Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі



1 тәжірибе. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

Үш пробиркаға 3 мл-ден күкірт қышқылын 0,5%-тік ерітіндісін, ал басқа үш пробирканың: біріншісіне-3 мл натрий тиосульфатының 0,5%-тік ерітіндісін, екіншісіне-2 мл тиосульфат ерітіндісі мен 1 мл су, үшіншісіне-1 мл тиосульфат ерітіндісін және 2 мл су құйыңдар. Осы пробиркалардың әрқайсысына 3 мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, тез араластырып, тұнба түзіле бастаған уақытты белгілеңдер. Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы ретінде, секундпен анықталған уақыттың кері шамасын алыңдар. Алынған нәтижелерді кесте күйінде өрнектеңдер:

Пробирка № Көлем, мл Салыстырмалы концентрация Тұнба түзілу уақыты τ, с Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы, ϑ
Na2S2O3 a H2O b
           
           
           

Тәжірибе нәтижелерін координаталары – салыстырмалы концентрация және жылдамдық болатын график күйінде келтіріңдер.

Осы 1-3 тәжірибелер нәтижелерінен химиялық реакциялардың жылдамдығына концентрацияның, температураның және катализатордың әсері туралы қорытынды жасаңдар.

2 тәжірибе. Әрекеттесетін заттардың концентрациясы өзгергенде тепе-теңдіктің ығысуы.

Пробиркаға 1 мл 0,0025 М темір (III) хлоридінің және осындай көлем 0,0025 М калий роданидінің ерітінділерін құйыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Түзілген ерітіндіні төрт пробиркаға бірдей қылып бөліңдер. Бір пробиркадағы ерітіндіні салыстыру үшін қалдырыңдар. Екіншісіне бірнеше тамшы темір (III) хлоридінің қаныққан ерітіндісін, үшінші пробиркаға –бірнеше тамшы калий роданидінің қаныққан ерітіндісін, төртіншісіне- калий хлоридінің бірнеше түйірін қосыңдар. Пробиркалардағы ерітінділердің түсін салыстырыңдар. Осы процесстің тепе-теңдік константасының теңдеуін жазыңдар. Темір (III) хлоридін, калий роданидін, калий хлоридін қосқан кезде, ерітінділердің түсі қалай өзгереді? Тепе-теңдік қай бағытқа қарай ығысады? Тепе-теңдікті оңға қарай ығыстыру үшін қандай заттың концентрациясын және қалай өзгерту керек? Солға қарай ығыстыру үшін ше?





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 867 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...