Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

I. Теориялық сұрақтар



1. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Гомогенді және гетерогенді

реакциялардың жылдамдығы.

2. Әрекеттесуші массалар заңы. Реакция жылдамдығының константасы, оның

физикалық мағынасы және оған әсер етуші факторлар.

3. Реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі.

Аррениус теңдеуі. Активті комплекс. Активтендіру энергиясы.

5. Катализ. Гомогенді және гетерогенді катализ.

6. Қайтымсыз және қайтымды процестер. Кинетикалық теңдеу. Динамикалық

немесе жылжымалы химиялық тепе-теңдік.

7. Химиялық тепе-теңдік константасы, оны анықтайтын факторлар.

8. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы, оған әсер етуші факторлар. Ле-Шателье

принципі.

1-тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.

Үш пробиркаға 1 мл-ден натрий тиосульфаты, басқа үш пробиркаға 1 мл-ден күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Тиосульфат және қышқыл ерітінділері бар екі пробирканы, ішінде суы бар стаканға 5-7 минут қойып, сұйықтардың температурасын бөлме температурасына дейін жеткізіп, бір-біріне қосып, тұнба түзілу уақытын анықтаңдар. Келесі қос пробирканың ішіндегі сұйықтардың температурасын алдыңғылар мен салыстырғанда, 10 С –қа жоғарылатып, бір-біріне құйып, тұнба түзілу уақытын анықтаңдар. Келесі үшінші қос пробиркалардың ішіндегі сұйықтардың температурасын тағы да 10 С-қа жоғарылатып, тұнба түзілу уақытын анықтаңдар. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар:

Пробирка № Температура, К   Тұнба түзілу уақыты τ, с Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы, ϑ
       
       
       

Тәжірибе нәтижелерін координаталары – температура және салыстырмалы жылдамдық болатын график күйінде келтіріңдер.

2- тәжірибе. Химиялық реакциялардың жылдамдығына катализатордың әсері. Құрғақ пробиркаға аздаған мөлшерде алюминий ұнтағын және өте ұсақталған йод салыңдар. Шыны таяқшамен араластырып, су тамшысын қосыңдар. Реакция жалдамдығына су қалай әсер етеді?

Осы 1-3 тәжірибелер нәтижелерінен химиялық реакциялардың жылдамдығына концентрацияның, температураның және катализатордың әсері туралы қорытынды жасаңдар.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 869 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...