Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ішкі бақылауды бағалау қағаздары



Ұйымы:Эдельвейс ЖШС ұйымы
Тексеру объектісі:Материалды сатып алу
Тексеру кезеңі: «___»____________200_ж.

Дайындады: Ф.А-ж. Тексерді: Ф.А-ж.

Күні: Күні:

Мазмұны Түсін дірмелер сілтемелер
1. Материалдар шарттар, тапсырыстар негізінде сатып алынады    
2. Сатып алынатын материалдарға ақы төлеуге басшының рұқсаты бар    
3. Сатып алу төленуге тиісті шоттарды алудан және материалдарды есеп регистрлеріне жазудан бөлек жүргізіледі    
4. Сатып алуды тіркеу кітабы жүргізіледі    
5. Барлық материалдар қоймаға тікелей түсе ме?    
6. Нақты сатып алынғандар жоспармен салыстырылады жабдықтау шартына сай    
7. Шот фактуралар тексеріледі және алынған материалдарды есепке алу жазбаларымен қиылыстырыла салыстырылады    
8. Материалдар қажетті құжаттар негізінде сапа мен санға тексеріледі    
9. Қойма мен өндірісте материалдардың есебі жүргізіледі    
10. Қабылдау актісі тәуелсіз дайындала ма?    
11. Материалдардың қайтарылуы бақылана ма?    
12. сатып алуды орындау мерзімінің сақталуы бақылана ма?    
13. Материалдарды алу сәтінен бастап шот фактураны өңдегенге дейінгі уақыт аралығы шектеулі ме?    
14. орындалмаған міндеттемелердің орындалу мерзімін тұрақты бақылау жүзеге асырыла ма?    
15. Жабдықтаушылармен есеп айырусыларды салыстыру актілері тұрақты жасалынады    
16. Кредиторлық борыштарға талдау тұрақты жасалынады және олар уақытында өтеледі.    

Бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

- Бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімді жүйесін қам-тамасыз ету үшін олар жеткілікті ме;

- Олар қаржылық есеп берудің бүрмалануын минимумға жеткізуге көмектесе ме?

Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Бақылау ортасы келесідей компоненттерден түрады:

- экономикалық субъектіні баскару стилі;

- экономикалық субъекгінің ұйымдық кұрылымы;,

— қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

— бақылаушы қызмет және ішкі аудит;

— кадрлық саясат.

Бақылау күралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар (әдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау күралдарының ең көп тараған түрлеріне жатады:

мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес' шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;

— басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;

— бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;

— есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;

— құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжаттарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, кұжаттарды. кітапша ету, сақтау және архивке қою; сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану; шаруашылық субъектілері активтеріне рүқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;

— субъектінің каржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау. Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен зандылығын қамтамасыз ету және бүл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өңдеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дүрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.

Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіңдегі аудитор мақсаты оған" деген сенім дәрежесін орнату болып табылады. Бүл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.

Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты — оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бүл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей,' аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. ¥сынылған үсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің қажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бүрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтимаддылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бүл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба. алмайтындығын хабарлауы керек.

Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі. Алынған дәлелдеулердің сенімділігі ішкі бақылау жұмысының сапасына тікелей байланысты.

Құжаттарға жасалынған талдаулардың және берілген сұрауларға жасалынған бақылаулардың нәтижелері, ішкі бақылау құрылымдарының іс-шаралары мен процедураларының тиімділігі жөнінде жеткілікті дәлелдеулер алуға мүмкіндік береді.

Мұндай тексерулер жүргізілген іс-шаралардың немесе процедуралардың ерекшеліктері, оларды қолданудың тұрақтылығы және ол процедуралардың өткізілуіне жауапты тұлғалар туралы дәлелдеулер алуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Бірақ, кейбір жағдайларда жұмыстың тиімділігін салыстыру үшін мәліметтер алу мақсатында аудитор да сондай жұмысты жүргізе алады.Егер аудитор ішкі бақылуадың іс шаралары немесе процедуралары едәуір маңыздырақ болғандықтан олардың тиімділігі жөнінде қосымша дәлелдеулер алу талап етіледі деп есептейтін болса, онда қосымша тексеру жүргізу керек. Әдетте, аудитор бақылау жолымен тікелей алған дәлелдеулер сұрау беру арқылы алынған жанама дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек. Мысадлы, ішкі бақылаудың пайыздық ставкалар бойынша мәліметтерді толықтыруға бағытталған банктік процедурасы үлкен маңызға ие болуы мүмкін.

Мұндай кезде аудитордың ол процедураларды бірнеше рет жүргізу ықыласы туындауы мүмкін. Егер бақылау процедурасын интенсивті жүргізу қажеттілігі туындайтын болса, аудитор тексеру көлемін азайтуға бағытталған бақылау құралының пайдалылығы жөнінде шешім қабылдауға тиісті.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1739 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...