Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

тәжірибе. Тұз ерітінділеріндегі ортаның сипатын анықтау



Төрт пробиркадағы 8-10 тамшы дистелденген суда төмендегі тұздардың 2-

3түйіршігін ерітіңіз: бірінші пробиркада – натрий ацетаты, екінші пробиркада – натрий силикаты, үшінші пробиркада – күміс нитраты, төртінші пробиркада – алюминий сульфаты. Пробиркаларды шайқай отырып, тұздарды ерітіңіз.Ерітінділердің рН анықтаңыз: бірінші және үшінші пробиркаларды әмбебап индикатор қағазымен, екінші пробирканы фенолфталеин көмегімен, төртінші пробирканы метилоранж көмегімен. Содан кейін бірінші пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин, үшінші пробиркаға 1-2 тамшы метилоранж қосыңыз. Бірінші және үшінші пробиркалардағы ерітінділердің түстері өзгере ма? Нәтижелерін кестеге түсіріңіз: Тұздың формуласы Индикатор түсі Ерітінді рН Иондық түрдегі тұз гидролизінің реакция теңдеуі

2 –тәжірибе. Аяғына дейін жүретін гидролиз.

Алюминий сульфаты ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосыңыз.

Түзілген алюминий карбонаты алюминий гидроксиді тұнбасының түзілуі мен

көмірқышқыл газының бөлінуімен гидролизденеді.Реакция теңдеуін

құрыңыз.

Сұрақтар:

1. Қандай химиялық процесс гидролиз деп аталады?

2. Гидролиздің мәні неде?

3. Ерітіндінің рН-ы деген не? Оны қалай есептейді?

4. Қандай орта бейтарап, қышқыл, сілті деп аталады?

5. Индикатор көмегімен нені анықтайды? Қандай заттар индикатор деп аталады? Оларды қалай пайдаланады?

6. Қандай тұздар гидролизге өте жақсы ұшырайды? Қандай тұздар гидролизденбейді? Неліктен?

7. Гидролиздену дәрежесі деген не? Ол неге байланысты?

Тапсырма:

1. Мынадай ерітінділер бар: KCl, NaCl, CuCl2, AlCl3. Қай ерітінділерде Н+ ионы мен ОН- ионы концентрациялары өзара тең? Жауапты түсіндіріңдер.

2. Фенолфталеин қолданып, Na2S1О3 судағы ерітіндісінен Na2SO4 – тің судағы ерітіндісін айыруға бола ма? Жауапты түсіндіріңдер.

3. Калий карбонаты, алюминий сульфаты, аммоний ацетаты ерітінділерінің бірінші саты бойынша гидролизінің иондық теңдеуін құрыңдар. Қай жағдайда гидролиз дәрежесі ең жоғары? Жауапты түсіндіріңдер.

4. Мына тұздардың қайсысының гидролизі нәтижесінде негіз тұз түзіледі:а/ Zn/NO3/2; ә/ K2S; б/ Al2/SO4/3.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1480 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...