Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Септориоз



Аурудың инфекциялық қоздырғышының көп болуы және вегетациялық кезеңде ауа райының қолайлы болуы дәнді дақылдардың септориоз ауруының пайда болуына әсер етті.

Алғашқы аурулардың белгілері – сәуірдің аяғынан мамыр айы басында оңтүстік аймықтың күздік дақыл егістіктерінде (Жамбыл, ОҚО) байқалды. Аурудың дамуы әлсізден жоғары дәрежеде өтті.

Септориоз дағы ауруының залалдануы пайызының көп мөлшері Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Дәнді дақылдар егістігінде жергілікті бақылаулар жүргізілді.2007-2008 жылдар арасында қыс айы қар түсімі аз, қатты суықтар байқалмай, бірқалыпты өтті.Қар ерігеннен кейін аңыздарды қарау барысында қыстап шыққан пикнидалар өміршеңдігі 55-72 пайызды құрады. Күздік дәнді дақылдарда аурудың белгілері мамыр айының алғашқы күндерінде түптену кезеңінде байқалды. Жаздық бидайда септориоз ауруының алғашқы дамуы маусым айының екінші онкүндігінде байқалды(12.06-1806). Қостанай, Қарағанды облыстарында дақтануы 22-26 маусым аралығында тіркелген. Маусым айының екінші жартысында жергілкті жерлерде жауын-шашынның түсімі болмауы, ауа – райының жоғарлауы 27-30С, аурудың инфекциясының тез таралмауына әсерін тигізді. Арпаның 110,3 мың га. зерттеліп (Ақмола), залалданғаны - 74,9 мың га.болып, тексерілген көлемінінің -67,9 пайызың құраса, қарқынды дамуы -0,5-45%, таралуы 4-100%. Сұлыда септориоз ауруының таралуы 3-100%, дамуы 1,3-39 % құрады. Тамыз айының екінші жартысында септориоз қоздырғышы пикнида түрінде, ал қыркүйек айының бірінші жартысында егін қалдығында және жабайы астық тұқымдастарында кездесті. Өсу кезеңінің аяғында аурудың даму қарқындылығы – 0,2-75%, таралуы – 0,4-100% құрады.

Шығыс аймағының көптеген аудандарда ауа райының жоғары болуы, жауын шашынның болмауы өсу кезеңінде септориоз ауруының дамуын тежеп, жауын-шашынның түсімінен кейін ауру жаздық дақылдарда байқала бастады. Таралуы 3-5,5%, қарқынды дамуы 0,7-13% ауытқып отырды.

Атырау облысында аурудың бастамасы маусым айының бірінші онкүндігінде жаздық бидайда түтіктену-масақтану кезеңінде тіркелген. Аурудың таралуы – 1,3-10%, қарқынды дамуы – 0,3-2,7%.

Маусым айының екінші онкүндігінен кейін ауа райының құрғақ, ыстық болуы және фунгицидтермен химиялық жұмыстар жүргізілу нәтижесінде аурудың әрі қарай таралуын тежеді. Дәнді дақылдардың өнім жинау кезеңінде септориоз ауруының өсіунің таралуы байқалмай, дамуы 5-15 пайыздан аспады.

Өсу кезеңінде септориоз ауруының кең таралуына байланысты және өсімдік қалдықтарында инфекция қорының мол болуы, 2009 жылы септориоздың зияндылығының төмендеуі күтілмейді





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 845 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...