Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фитофтороз



Бұл ауру картоптың кең таралған және зиянды ауруларының бірі болып табылады. Өткен жылдардағыдай, фитофтороз ауруы республиканың барлық аймақтарында, өндіріс алқаптарында және жеке секторда анықталды. Картопты егер алдында картоп түйнектеріне жүргізілген сараптаманың нәтижесінде тұқымдық материалдың залалдануы 1,9,5%-ды құрады.

Инфекцияның алғашқы белгілері Панфилов ауданында (Алматы облысы) мамыр айының екінші онкүндігінде жапырақ және сабақ түзілу фазасында картоптың ерте пісетін сорттарында байқалды. Таулы аймақтарда түскен жауын-шашын, мол шық және күндізгі және түнгі ауа температурасының төмендеуі аурудың таралуы мен дамуына оң әсер етті. Жамбыл және Қызылоарда облыстарында фитофтороз ауруы маусым айының екінші – үшінші онкүндіктерінде анықталды. Аурудың таралуы және қарқынды дамуы оңтүстік аймақта бірқалыпты болған жоқ. Аурудың жаппай таралуы шілде айының екінші онкүндігінен бастап байқалды, оған шілде айындағы түскен жауын-шашын және қоңыржай ауа, күндізгі және түнгі ауа температурасының төмендеуі, таңертеңгілік шық мүмкіндік туғызды. Картоп түйнегінің өсуі фазасында аурудың таралуы 0,5-25%, дамуы 0,006-10% шамасында болды.

Солтүстік облыстарда аурудың пайда болуы картоптың шанақтану-гүлдеу фазасында шілде айының екінші онкүндігінен бастап тіркелді. Инфекцияның пайда болуына шілде айының 1 жартысындағы ауа райы (қолайлы температурамен үйлескен жауын-шашын), және топырақтағы және өсімдік қадықтарындағы инфекция қоры мүмкіндік туғызды. Ауа райының құрғақшылығына байланысты аурудың қатты үдеуі өсу кезеңінің аяғында байқалған жоқ. Өсімдіктің өсу кезеңінің аяғында аурудың таралуы 0,01-50%, дамуы 0,01-40%-ды құрады.

Батыс аймақта фитофтороз ауруы шілде айының бірінші онкүндігінде картоптың толық гүлдеу фазасында анықталды. Аурудың таралу пайызы 1-ден 85%-ға дейін, дамуы 0,05-60%-ды құрады.

Шығыста фитофтороз ауруының таралуы мен дамуы біркелкі болған жоқ. Ауру шілде айының екінші онкүндігіндегі нөсер жауыннан кейін төмен дәрежеде 0,3-0,54% дамуымен байқалды. Өсімдіктің өсу кезеңінің аяғында дамуы 1-1,2%, таралуы 0,3-0,54%-ды құрады.

Топырақтағы инфекция қорын ескеріп және түйнекте аурудың бар болуы, 2009 жылы фитотороз ауруының таралуы биылғы жылдағыдай сақталады. Аурудың таралуы ауа райы жағдайына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына, ауыспалы егіс жүйесін сақталуына байланысты болады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1241 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...