Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымның биіктікке тәуелді өзгеруі



Жер бетіне жуық жерлерде оны түрліше газдардың қосрасынан тұратынауа қоршап тұрады. Осы ауа қабаты атмосфера деп аталады. Атмосферада жоғары көтерілген сайын төмендеп, ал төмендеген сайын артып отыратын қысым әсер етеді. Атмосфераның Жер бетіндегі барлық денелерге түсіретін қысымын атмосфералық қысым деп атайды.

Атмосфералық қысымды тұңғыш рет итальян ғалымы Торричелли 1643 жылы өлшеді. Торричеллидің тәжірибесі деп аталатын бұл тәжірибе мектеп оқулығы бойынша бәрімізге де аян.

Қысымның СИ системасындағы өлшем бірлігі Паскаль (1Па=1Н/м2).

Өзіміз көргендей, сұйықтың немесе газдың биіктігі бағанының қысымы p= gh болып анықталады. Жоғары көтерілген сайын ауаның тығыздығы төмендеп отыратындықтан, биіктеген сайын атмосфералық қысым төмендейді, яғни атмосфералық қысым биіктікке тәуелді болады.

Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары:

  1. Сұйықтың ағын сызықтары мен түрлері.
  2. Бернулли теңдеуі.
  3. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын ағып жатқан сұйыққа қолдану.
  4. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы.
  5. Стокс заңы.




Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 1793 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...