Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы



1.Аудиторлық тәуекелділік.

2. Маңызды бұрмалаушылықтардың тәуекелділігі.

3. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттepi және олардың өзара байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.

Кез келген қызметте тәуекелділік болады. Экономикалық субъект ушін тәуекелділік – бұл нарық конъюктурасының өзгеруі (мысалы, тұтынушылардың өзгерген талғамы), серіктестер тарапынан тәртіп бұзушылық, сыртқы факторлар әрекеті. Аудиторлық тәуекелділік кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне қатысты дұрыс емес пікірдің қалыптасуында болып табылады.

Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаоанушының күтуі және бизнесті жүргізу практикасы аудиторлық процедураны «қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындыққа сәйкес келмейді» деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындауын талап етеді.

Аудиторлық тексеру кезінде айтылған пікір пайдаланушы үшін кәсіби стандарт сақталады, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.

Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің кіші деңгейін анықтаса, бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдік тәуекелділік жүз пайыздық тәуекел абсолютті сенімсіздік абсолютті сенімділікті білдірер еді. Тәуекелділік дәрежесі нольмен бірлік (0-ден 100%дейін) арасындағы диапозонда ауытқуы мүмкін,бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлдігінің толық кепәлдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әрқайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудит аяқталғаннан кейін де елеулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелділік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып,аудиторлық тәуекелділік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгенрте алады.

400 «Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау» ХАС-ында тәуекелділікке анықтама берілген (46) «Аудиторлық тәуекелділік – қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді». Аудиторлық тәуекелділіктің үш компоненті бар:

1. Бөліндейтін тәуекелділік

2. Бақылау тәуекелдігі

3. Айқындамау тәуекелдігі





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2988 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...