Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Корневая гниль



Бұл ауру Қазақстанның барлық көлемінде таралды. Өткен жылдағыдай, әсіресе Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында, дамуы әлсізден орташа дәрежеге дейін аралықта болды. Зерттеу кезінде 647,3 мың га немесе зерттелген көлемнің 0,02-6,4 % залалданғаны анықталды.

Аурудың алғашқы белгілері Оңтүстік өңірде сәуір айының бірінші онкүндігінде күздік бидай егістіктерінде белгілі болды. Сүттену-балауыздану кезеңінде тамыр шірігі ауруының дамуы 0,02-6,4 % болды.

Тамыр шірігі ауруы Шығыс Қазақстан облысының шалғындық-таубөктерлі аймақтарында күздік дақылдардың түптену кезеңінде белгілі болды. Аурудың дамуына ауа-райы жағдайлары, толығымен дәріленбеген тұқым маиериалы және ауыспалы егістердің ережелері сақталмағандығы себеп болды. Тамыр шірігі таралуы барлық жерде тегіс өткен жоқ, ошақты түрде (очаговый) басым болып, көбіне ылғал сақталып қалатын сайлы аумақтарда жақсы таралды.

Мамырдың екінші онкүндігінен бастап жаздық дәнді дақылдардың зақымдалуы байқала бастады. Бидай мен арпа дақылдарында, негізінен, тамыр шірігінің гельминтоспориозды түрі басым болды. Өсімдіктерде көктеу кезеңінің басында колеоптиль мен алғашқы тамыршаларының бурылдануы байқалды.

Солтүстік облыстарда тамыр шірігінің таралуы өскін-түптену кезеңінде (всходы-кущение): бидайда-0,03-28,8 %, арпада 0,2-33,3 %, сұлыда 1-10,1 % болды. Сүттену-балауыздану кезеңінде ауру өсімдіктерде сабақ түбінде бурыл сызықтар мен дақтар байқалды.

Егін жинау науқаны алдында аурудың таралуы 0,01-90 % болды, зақымдалған өсімдіктердің ең жоғарғы деңгейі агрофоны төмен, дәріленбеген тұқымдар себілген монокультура егілген егістіктерде байқалды. Осындай учаскелерде өсімдіктердің өсуінің тежелуі, масақтардың әлсіз дамуы тұқымның семуі тіркелді.

Дәнді дақылдар егістіктерінде тамыр шірігінің таралуының және дамуының деңгейін төмендету мақсатында тұқымдық материалды міндетті түрде дәрілеуден (протравление) өткізу және толық көлемде агротехникалық шараларды жүргізу қажет. Сонымен қатар, аурудың даму деңгейі ауа-райы жағдайларымен тікелей байланысты болады. Алдымыздағы жылы 1619,4 мың тонна тұқымды дәрілеу жоспарланып отыр.


№34 кесте

Бидайда тамыр шірігі ауруының таралуы туралы мәліметі (өскін-түптеу кезеңі)

(мың га есебімен )

Облыс атауы Зерттелгені З А Л А Л Д А Н Д Ы
барлығы Оның ішінде ЭЗШ-дан жоғары Таралуы, % Дамуы, %
әлсіз орташа жоғары
Ақмола 81,49 34,77 34,77       0,8-28,8 0,1-16,0
Ақтөбе 8,9 0,4 0,4       0,5-0,8 1,6-2,1
Алматы 16,83 1,01 1,01       1,0-17,0 1,0-5,5
Ш. Қазақстан 8,3 2,03 2,03       0,4-14,8 0,003-2,8
Жамбыл 20,29 0,34 0,34       0,03-15,0 0,001-0,15
Б. Қазақстан 20,5 5,6 5,6       1,6 0,3
Қарағанды 6,2 0,5 0,5       1,0-2,0 0,5
Қостанай 14,77 3,6 3,6       2,0-15,0 1,0-12,0
Қызылорда 1,05 0,11 0,11       1,2-4,6 1,0-1,2
Павлодар 2,42 0,82 0,82       7,8-11,5 2,3-3,0
С. Қазақстан 34,0 7,5 7,5       0,9-9,4 0,1-3,0
О. Қазақстан 44,7 0,1 0,1       3,0-4,0 3,0-4,0
ЖИНАҒЫ: 259,49 56,78 56,78       0,03-28,8 0,001-16,0

№35 кесте

Бидайда тамыр шірігінің таралуы туралы мәліметі (сүттену-балауызданып пісу кезеңі)

(мың га есебімен )

Облыс атауы Зерттелгені З А Л А Л Д А Н Д Ы
барлығы Оның ішінде ЭЗШ-дан жоғары Таралуы, % Дамуы, %
әлсіз орташа жоғары
Ақмола 516,95 364,2 336,85 27,37   245,27 0,8-90,0 0,07-36,0
Ақтөбе 76,9 9,8 6,9 2,9     0,06-0,6 2,7-7,6
Алматы 27,28 0,31 0,29 0,02     2-12 0,02-6,4
Ш. Қазақстан 76,25 7,1 7,1       0,79-11,0 0,01-8,3
Жамбыл 18,04 0,03 0,03       12,5 0,14
Б. Қазақстан 24,0 10,9 10,9       0,15-25,0 0,04-3,5
Қарағанды 157,45 127,7 15,8 1,9     0,01-5,3 0,001-2,3
Қостанай 666,52 127,63 101,95 25,68   25,68 1,0-44,5 0,1-52,5
Қызылорда 3,53 0,3 0,3       0,7-4,7 0,1-1,3
Павлодар 12,05 5,23 5,23       1-15 0,03-6,0
С. Қазақстан 299,9 104,1 102,0 2,1     2,8-54,0 1,0-23,0
ЖИНАҒЫ: 1878,87 647,3 587,35 59,95   270,95 0,01-90,0 0,001-52,5

№36 кесте

Арпада тамыр шірігінің таралуы туралы мәліметі (өскін-түптеу кезеңі)

(мың га есебімен )

Облыс атауы Зерттелгені З А Л А Л Д А Н Д Ы
барлығы Оның ішінде ЭЗШ-дан жоғары Таралуы, % Дамуы, %
әлсіз орташа жоғары
Ақмола 8,6 5,75 5,75       4,0-28,0 0,6-14,0
Ақтөбе 0,3              
Алматы 11,41 0,45 0,45       1-10 0,7-5,0
Атырау 0,03              
Ш. Қазақстан 1,3 0,95 0,95       0,2-33,3 0,002-2,5
Қостанай 2,44              
Павлодар 1,59 0,2 0,2       7,5 2,7
ЖИНАҒЫ: 25,67 7,35 7,35       0,2-33,3 0,002-14,0

№37 кесте

Арпада тамыр шірігінің таралуы туралы мәліметі (сүттену-балауызданып пісу кезеңі)

(мың га есебімен )





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 963 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...