Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Ерітінділер. Ерігіштік. Ерітінділерді дайындау



Мақсаты: Ерігіштік, заттар ерігенде байқалатын құбылыстар туралы

ұғым қалыптастыру. Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу жолдарын,

ерітінділердің әртүрлі концентрацияларын дайындауға үйрету;

1 тәжірибе. Тұз қышқылының 0,1 н. Ертіндісін дайындау.

Жұмыс бастамас бұрын лабороторияда бар қышқыл ертіндісінің концентрациясын анықтау қажет, ареометрді пайдаланып, толтырылған шаригі бар шыны сауыт. Ареометрдің үстіңгі жіңішке бөлігінде тығыздықтың әртүрлі мәндеріне сәйкес келетін шкаласы бар. Ареометрдің еріндіге батырғанда шкаланың бөлігі, сол ертіндінің тығыздығын көрсетеді.

Ертіндінің тығыздығын анықтау. Өлшегіш цилиндрге ертінді құйып, оған ареометрді жайлап жүзуі үшін, цилиндрдің қабырғасына және түбіне тигізбей батыру қажет. Ареометрдің шкаласынан тығызздықтың мәнін белгілейді. Ареометрді 1-2 см көтеріп қайтадан ертіндіге батырып, қайтадан мәнін қабылдайды,

Кейбір заттар үшін, мысалы, қышқылдар, сілтілер, тұздар үшін артаулы кестелер бар. Оларды пайдаланып тығыздықтың мәні белгілі боллса еріген заттың массалық үлесін анықтауға болады. Егер таблицада ареометрдің мәні көрсетілмеген болса, онда жақын екі мәнінен есептеп шығарады. Мысалы, ареометр бойынша тұз қышқылының тығыздығы 1,177-ге тең, ал таблицада келтірілген массалық үлесі 32 және 36 % ертінділердің тығыздықтары 1,163 және 1,183 тең. Тығыздықтың концентрацияға тәуелділігі қысқа аралықта түзу сызықты өзгереді деп есептеп, массалық үлесін былай есептеуге болады.

1.Таблица бойынша белгілі ертінділердің тығыздық және массалық үлес айырмаларын анықтаймыз:

1,183 – 1,163=0,020

36% - 32 % = 4%

2.Ареометр бойынша анықтаған тығыздық пен таблицадағы кіші мәннің айырмасын (1,177 – 1,163=0,014) анықтап, пропорция құраймыз:

0,020: 4%=0,01 4: х % х= 2,8%

3.Есептеуден шыққан санды таблица бойынша алынған массалық үлесін кіші мәніне қосу керек: 32+2,8= 34,8%. Бұл шама анықтап отырған тығыздығы 1,177 –ге тең тұз қышқылының массалық үлесі болып табылады.

Берілген тұз қышқылы ертіндісінің тығыздығы мен массалық үлесін анықтағаннан кейін, оқытушыдан тапсырма алады (дайындайтын ертіндінің көлемі мен концентрациясы туралы). Дайындайтын ертіндіге қажет тұз қышқылы ертіндісінің көлемін есептеп шығарады. Сосын өлшегіш колбаны алып жарты көлеміне жуық дистиляцияланған су құяды. Сызықшаға дейін үстіне су қосып, толтырады да жақсылап араластырады. Тәжірибенің дәлдігін анықтау үшін дайындалған ертіндінің концентрациясые анықтайды. Ол үшін осы ертіндіні өлшегіш цилиндрге құйып, ареометрмен тығыздығын анықтап, таблицадан сәйкес келетінмассалық үлесін анықтайды. Алынған мәліметтер бойынша, дайындалған ертіндінің молярлық концентрациясын анықтап, оны тапсырмада берілген мәнімен салыстырады да тәхірибенің қателігін есептейді.

2 тәжірибе. Массасы 100г 10% натрий хлоридінің ертіндісін дайындау үшін қанша натрий хлориді керек екенін есепте. Алдын ла өлшенген бюксте, есептеп шығарған тұздың массасын, техникалық таразыда өлшеп ал. Енді қандай көлемде су қажет екенін еспетеп ал. Судың қандай көлемін өлщеп ал да, тұздың қажет мөлшерін салып еріту керек. Дайындалған ертіндіні өлшегіш цилиндрге құйып, ареометрмен тығыздығын анықтап, осы ертіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін есепте. Тәжірибенің қателігін есепте.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 3001 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...