Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәжірибе. Сутектің алынуы және оның жануы



а) Газ сіңіретін түтікше орналасқан пробиркаға бірнеше түйір мырыш салып, оған пробирканың 1/3 бөлігіне келгенше 20% күкірт қышқылы құйылады.

Газдың бөлінуін бақылаңыз. Одан бөлінген сутектің тазалығын тексеріңіз. Жарты минуттан соң, от жалынына апарыңыз.Егер пробиркада таза сутек жиналса, онда ол тыныш және көгілдір жалын беріп жанады, егер ауа қоспасы болса, онда әлсіз жарылыс болады. Таза сутек жиналғанына көз жеткізсек, сутекті аяғына дейін жағыңыз. Реакция теңдеуін құрыңыз.

б) Пробиркаға күйдіргіш натр ерітіндісін құйыңыз да, оның үстіне бірнеше алюминий жаңқасын салыңыз. Газдың бөлінуін бақылаңыз. Одан бөлінген газдың тазалығын тексеріңіз.Реакция теңдеуін құрастырыңыз.

Тәжірибе. Сутектің тотықсыздандырғыш қасиеті

Құрғақ шыны түтікшеден, басынан аяғына дейін газөткізгіш түтіктен тұратын құрылғыны жинаңыз. Түтік қабырғасына аз мөлшерде қара түсті мыс (ІІ) оксидінің ұнтағын салып, оны пробиркаға иілдіріп штативке горизантальды түрде орналастырыңыз. Кипп аппаратынан пробиркаға сутекті жіберіңіз. Пробиркадағы ауаны ығыстырғаннан кейін сутекті аяғына дейін жағыңыз, ал мыс (ІІ) оксидін қыздырыңыз. Мыс (ІІ) оксидімен болатын өзгерісті және ыдыс қабырғасында пайда болған суды бақылаңыз. Мыс тотықсызданғаннан кейін қыздыруды доғарыңыз, бірнеше уақыт сутекті айдаңыз, себебі мыс ауа құрамындағы оттекпен тотығады. Реакция теңдеуін жазыңыз





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1049 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...