Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Альтернариоз. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында аурудың таралуы орын алды



Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында аурудың таралуы орын алды.

Алматы облысында картоптың өсу кезеңінің соңында өсімдік пәлегінде (ботва) альтернариоз ауруының дамуын анықтады, оған мол суарудан кейін ылғалдың булануы әсер етті. Таралуы 1-15%, дамуы 0,03-7%-ды құрады.

Аурудың таралуы өсімдік қалдықтарындағы инфекция қорына және картопты өндіру әдісіне, ауыспалы егіс жүйесінің сақталуына байланысты болады.

Ризоктониоз немесе қара таз қотыр

Павлодар облысының жекелеген шаруашылықтарында картоптың қар таз қотыр ауруымен залалданғаны анықталды. Ауру шілде айының бірінші онкүндігінде картоптың сабақтану фазасында дақылдың түйнегінде, өскінінде және сабағында байқалды. Өсімдіктің өсу кезеңінің соңында аурудың дамуы 1-2,4% шамасында болды. Одан кейінірек, тамыз айының бірінші онкұндігінде қара таз қотыр ауруын Жуалы ауданында (Жамбыл облысы) анықтады. Аурудың таралу көлемі 0,006 мың га алқапта анықталды. Таралуы 7,5%, дамуы 0.07%-дан аспады.

Келесі 2009 жылы ризоктониоз немесе қара таз қотыр ауруының пайда болуына топырақтағы және өсімдік қалдықтарындағы инфекция қоры, агротехникалық іс-шаралар, картоп өнімін уақытында жинау әсер етеді.

Қара мойнақ

Картопта қара тазқотыр ауруының таралуы Жамбыл облысы Жуалы ауданында байқалды. Аурудың алғашқы белгілері шілде айының бірінші онкүндігінде анықталды. Өсімдік қалдықтары және аурумен залалданған тұқымдық материал инфекцияның негізгі көзі болуына себепкер болды. өнімді жинау кезеңінде аурудың таралуы 3-20%-ды, дамуы 1-5%-ды құрады.

2009 жылы аурудың таралуы мен дамуы отырғызылатын тұқымдық материалдың сапасына және картоптың дұрыс сақталуына байланысты болады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 671 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...