Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәжірибе. Молекулалық және атомдық сутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру



Екі пробиркаға сұйытылған күкірт қышқылын құйыңыз, оның үстіне бірнеше тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызыңыз. Пробирканың біріне мырыштың түйіршігін салып, екіншісіне Кипп аппаратынан сутек жіберіңіз. Екі пробиркадағы түстің қанық болуын және екі пробирка да түссіздену жылдамдығын бақылаңыз.Бірінші пробиркада тотықсыздандырғыш мырыш емес, сутек екеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін күкірт қышқылын қоспай калий перманганат ерітіндісіне мырыш түйіршігін қосыңыз.

Қышқылдаған ерітіндіге мырыш қосқан кезде бірінші атомдық сутек түзіледі. Ол Кипп аппаратынан түсетін молекулалық сутекке қарағанда белсенді:

Тотығу – тотықсыздану реакциясын құрыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Атомдық сутекті қалай алады? Молекулалық сутектен айырмашылығы неде?

2. Галогендердің тотығу дәрежесі қаншалықты тұрақты және табиғатта қандай қосылыстар құрамында кездеседі?

3. Егер газ 14,32г мыс (ІІ) оксидінің тотықсыздануына жұмсалатын болса, онда сутек алу үшін сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесетін мыстың массасын анықтаңыз.Сутектің қолданылу дәрежесі 50%.

4. Күкірт қышқылы электролизі кезінде катодта 56 (қ.ж) газ бөлінді. Анод өнімінің массасын анықтаңыз.

5. 200 мл судан алынатын сутектің көлемін (қ.ж) анықтаңыз: электролиз; натрий қатысында;





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1455 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...