Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмыс № 9



Тақырыбы Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Тотығу-тотықсыздану реакциялардың типтері.
  2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына ортаның әсері.

Мақсат

- Тотығу-тотықсыздану тендеулерін құрастырып үйрену.

- Әртүрлі тотығу-тотықсыздану реакцияларын жүргізіп үйреніп, оларға ортаның әсерін бақылау.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

1- тәжірибе. Иод иондарының темір иондарымен тотығу.

Пробиркаға 4-5 тамшы FeCl3 және КІ ерітіндісін тамызып, оған түсі ашықсары болғанға дейін су қосып, 1-2 тамшы крахмал клейстерін тамызыңыз. Не байқалады? Реакция тендеуін жазыныз.

2- тәжірибе. Темір сульфатының азот қышқылымен тотығу

Пробиркаға 2-3 тамшы FeSO4 тамызып, оған сонша 20% Н2SO4 ерітіндісін қосып, 2-3 тамшы сұйытылған (1:3) НNO3 тамызыңыз. Ерітіндіні сәл қыздырып, бөленген газдын түсіне көңіл аударыңыз. Не байқалады? Реакция тендеуін жазыныз.

3- тәжірибе. Мыстың тотықсыздандырғыш қасиеттері.

1,Газ жұтқыштың астына апарып сынауыққа 2-3 мл-дей сұйылтылған азот қышқылын құйып, оның ішіне мыстың бір бөлшегін салып байқаңдар.

Байқағандарыңды жазып реакцияны теңестіріңдер, тотығу-тотықсыздану коэффициенттерін анықтаңдар. Реакция түрін анықтаңдар.

4- тәжірибе. Хром (ІІІ) оксидінің және оның қасиетері. (Ауа сорғыш шкафтың астында жұмыс істеңдер.)

(NH4)2Cr2O7 ұнтақталған кристалдарын пробиркаға салып, штативке еңкейтіп бекітіңдер. Заттың үстіңгі бөлігін реакция басталғанша қыздырыңдар, содан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Байқағандарынды түсіндіріңдер: массаның өзінен- өзінің қызуы, газдардың бөлінуі және түсінің өзгеруі. Алынған Cr2O3 қышқылдарға және негіздерге қатынасын тексеріңдер. Осы реакциялардың теңдеуін жазыңдар.

(NH4)2Cr2O7→N2+Cr2O3+H2O

5-тәжірибе. Марганецтің қышқылмен әрекеттесуі.

Пробиркаға 5-6 тамшы концентрленген күкірт қышқылын құйып, оның үстіне марганец металының кішкене бөлігін немесе марганец ұнтағын салыңдар. Газдың бөлініп шығуын байқаңдар және реакциялардың теңдеуін жазыңдар.Реакцияның нәтижесінде марганецтің (ІІ) тұзы түзілетінін ескеріңдер.

Mn+H2SO4(K)→MnSO4+SO2+H2O

6-тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеті.

а) Темір сульфатының тотығуы.

Пробиркаға 3-4 тамшы калий перманганатының ерітіндісін және сондай мөлшерде сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Үстіне темір (ІІ) сульфатының кристалдарын немесе ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакцияның теңдеуін жазыңдар. Алынған ерітіндіде Fе3+ ионы бар екенін аммоний тиоцианаты NH4SCN ерітіндісінің көмегімен анықтаңдар.

Сұрақтар:

1. Тотығу дәрежесі деген не? Қалай анықталады?

2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі реакция кезінде қалай өзгереді?

3. Периодты жүйеде нағыз тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар қандай топтар мен топшаларда орналасқан?

4. Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері қалай өзгереді:

а/ период бойынша

ә/ негізгі топша бойынша /жоғарыдан төмен/.

5. Элементтердің тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеуін құру үшін қандай әдістер қолданылады?

6. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштар эквиваленттерінің мольдік массасын қалай есептейді?

Тапсырма:

1. Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:

а/ H2S + Cl2 + H2O = H2SO4 + HCl

ә/ MnO2 +KI + H2SO = I2 + MnSO4 + H2O + K2SO4

б/ KMnO4 + H3PO3 + H2SO = H3PO4 + MnSO4 +K2SO4 + H2O

в/ Zn + K2Cr2O7 + H2SO = Zn SO4 + Cr2/SO4/3 + K2 SO4 + H2O

2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш эквивалентінің мольдік массасын есептеңдер. 2-тапсырма /б/.

3. Мына мысалдар тотығу-тотықсыздану реакцияларының қай типіне жатады?

a/ Na3ASO3 + I2 + H2O = Na3ASO4 + 2HI

ә/ Cr2 + 2NaOH = NaCl + NaCiO + H2O

б/ 2AgNO3 = 2Ag + NO2 + O2

4. Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.

a/ Ca + HNO3 = Ca / HNO3/2 + NH4 NO3 + H2O

ә/ K2S + KmnO4 + H2SO4 = S + K2SO4 + MnSO4 +H2O

б/ Fe + HNO3 = Fe/NO3/2 + S + NO + H2O

в/ K2Cr2O7 + HCl = CrCl3 + Cl2 + RCL + H2O





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1041 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...