Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Теориясы



Мақсаты: Электролиттер мен бейэлектролиттер

туралы,диссоциациялану константасы, диссоциациялану дәрежесі, күшті

және әлсіз электролиттер, сутектік көрсеткіш, индикаторлар туралы ұғымды

қалыптастыру;

1 тәжірибе. Конденсация әдісімен темір (│││) гидроксидінің золін алу және оның оптикалық қасиеттерін зерттеу.

Поливалентті металдардың кейбір тұздарының гидролиз процесі кезінде молекулалық дисперсті бөлшектердің конденсациялануы мүмкін, мысалы FeCl₃ тұзы Fe3+ ионының гидролизі мынадай сатылар арқылы жүреді:

Fe3+ + H2O ↔ FeOH2+ + H+ (│)

FeOH2+ + H2O ↔ Fe(OH)2+ + H+ (││)

Fe(OH)2+ + H2O ↔ Fe (OH)3 + H+ (│││)

Темір гидроксиді Fe(OH)3 тұнбаға түспейді, себебі FeCl3 тұзының үшінші саты бойынша гидролиздену дәрежесі өте аз. Золь түзілу процесі кезінде заряд түзетін Fe3+, FeOH2+, Fe(OH)2+ иондары болуы мүмлін, ал қарсы зарядты иондар –Cl-.

Пробиркаға (оның жарты көлеміндей) су құйып, оны ыстық су моншасына қойыңдар. 5-7 минут өткеннен кейін сол пробиркаға 2-3 тамшы концентрлі FeCl3 ерітіндісін қосыңдар. Қызыл – қызғылт сары Fe(OH)3 золінің түзілгенін байқаңдар. Ерітіндіні келесі тәжірибелерді жасау үшін сақтаңдар.

Тәжірибе нәтижелерінде алынған зольдің коллоидтық бөлшектерінің ядро құрамын, коллоидтық бөлшектің құрамын және мицелла құрамын көрсетіңдер.

3 тәжірибе. Электролит әсерінен зольдің коагуляциялануы.

1 және 2 тәжірибелерде алынған коллоидтық ерітінділерге бірнеше тамшы алюминий сульфатының Al2(SO4)3 концентрлі ерітіндісін қосыңдар. 2-3 минут өткеннен кейін бөлшектердің үлкейіп, тұнба түзілгенін байқаңдар.

Тәжірибе нәтижелерін жинақтағанда, коллоидтық жүйенің дисперстік фаза бөлшектерінің құрамын көрсетіңдер: а) Al2(SO4) 3 қосқанға дейін; б) Al2(SO4)3 қосқаннан кейін; в) түзілген тұнбаның құрамын. Зольдің коагуляция процесі кезінде Al2(SO4)3 тұзының атқаратын ролін түсіндіріңдер.

4 тәжірибе. Коагуляциядан қорғау.

Әрбір пробиркаға алюминий сульфатының Al2(SO4)3 концентрлі ерітіндісін қосардың алдында 5 тамшыдан желатинаның 0,5 % - тік ерітіндісін қосып, 3 тәжірибені қайталаңдар. Осы сияқты 0,5 % - тік крахмал ерітіндісінің әсерін байқаңдар. Темір (│││) гидроксидінің Fe(OH)3 золі үшін желатина мен крахмал ерітінділерінің қорғау әсерлерін салыстырыңдар.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 786 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...