Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алғашқы сенімдердің өзгерісі мен даму тарихы



Діни наным формаларының бірі португал сөзі fetigoдан (магиялық зат) шыққан «фетишизм» деген атауды алды, ал ол өз кезегінде factitus (магиялық шебер) деген латын сөзінен шыққан. Оны алғаш рет Батыс Африкада португал теңізшілері ХУ ғасырда тапқан, содан кейін фетишизмнің бірқатар баламалары әлемнің көптеген аймақтарында табылады.

Фетишизм (фр. fetichisma), яғни пұтқақұлдық - ол латынның fatum (тағдыр деген сөзінен емес, сол латынның factitus (choose fee - магиялық шеберлік) сөзінен бастау алатын португалдық «фетишо» дегеннен пайда болған туынды сөз, аударғанда «сиқырлы зат», арбау дегенді білдіреді. А. И. Артемьевтің пікірінше: Фетишизм - материалдық дүниелердің (тастардың, ағаштардың, сүйектердің, тас пен ағаштан жасалған бұйымдардың және басқа да тұмар сияқты заттардың) және жанды нәрселердің (мысықтар мен иттер сияқты) табиғаттан тыс қасиетті күштері бар екендігіне деген сенім
Діни нанымдардың басқа ежелгі формасы ретінде тотемизм - адамдардың қандай да бір тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгілі жануарлардың немесе өсімдіктердің түрінің арасында ерекше байланыстың бар екеніне сенім болып табылады. Діни нанымдардың бұл формасының атауы «ототеман» сөзінен шыққан, ол солтүстік американдық үндістердің оджибве тайпасының тілінде «тегі оның» дегенді. Кейінірек тотемизм шеңберінде табу деп аталатын тыйымдардың тұтас бір жүйесі пайда болды. Неміс философы және психологы Вильгелм Вундт (1832-1920) тыйым (табу) салуды адамзаттың жазылмаған ең көне моральдық кодексі деп санаған. Олар әлеуметтік қатынастарды реттестірудің маңызды механизмі болып саналады. Табу: киелі (киелі және күнделікті саналатындар арасындағы реттелмеген байланыс: көсемге жақындасуға, киелі жануарға қандай да бір күш қолдануға, әрине оны өлтіруге тыйым) болған; инцест тыйым (лат. - қанның араласуы) - бір қауымның бір-біріне туыстық жақындығы бар топтарының арасындағы адамдардың некелесуіне салынатын тыйым; харам нәрселерге (өлексенің етін жеу) тыйым болып саналатын.

Егіншілік культі - егін өнімінің шығымына ықпал ететін табиғаттың әр түрлі құбылыстарына табиғаттан тыс, ерекше бір қасиеттер дарыту болып саналады. «Бұл - діншілдіктің үстемдік ететін формасына айналған аграрлық магияның әрі қарай дамуы»

Ата-баба культі, яғни ата-баба рухын табыну - адамдар мен олардың қайтыс болған туысқандары арасында табиғаттан тыс бір байланыстарды сақтауға деген сенім. Көсемдер культі, яғни көсемдерге табыну – тайпаның басқа мүшелерінің бойында жоқ, ал тек көсемдерінің ғана бойында бар ерекше бір жұмбақ қасиеттердің бар екендігіне сенім.

Шаманизм – айырықша адамдардың (шамандардың) адамдар мен рухтар арасында делдал болу, болашаққа көріпкелдік болжал айту, алыс аумақтарда не болып жатқанын біліп беру, аурулардан емдеп-жазу, табиғат өзгерістерін туғыза алу, қайтыс болғандарды о дүниеге, яғни жерасты әлеміне жеткізіп салу және тағы басқа қабілеттерге сену. Алғашқы нанымдардың формаларының және солармен байланысты практиканың бірі магия (грек. mageia - сиқыршылық, арбаушылық) - адамдарға, заттарға және обьективті дүние құбылыстарына жасырын күштер арқылы әсер етуге болады деген сенімге негізделген түсініктер мен ырымдардың жиынтығы. Нанымдардың алғашқы формалары жөнінде айта отырып, анимизмді (лат. anima - жан) - жан мен рухтардың бар екеніне деген сенімді еске түсірмеуге болмайды. Анимистік нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Э. Тайлор (1832-1917) өзінің «Алғашқы мәдениет» еңбегінде жазды. Демек, осылардың барлығы адамдардың дүниетанымынан, әлеуметтік жағдайларына байланысты туындаған ертегілердің бірі деп еспетейміз.

Е.А. Торчинов діннің негізгі элементтері болып саналатын атрибуттарын дәйектілікпен тұжырымдаған. Дінді анықтаудың тағы бір критерийі ретінде Е.А. Торчинов «сакралды-профандық» оппозициясын қарастырады. Оны да жеткіліксіз деп есептейді. Біріншіден, «тоталды сакралды» діндер болған, олар үшін сакралдықтың әр түрлі дәрежесі бар, ал профандық деген жоқ. Екіншіден, «сакралды-профандық» оппозиция элементтерін діни емес сферада, яғни мемлекеттік салтанатты кештер, салт-жоралар сияқты күнделіктен жоғары тұрған шаралардан да табуға болады деп есептейді. «Сондай-ақ дейді Торчинов - нақтылы осы себепке байланысты «дін» мен «ғибадат» ұғымдары аралығына теңдік белгісін қоюға мүлдем болмайды, өйткені «ғибадат» секулярлы сипатта болатындықтан дін ықпалынан арылған жағдайда да жүзеге асуы мүмкін ғой, ғибадатты діннің фундаментальды белгісі деп қарауға болмайды» [С.18.]. Сонымен Е.А. Торчинов «Құдайға немесе құдайларға деген сенім діннің мәндік белгісі болып есептеліне алмайды» - деген қорытындыға келеді [С.22.].

Діни емес дүниетаным - діни сананың дамуына байланысты, діннің теориясы теологияның шығуына байланысты болады. Теология арқылы дін философиялық ілімнің шығуына үлкен себеп болды. Діни емес философиялық көзқарастың жақындасуына келетін болсақ, діннің Құдай туралы идеясы жоғары тұрған абстракция.

Дегенмен, діни ерекшелік оның басқа нәрселерден биік тұруы, ол өмірге тек негативтік алып келеді. Егер де «өсиетті кітаптарды» философиялық тұрғыдан қарастырсақ, онда біз ақиқатқа жетуге тырысамыз - позитивтік жағдай. Егер құдай барлық адамдарды өзінің баласындай көрсе, онда ол балалардың ішінде тек біреулерін ғана өте жақсы деп бөліп қараса, бұл құдайшылыққа жатпайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2910 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...