Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мифтік салттардың ерекшелігі



Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді.

Миф - бұл ұғымға үш түрлі мағына беріледі: 1) көне аңыз, әңгіме; 2) мифошығармашылық (миф тудыру), мифологиялық космогенез. Әлемнің хаостан жаралуы. 3) тарихи - мәдени шартталған айрықша сана күйі., ол - адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы бітімі

Ол адамдарға әлемнің құрылымы туралы түсінік берді. әлемнің барлық халықтары өздерінің мифтік көзқарастарына балығына отырып өмір сүрді. Миф шығармашылығы ұжымдық өмірдің жалпы тәжірибесін сақтаудың, жалпылаудың, түсінудің әдістерінің бірі. Миф осы шақпен болашаққа мәні, мағынасы бар тәжірибені қарастырады. Мифтің белгілері: 1. миф жаһандық мәні бар оқиғаларды баяндайды;

2. мифтегі оқиғалар белгісіз уақытта, белгісіз жерде болады;

3. мифте табиғилық және адамдық бөлінбеген;

4. миф өлім, өмірді толық жоққа шығару ретінде түсіндірмейді. Мифтегі өлім өмірдің қажетті сәтi.

Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:
1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.

Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф – адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғат пен сырлас болуды талап етті. Скиф – сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғат пен үйлесімдікке шақыратын рәміздер.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1956 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...