғу, аусыл, шешек, жалмауыз (Амантурлин). т.б

Тотемизм (ототеман – Солтүстік Америка үндістерінің тілінен, “оның тегі” деген мағына береді) құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғалым – дін социологиясының негізін салушы болып танылатын Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырымға келеді.

Тотемді құрметтеу – оны қасиет иесі санап құлшылық етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз. Яғни, тотем белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылықтың рәмізі. Тотемизм бастапқыда рулар мен тайпалардың, бертін келе тұтастай халықтардың діни наным нысаны және олардың өзгелерден даралығын сипаттайтын белгі болып тұрақтайды. Осыған қарай бұл тайпаның, халықтың өзіндік ғұрыптары мен салттары қалыптасады. Олар мифологияға ауысады.

Көне замандарда тотем көбіне зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келеді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-бабаларының аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. Осылайша тотемизм рулық қауымда тұтастырушы, рулар мен тайпаларда әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызмет атқарады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 11861 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...