Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күкірт



1-тәжірибе. Ромбалық күкірттің алынуы. (тяга)

Құрғақ пробиркаға 4-5 мл құйыңыз және аз мөлшерде күкірт ұнтағын қаныққан ерітінді түзілгенше себіңіз. Ерітінді тамшысын заттық шыныға қойып, бетін шынымен жауып, микроскоппен кристалдардың қалай өсетінін бақылаңыз.

2-тәжірибе. Моноклинді күкірттің алынуы. (тяга)

Күкірт ұнтағын ақырын фарфорлы тигельде балқытыңыз. Сосын тигельді кристалдық қабық түзілгенше салқындатыңыз. Кристалдар орталыққа біріккенде, жылдам қатпаған күкіртті суымен стаканға құйыңыз. Лупа көмегімен қараңыз және түзілген кристалдардың суретін салыңыз. 1-2 тәжірибелердегі түзілген кристалдарды салыстырып, олардың формасын түсіндіріңіз. Алынған 2-3 кристаллды -де сағаттығ шыныда ерітіңіз және еріткіш буланғаннан кейін тағыда түзілген кристалдың формасын бақылаңыз.

3-тәжірибе. Күкірттің полиморфты күйге айналуы. (тяга)

Құрғақ пробиркага ақырын күкірт қайнағанша қыздырыңыз. Осы кезде журетін процесті түсіндіріңіз.

4-тәжірибе. Пластикалық күкірттің алынуы. (тяга)

Пробирканы жартысына дейін күкірттің түйіршіктерімен толтырыңыз және ақырын плитаның аздаған жалынымен қыздырыңыз. Балқуын және түстің өзгеруін және күкірттің жабысқақтығын бақылаңыз. Күкірт қайнағанша қыздырылған кезде, оның кішкене тамшысын салқын сумен кристализаторға құйыңыз. Алынган массаны судан ажыратып, фильтр қағаздарының арасында кептіріңіз. 1-2 сағаттан кейін пластикалық күкірттің қасиетінің өзгеруіне көңіл аударығыз.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1174 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...