Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Колорадо қоңызы



Республиканың барлық өңірінде таралған картоптың негізгі зиянкесі болып табылады, оның картоп егістігіндегі саны және зияндылығы бірнеше жылдан бері жоғары болып қалуда.

Биылғы жылы көктем кезеңінде қыстап шыққан қоңыздардың саны 0,1-0,9 дан 3,2-5,0 дана/м2 аралығында, жоғарғы саны 8-10 дана/м2 болып Ақмола және Алматы облыстарында анықталды. Картоп егістіктерінде қоныстануы егістікті орналастыру уақытына және орналасқан жеріне тікелей байланысты болып отырды.

Солтүстік аймақта қоңыздың қыстау орнынан шығуының басталуы мамыр айының басында, жаппай шығуы – 12 мамыр – 2-6 маусым аралығында тіркелді. Шағылысуы және жұмыртқа салуы 27-29 мамыр – 10-15 маусым аралығында жүрді. Қоңыздар арамшөптермен және алқа тұқымдас мәдени өсімдіктермен қоректенді, картоптың өскіні пайда болғаннан кейін қоңыздардың және жұмыртқалардың қоныстануы байқалды. Өсімдіктің 2-10%-ында жұмыртқа салынған. Жұмыртқа салу орнында 14-25-тен 35-60 жұмыртқа саналды.

Колорадо қоңызы балаңқұртының тууының басталуы 3-12 маусым күндері, жаппай тууы 20-25 маусым күндері тіркелді. Жапырақ бетінің зақымдалуы 35-40%-ға жетті. Балаңқұрттарының қуыршақтануының басталуы 6-10 шілде күндері, жаппай қуыршақтануы 15-18 шілде күндері байқалды. 1 ұрпақ қоңыздарының шығуы 15-22 шілдеде анықталды, олардың саны 1 түпке 0,5 данадан 4,0 дана аралығында болды. 2 ұрпақ балаңқұрттарының зақымдауы 23-30 шілде күндері байқалды, қуыршақтануға 8-12 тамыздан бастап 17-21 тамыз күндері аралығында кетті. 2 ұрпақ қоңыздарының шығуы 18-23 тамыз күндері тіркелді. 1 түпке орташа 12-78 дана балаңқұрт, 0,5-4,0 дана қоңыз есептелді. Өсімдікті зақымдауы 30-65%, жаппай қоныстану ошақтарында 95-100%-ға жетті.

Оңтүстік аймақта қоңыздардың қыстау орнынан шығуы 19-26 сәуір – 5-8 мамыр аралығында, жұмыртқа салуы – 2-10 мамырда анықталды. Балаңқұрттарының тууы мамыр айының бірінші онкүндігінің аяғында және екінші онкүндігінде анықталды. Қоныстану тығыздығы өсімдіктің 20-30%-ға дейін жетті. 1 ұрпақ қоңыздарының шығуы маусым айының бірінші онкүндігінде, жұмыртқа салуы маусым айының 2-3 онкүндіктерінде байқалды. 2 ұрпақ балаңқұрттарының зияндылығы маусым айының үшінші онкүндігі – шілде айының екінші онкүндігінің басы аралығында анықталды. Картопта ошақтанып және жаппай қоныстанды. 2 ұрпақ қоңыздарының алғашқы шығуы тамыз айының бірінші онкүндігінде, жұмыртқа салуы 10-20 тамыз күндері тіркелді. 3 ұрпақ балаңқұрттарының тууы 17-23 тамыз күндері байқалды. 3 ұрпақ қоңыздарының тууы қыркүйек айының бірінші онкүндігінде анықталды.

Батыс аймақта колорадо қоңызының қыстау орнынан шығуы 12-17 мамыр күндері тіркелді, олардың саны 1-3 дана/м2 құрады. Жұмыртқа салуының басталуы 25-31 мамырда анықталды., жұмыртқа салу орнында 12-30 жұмыртқа саналды. Балаңқұрттарының тууы 16 маусымнан бастап байқалды, олардың саны 1 өсімдікке 0,6-2,0 балаңқұртты құрады. Картоп егістігінде балаңқұрттардың зияндылығы жаппай және ошақты түрде болды. Максималды тығыздығы 1 түпке 10-25 балаңқұрт, қоныстануы 30% -ға жетті. Жапырақтарын зақымданы 5-25% аралығында болды. 1 ұрпақ қоңыздарының шығуы 5-7 шілдеде, жұмыртқа салуы 16 шілдеден ары қарай байқалды. 2 ұрпақ балаңқұрттарының тууының басталуы 24 шілде күні, қуыршақтануы 12 тамыз күні тіркелді. 2 ұрпақ қоңыздарының шығуы 24-30 тамыз күндері анықталды.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қоңыздардың қыстау орнынан шығуы созылмалы болды және 2-30 мамыр-дан 1-3 маусым аралығында байқалды, жұмыртқа салуы 20-27 мамыр – 7-12 маусым аралығында анықталды. 1-2% өсімдікке қоныстанғанда жұмыртқа салу орнында жұмыртқа саны 10-37 данадан 63-71 данаға дейін ауытқыды. 1 ұрпақ балаңқұрттарының тууының басталуы 27 мамыр-8-16 маусым аралығында, жаппай тууы – 10-25 маусым күндері тіркелді. Жұмыртқалауы 22 маусым-2 шілде аралығында байқалды. 1 ұрпақ қоңыздарының шығуы 30 маусым – 10-14 шілде аралығында, жаппай шығуы 15 шілде – тамыз айының бірінші онкүндігінде анықталды. Жұмыртқа салуы 6-14 шілдеде тіркелді. 2 ұрпақ балаңқұрттарының тууы 11-27 шілде күндері, қуыршақтануы 14-19 тамыз күндері анықталды. 2 ұрпақ қоңыздарының жаппай шығуы 5-12 қыркүйекте тіркелді. Қоңыздар қыстау орнына қыркүйек айының екінші онкүндігінен бастап кетті.

Жаздық мониторингтік тексерулер барлығы 48,557 мың га алқапта жүргізілді, 32,455 мың га алқапта қоныстанды, оның ішінде 16,806 мың га ЭЗШ-дан жоғары. Өңделгені – 12,3 мың га. Биологиялық тиімділігі 80-95%.

Картоп егілген егістік орнында қыстауға кеткен қоңыздардың күзгі топырақты қазу жұмыстарының нәтижесінде саны 0,3-3,6 –дан 8-10 дана/м2 құрағанын анықтады. Қоңыздардың салмағы 70-100-тен 175-239 мг аралығында ауытқыды.

2009 жылы колорадо қоңызы қыстау орнынан жақсы шығып және дамуына қолайлы жағдай болғанда оның санының өсуі күтіледі. 2009 жылы химиялық өңдеу жұмыстары 20,3 мың га алқапта жүргізуге болжамданып отыр.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 2253 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...