Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оңыр (жапырақты) тат



Өткен жылы Республиканың барлық дән егетін аймақтарында қоңыр тат ауруы таралды. Батыс аймақтарда алғашқы патогеннің күлдіреуігі (пустула) шілде айының бірінші онкүндігінде жаздық бидайда Шыңғырлау ауданында (Батыс Қазақстан облысы) байқалды. Кейінірек Ақтөбе облысында бидайдың сүттену кезеңінде шілде айының екінші онкүндігінің басында аурудың белгілері байқалды. Күздік дәнді дақылдарда аурудың белгілері байқалмады. Мониторинг жүргізу барысында залалданғаны 77,4 мың га. немесе тексерілген көлемнің 6,6 %, өңделетін көлем 26 мың га., даму деңгейі 1-10% құрады.

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында маусым айының бірінші онкүндігінде күздік қара бидайдың гүлдену кезеңінде бұрыл дақ ауруының белгілері байқалды. Таулы – шалғынды – далалы аймақтарда 0,11 мың га. көлемде залалданғаны байқалып, алдыңғы жылдары да осы аурулар кездескен. Маусым айының екінші онкүндігінде осы аудандарда күздік қара бидайда аурудың таралуы 1,03 пайызды құрап, дамуы 0,3 пайыздан аспады. Павлодар облысында маусым айының үшінші онкүдігінің соңында, спора қаққыш құралдың шыны затында, қоңыр татының алғашқы споралары, желдің солтүстік-батыс бағытынан соғуына қарай, Қашыр, Железе, Ыртыш аудандарында шілде айының алғашқы күндерінде жаздық бидайда тіркелді. Шілде айының екінші онкүндігінде Катон-Қарағай аудандарында тіркелді. Бұл аурудың белгілері шілде айының бірінші онкүндігнде нөсерлеп өткен жауын – шашыннан кейін байқалды. Аурудың таралуы 0,35 пайызды құрап, залалдануы егістіктің жиектерінде байқалып, нашар деңгейде болды. Облыстың басқа аудандарында аурудың осы түрі кездеспеді.

Бұл аурулар солтүстік аймақтарда кеңінен таралды. Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында аурудың алғашқы белгілері маусым айының үшінші онкүндігінің соңында түтіктену кезеңінде байқалды, Қостанай облысында шілденің бірінші онкүндігінде, Ақмола облысында үшінші онкүндігінде байқалды. Аурудың кеш пайда болуынан таралуы шектеулі болды. Ақмола облысында аурудың қоздырғыштары 4-6 уредогенерация, Қостанай облысында бидай дақылының өсу кезеңінде соңында 2-3 уредогенерация саңырауқұлағын құрап, жасыл өсімдіктерда тамыз айының 5-не дейін телейтостадияны қалыптастырып, бірақта тамыз айының құрғақ және ыстық ауа райы залалдану деңгейін тежеді. Бидай дақылының өсу кезеңінің соңына дейін қоңыр таттың дамуы басталу деңгейінде болып, кеш егілген егістіктерде дамуы 10-50 пайыз, таралуы 80 пайызды құрады.

2009 жылы дәнді дақылдардың қоңыр тат ауруымен залалдануы инфекцияның сақталу мөлшерінен, белгілі аумақтардан келуіне, өсу кезеңінде ауа райы жағдайынан байланысты болады. Дәнді дақылдардың аса қауіпті ауруларына қарсы (тат септориоз), химиялық өңдеу көлемі 2645,6 мың га-ға жоспарланып отыр.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 766 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...