Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ішкі бақылау болуы туралы ақпаратты алу көздері



Ішкі бақылау болуын анықтау әдістері Ақпарат көздері
Алдыңғы аудит материалдарын зерттеу Аудитордың жұмыс дәптері
Клиент дайындаған дүйенің құжатты көрінісі Есепке алу саясаты, шоттардың жұмыс жоспары, лауазымдық нұсқаулар, ұйымдастырушылық схема
Клиент персоналына сұрақ сауал қою Ішкі бақылауды бағалау қағазы
Операцияларды бақылау (өтпелі тексерулер) Блок схемалар

Алдыңғы аудит материалдарын зерттеу. Аудиторлық құжаттар аудиттің соңғы күніндегі жүйе жұмысын сипаттауды сақтауы керек. Бұл аудиттің бірінші күніне қатысты болмайды. Егер елеулі өзгерістер болса, соңғы мәліметтерді ғана енгізуі керек. Себебеі жүйені тексеру бұл негізі көлемі жаңа клиентке бірінші аудиторлық тексеру жүргізу кезінде орындалатын жұмыс. Бұл ақпаратты алдыңғы тексеру кезінде құрылған жұмыс құжаттарын алуға болады.

Клиент дайындаған жүйенің құжатты көрінісі.

Көптеген, әсіресе ірі клиенттерде есепке алу саясаты, лауазымдық нұсқалар, ұйымдық схемалар, шаруашылық опернацияларының картотекалары және басқалары бар. Олар ақпараттың құнды көздері болып табылады.

Лауазымдық нұсқаларды орындау міндеті анық және дәл анықтауды және әр лауазым үшін жауапкершілікті (қаржылық директор, менеджер, диспетчерлік қызмет және т.б.) іске асыруға көмектеседі. Сондықтан аудиторға саясатты орнататындар (әрекет желісі) және оны қолдайтын және бекітетіндер үшін билік пен өкілеттік дәрежесін анықтау, сонымен бірге саясат пен процедура беделі қалай қамтамасыз етілетінін бағалау қажет.

Есепке алу саясаты ішкі және сыртқы бухгалтерлік есеп тараптарына жауап беретін бухгалтерлік есеп жүйесі тиімділігін қамтамсыз етуі керек. Мұндай жүйе әкімшілікке кәсіпорындв басқаруды іске асыруды қажет жеткілікті, дәл және уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етіп, сыртқы жақтарға (инвесторға, несие берушілерге, салықтық және басқа органдарға) қажетті ақпаратты алуда кепілдік береді.

Ұйымдық схема бұл жеке адамның командада қалай жұмыс істейтінін және есеп берудің түрлері мен олардың арасындағы міндетін бөлудің қандай байланыстары бар екенін көрсету үшін ыңғайлы тәсілі. Ол кім кімнің емес қатынастар мен есептеменің толық процедурасын көрсетпецді. Сондықтан ол басқа әдістерді алмастыра алмайды, бірақ басқа құжаттарды толықтырады.

Клиент персоналына сұрақ қою. ІБЖ тексерудің сан алуан кезеңдерінде аудитор клиент қызметкерлерімен әңгімелесу және олар өз міндеттерін қалай орындайтынын білу қажеттіліг туады. Бақылау болуын көрсету үшін аудиторлар бақылау қағаздарын толықтырады.

Операцияларды бақылау (өтпелі тексерулер). Бір операцияның біріізділігін түсіну үшін бірнеше тән операцияларды бақылау пайдалы болады. Бұл процедура үшін блок схемаларды пайдалану пайдалы оны кейде технологиялық диаграмма деп атайды. Блок схема бұл шаруашылық операцияның, бухгалтерлік есептің барлық жүйесі бойынша өтетінін көрсететін диаграмма нысанындағы бухгалтерлік есеп жүйесінің көрінісі. Оны пайдаланудың бірқатар ерекшеліктері:

· Жүйе ішіндегі құжаттар қозғалысын көрнекті түрде көрсетеді және осы жүйе бөлігі ретінде жүргізілетін процедуралар және тексерулермен сол қозғалыстар арасындағы байланысты аудиторға көруге мүмкіндік береді;

· Құжаттар қозғалысы дұрыс дайындалса, онда барлық құжаттар қозғалысының көздері мен соңғы пунктерін нақты көруге болатындай етіп, көрсетуге болады;

· Кәсіпорынды бақылау жүйесіндегі, әлсіз орындарды бөліп көрсетуге көмектеседі;

· Аудиторлық тестердің бухгалтерлік есеп жүйесіндегі кемшіліктерге нақты бағытталуға көмектеседі.

Блок схемада шаруашылық операцияның алғашқы құжаттарда тіркелуінен Басты кітапқа шоттарды енгізуге дейінгі құжаттаманың енуі мен шығуын ашық көрсету жеткілікті. Бұл қателерді табу, яғни мұқият бақылау жүргізу қажет учаскелерді анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жүйенің блок схемасын дайындауды қызметкерлер жасауы қажет бухгалтерлік есеп процедурасын талап етеді. Олардың міндеті бақылау жүйесінің нақты бөлімінде жүргізілген құжаттар, тексерулер мен операциялар қозғалысын схемада көрсету.

Ол жүйені диаграмма түрінде көрсететіндіктен, басқа сипаттаушы нысандрмен салыстырғанда оны түсіну, ішкі бақылау кемшіліктері мен тиімсіздігін анықтауда тиімді болып табылады. Ол тұрақты көрініс береді және оны соңғы мәліметтермен толықтыру оңай. Ол сонымен қатар тез тәуелсіз тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді. Блок схеманың кемшілігі оны құрудың еңбек сыйымдылығы мен шағын жүйедегі қолдануының тиімсіздігі.

Блок схеманың ішкі бақылауын бағалау кезінде пайдалы болу үшін әр құжат операцияның бірізділігін, сонымен бірге персонал міндетін бөлуді және әр операцияға кім жауап беретіндігін бөліп көрсету керек.

Блок схеманы құру кезінде құжаттар, операциялар мен жүргізілген тексерулердің символдық белгісі пайдаланылады.

Ішкі бақылаудың бағалау қағазы клиентке ішкі бақылаудың қажетті жүйесі бар жоқтығын анықтау үшін дайындалады. Тексеру алаяқтылық пен қателер фактылары пайда болуы мүмкін сфераларды анықтайтын бақылаушы сұрақтар мен клиент жұмысының негізгі кезеңдері арқылы іске асырылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1465 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...