Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бақылау және аудит



1. Бақылаудың, мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысы.

2.Ішкі бақылаудың элементтерінің құрыльмы.

3.Тексеружургізу шарттары.

4.Жүйенің құжаттык рәсімделуі

Барлық тексерулер кезінде аудитор ішкі бақылаудың әр элементінен аудитті жоспарлауға жеткілікті мәлімет алуы қажет.

Ішкі бақылау жүйесінің элементтері келесідей байланыста қарастырылуы керек:

· Шаруашылықты жүргізуші субъект көлемі;

· Субъект бизнесінің мәні;

· Қызмет құрылымының қиыншылығы;

· Субъектінің ақпаратты беру, өңдеу, сақтау және бағалау үшін пайдаланылатын әдісі;

· Субъектінің қаржы шаруашылық қызметін реттеуші заңдық және нормативтік базалар.

Үлкен ұйымға тиімді болатын аудиторлық жол шағын бизнес клиентіне әрқашан жарай бермейді және соңғының көлеміне көңіл бөлмеу артық тексеруге әкеледі. Аудит стратегиясына әсер етуі мүмкін шағын бизнестің басты ерекшеліктері:

Ø Бақылауды бір немесе бірнеше адамға шоғырландыру;

Ø Бақылау жүйесіндегі міндеттерді шекті бөлу.

Сондықтан жұмыс көлемінің көп бөлігінде аудит стратегиясы тұтас тексеру әдістерін көздеуі керек. Осындай жолды пайдалану кезінде аудитолр пікірі мен қаржылық есептеме үшін бақылау тестері комбинациясы емес, мән бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінде алынған дәлелдеме негіз болып табылады.

Ішкі бақылау жүйесін құжаттандыру. 400 “Тәуекелдікті бағалау мен ішкі бақылау” ХАСында бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесін түсіну жеткілікті баяндалады. “Аудитті жоспарлауға қажетті бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсіну процессінде аудитор осы жүйелер құрылымы мен олардың қызмет етуі туралы білім алды ”. мысалы, аудитор “өтпелі” тесті жүргізе алады, басқаша айтқанда, ол бірнеше операцияларды бухгалтерлік есептің барлық жүйесі арқылы көрсетеді. Бақылау мақсаты – шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен заңдылығын қамтамасыз ету және бұл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өңдеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дұрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-ң негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.

Ішкі бақылауды талдау кезіндегі аудитор мақсаты оған деген сенімді дәрежесін орнату болып табылады. Бұл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.

Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты - оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бұл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей, аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеу қажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-нің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың ақпараттың елеулі қателері мен бұрмалауларының тексетілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтималдылығын салыстырмалы төмен деігейге дейін төмендетпейтіндігін және бұл қателерді субъетк персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба алмайтындығын хабарлауы керек.

Әдетте, аудитті жүргізу үшін елеулі болып табылатын бухгалтерлік есеп пен ішкі аудит жүйелерін түсінуге аудитор субъект пен жұмыстың алдыңғы тәжірибесі негізінде қол жеткізеді және ол толықтырылады:

a) Клиенттің процедуралар бойынша нұсқаулар, функционалды міндеттер мен блок схемаларды суреттеу сияқты құжаттамасына сілтеу жасаумен қатар субъект басшылығына сәйкес мүшелері, орта басшы буыны және субъектінің ұйымдық құрылымының түрлі деңгейлерінің басқа қызметкерлеріне сұрақ сауал қоюмен;

b) Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелері шеңберінде жасалатын құжаттар мен жазбаларды тексерумен;

c) Субъект қызметі мен қызмет етуін бақылау, субъектінің басшылық құрамы және оның ігінде операцияны өңдеу саясатымен компьютерлік операцияларды ұйымдастыруды бақылау.

Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуімен толық танысу үшін аудиторлар жоғарыда аталған құжаттарды ғана емес, шаруашылықтың операцияларының ұйымдық схемалары, картотекаларын зерттейді.

Аудиторлар тексеру масштабында қателер пайда болатын нүктелерді анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын ақпарат ағынының көлемін ғана құжаттандыруы керек. Аса көп құжаттама тексеруді іске асырушы аудиторды жаңылдыруы мүмкін.

Ішкі бақылау жүйесі мен оның көрінісінің болуын анықтаудың түрлі әдістерін аудитор жұмыс құжаттарында жинақтай алады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2257 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...