Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны



Алматы экономика және статистика академиясы

Есеп және аудит» кафедрасы

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Аудит» пәні бойынша

5В05080 «Есеп және аудит» мамандығы

Алматы 2013г.

Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны.

  1. Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны.
  2. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері.
  3. Аудит функциялары мен объектілері, пәні.
  4. Қаржылық есептілік - аудиттің ақпараттық базасы.

Тәуелсіз бухгалтер-аудитор кәсібі өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамдарында пайда болған. Мұның өзі акционерлік қоғамның есептілігіне объективті баға беру, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты болды. Мұндай объективті мәліметтерді кәсіпкерге тәуелсіз маман ғана бере алады.

Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі сөзбен –сөз «ол естиді» дегенді білдіреді. Бастапқыда ол «тыңдаушы»деген сөзді,яғни бір нәрсені тыңдап отырған адамды білдірді. Содан аудармасында тыңдаушы дегенді білдіретін аудитор сөз туындаған.

Орта ғасырдағы Еуропада сауатты және жаза білетін адамдар өте сирек кездескен,сондықтан лауазымды адамдардың есептерін тыңдауға тиіс қызметшіні аудитор деп атап кеткен.

Сол замандағы адамдар ауызша нысандағы есеп тіпті жазбаша есептен де жақсы деп шынымен де пайымдаған,өйткені кез келген құжатты жасауға болады, ал саған бастық-аудитордың қатал көздеріне қарап тұрғанда өтірік айту мүмкін емес немесе ең болмаса,едәуір күрделі болады деп шешкен.

Аудит пен аудиторлық қызметтің әрекеті мен дамуы әр жеке мемлекетте қалыптасқан экономиканың деңгейі мен тұрақтылығына байланысты жүзеге асты. Мәселен Ұлыбританияда бухгалтер-аудиторлар шамамен ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды,ал мұнда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы, Францияда 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы шықты. Ресейде аудитор лауазымы алдымен мүліктік сипаттағы белгілі даулар мен сотты шиеленістерді аудиторлардың есептік-ревизиялық және заңдық тұрғыдан шешуі міндетімен 1 Петр әскер мен флот үшін енгізген болатын (XVIII ғ. басында). Бірақ олар шағын жеке фирмалар емес,Ресейдің әскери жене теңіз министрліктері жанындағы жоғары ревизиялық әскери соттар мен тергеушілер болды,олардың қызмет ауқымы Батыстағы жай шағын аудиторларлық фирмаларға қарағанда едәуір кең болды.

Әр елде аудитті ұйымдастырудың өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады,алайда бүкіл әлемдегі аудиторлар тұтастай алғанда сипаты бойынша шамамен бірдей жұмыстарды орындайды.

Ұлттық дәстүрлер,сондай-ақ аудиторлардың қоғамдық ұйымдары аудиторлық қызметтің аяқталуы мен дамуында өте үлкен рөл атқарады. Мәселен, АҚШ-та аудиттің дамуына Америкалық ант берген бухгалтерлер институты (AICPA) үлкен ықпалын тигізді.

Аудит бізге де таңсық болды деуге болмайды.Керісінше,шетелдік есептілік-талдау практикасына қызығушылық білдірген бухгалтерлік есеп жөніндегі мамандар аудиторлық қызмет сияқты құбылыс туралы білген. АҚШ-ғы аудиторлық фирмалардың орындайтын қызметтерін зерттей келіп,олар бұл қызмет туралы идеяның өзіне ерекше назар аудару керек екенін және оны қолдану есеп пен өндірісті, басқаруды жетілдіру ісінде үлкен экономикалық және ұйымдастырушылық әсер беретінін жазды.

Қазақстанда аудит пен аудиторлық қызмет 90-шы жылдардың басында,яғни меншіктің көпжақты нысандарының әрекет етуіне және халық шаруашылығының салаларында нарықтық экономиканың дамуына байланысты қалыптаса бастады.

Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бухгалтерлерге кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің,бухгалтерлік есеп пен есептілікті,салық салуды жолға қоюдың,өнімнің (жұмыстың,қызметтің) өзіндік құнын қалыптастыру тәртібінің құқықтық мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттар ағыны келе бастады. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға жиі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі(әсіресе бухгалтерлік есепті жүргізу мен салық салу бөлігінде),олар түрлі себептерге байланысты салық төлеушілердің назарына жете бермейді. Сондықтан да нормативтік құжаттардың кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне қатысты талаптарын сақтауда тәртіп бұзушылықтар- орын ала бастады. Қайсыбір заң актілерін кәсіпорындардың дұрыс қолдануына көмек көрсету міндеттері жүктелген органдардың өздері де санының аздығы мен жүктелген міндеттердің көптілігіне байланысты мұндай жұмысқа әзір емес болып шықты.

Осыған байланысты кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттік емес бақылаудың жаңа нысандарын құру қажеттілігі туындады,ол кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп пен есептілікті жақсарту,олардың коммерциялық қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатымен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар беруді қамтып еді. Яғни аудитордың қызметіне деген қажеттілік кәсіпорындарды тікелей басқарумен айналысушылардың (әкімшілік,менеджерлер),оның қызметіне қаражат салушылардың (меншік иелері,акционерлер, инвесторлар), сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпараттарды тұтынушы ретінде мемлекеттің мүдделерінің оқшаулануына байланысты туындады.

Шынайы ақпараттың қолда бар болуы капитал нарығының қызмет тиімділігін жоғарылатуға жағдай жасайды және экономикалық шешімдерді қабылдаудың салдарынан бағалауға және болжауға мүмкіндік береді. Аудиторлық қызметті тіпті ол міндетті болып табылмайтын жағдайларда жүргізу сөзсіз, маңызды болып табылады.

Соңғы кездері кейбір кәсіпорындардың басшыларында қалыптасқан пікір бойынша аудиторлық тексеру-бұл салық және басқа да мемлекеттік бақылау органдары ұйыдардың шаруашылық қызметіне жүргізетін сол баяғы ревизия. Ал шындығында,салық тексеруі мен аудиторлық тексеру-мүлдем әртүрлі заттар. Егер біріншісі салықтардың есептелу дұрыстығын тексеруді және қателіктер жіберілген жағдайда қаржылық санкциялар салуды өзінің негізгі міндеті етіп қойса,аудиторлық тексерудің мақсаттары басқа болып келеді.

Аудитор ұйымдағы есеп пен есептіліктің жай-күйін зерттейді, қателіктерді анықтайды,оларды жою жөнінде ұсыныстар жасайды,тіпті кейде оларды түзетуге көмектеседі және түптеп келгенде,бухгалтерлік есептіліктің дұрыстығы туралы өзінің кәсіби пікірін білдіреді.

Біздің еліміздің аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор ықпал етті.

Акционетлік қоғам КСРО мен шет елдерде әрекет ететін бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық және кеңес беру қызметі болып табылатын заңды тұлға еді. КСРО Министрлер Кеңесі «Инаудит» фирмасына кең құқықтар берді. Оның ішіндк:

· Бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жасау және тексеру жүргізу;

· Бухгалтерлік кітаптар, есептер, жоспарлар, сметалар мен басқа құжаттарды қолда бар ақша сомалары мен құнды қағаздарды, қолда бар материялдық құндылықтарды дұрыс жасалуын тексеру;

· КСРО Мемлекеттік банкінің мекемелері мен басқа несие мекемелерінен қажетті ұйымдар мен кәсіпорындар операцияларына анықтамалар, құжаттар көшірмесін алу;

· Кәсіп орындармен ұйымдардың есеп беру құжаттамасы мен басқа құжаттаманы алу;

· КСРО мен шет елдерде «Инаудит» фирмасының жарғысын, балансын, пайдалар мен зияндар шоттарын, сонымен қатар оның қызметі туралы басқа материяалдарды жариялау.

Шаруашылық есептегі ревизиялық тортармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылар одақ министрліктері болды.

Бірегей құрылым ретінде «Инаудит» сақтамалы, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларға бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды.

1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммертциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. 1989 жылы ҚазССР –ының Қаржы министрлігінде бақылау ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылған. Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты «Қазақстан-аудит» тәуелсіз акционерлік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.

Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен оның кең танымал болуына «Қазақстан-аудиттың» сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның министрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.

Көрсетілген фирманың құрылтайшы құжаттарында көзделген:

· Қаржылық есептеменің нақтылығы мен шындығын дәлелдеу мақсатында кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандар мен меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу.

· Бухгалтерлік есеп, салық салу және т.б. қамтитын қаржылық, құқықтық, шаруашылық және коммерциялық қызметтердің түрлі мәселелері бойынша кеңес беру.

Сонымен, алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарын-ақ, артына «ҚР аудиторлық қызмет туралы» заңда көрініс тапқан пен оның мақсаттары берілді.

1990 жылдан бастап рынокта «Эрнест энд Янг Сыртқы аудит» БК пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштер бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізу. Бұл сол кезде «Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.

Қазір қазақстан аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 05.04.2001 жылғы №173 «Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы» бұйрығымен (10) жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредитік рейтингті ҚР Үкіметінің 2001жылғы 28-ақпанындағы №290 «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (ұлттық компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына (11) сәйкес дәлелдеу мақсатында «ПрайсуатерхаусКуперс», «КПМГ Жанат» ЖШС, «ЭрнестЭндЯнг» ЖШС, «ВДО Қазақстанаудит»ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген.

Бүкіл әлемдегі өзін сыйлай білетін коммерциялық ұйымдар өздерінің есептіліктерін міндетті түрде аудитордың қорытындысымен растайды.Сөйтіп олар есептілікті әлеуетті пайдаланушылардың-құрылтайшылардың, инвесторлардың, кредиторлардың,банктердің сатып алушылардың, жеткізушілердің және т.б. өздеріне деген сенімін арттыра түседі.

Меншік иелері,әсіресе бүкіл ұжымдық меншік иелері-акционерлер, пайшылар, сондай-ақ кредиторлар кәсіпорынның көптеген және өте күрделі операцияларының барлығы есептілікте заңды және дұрыс көрсетілгеніне өз бетінше көз жеткізуге мүмкіндігі жоқ,өйткені олардың әдетте есептік жазуларға рұқсаты және тиісті тәжірибесі жоқ,сондықтан аудиторлардың қызметтерін қажетсінеді.

Кәсіпорындардың қызмет нәтижелері және олардың заңдарды сақтауы туралы ақпаратты тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында шешімдер қабылдауы үшін қажет.

Аудиторлық тексерулер оларды қызықтырып отырған қаржы есептілігінің дұрыстығын, растау үшін мемлекеттік органдарға,судьяларға прокурорлар мен тергеушілерге де қажет.

Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар,қаржы есептілігін аудиттеуден басқа өз қызметінің профилі мынандай қызметтерді көрсете алады:

- бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру,қалпына келтіру және жүргізу,қаржы және статистика есептіліктерін жасау;

- салықты жоспарлау,бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептен шығару,салық декларацияларын толтыру;

- қаржы-шаруашылық қызметтеріне талдау жасау;

- қаржылық,салықтық,банктік және өзге де шарушылық заңдарының мәселелері бойынша консультация беру және ақпараттық қызмет көрсету;

- қосымша кәсіби білім ретінде бухгалтерлік есепке,аудитке және қаржы-шаруашылық қызметін талдауға оқыту;

- оқытушылық,ғылими қызмет;

- бухгалтерлік есепті автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жасау,еспті автоматтандырылған түрде жүргізуге оқыту;

- ғылыми әзірлеме,бухгалтерлік есеп,салық салу,шаруашылық құқық бойынша әдістемелік оқулықтар,ұсыныстар шығару;

- бизнесті бағалау

- бағалау қызметі

- бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;

- адвокаттық қызметпен байланысы жоқ заңдық қызметтер көрсету.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтердің жекеленген түрлерін көрсету тиісті лицензиялар алуды талап етеді, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар мұндай лицензиясыз ол қызметтерді көрсетуге құқылы емес:

1.Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

2.Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тиым салынады.

Яғни лицензияның болуы аудитті жүргізуге қойылатын бірегей талап болып табылады.

Тағы бір міндетті шарт аудитордың тәуелсіздігі болып табылады.

Аудитордың тәуелсіздігі:

- шаруашылық жүргізуші субъектінің аудиторды (аудиторлық ұйымды) еркін таңдауымен;

- аудитор (аудиторлық фирма) мен клиент арасындағы шарттық қатынастармен,мұның өзі аудитордың өз клиентін еркін таңдауына және қандай да бір мемлекеттік органдардың нұсқауынан тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.

- клиентке белгілі болған кемшіліктерін жойғанға дейін аудиторлық қорытындыны беруден бас тарту мүмкіндігімен;

- клиентпен туыстық немесе іскерлік қатынастар болған кезде аудиторлық қызмет бойынша шарттық қатынастардан астам болатын аудиторлық тексерудің мүмкін еместігімен;

- аудиторлар мен аудиторлық фирмаларға аудиторлық,консультациялық және заңдармен рұқсат етілген басқа қызметтермен байланысты шаруашылық коммерциялық және қаржылық қызметтермен айналысуға тиым салумен белгіленеді.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аудиторлық қызметті реттейтін заңды: Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1993 жылғы 18 қазандағы Заңын қабылдады. Бұл заң аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгіледі,нарықтық жүйеде тәуелсіз бақылауды қалыптастыруға және одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. Осы заңның қабылдауына байланысты біздің елдегі аудиторлық қызмет саласында елеулі өзгерістер бола бастады,аудиторлық ұйымдар құрылып, табысты жұмыс істей бастады,аудиттың нормативтік-құқықтық негізі жасала бастады. Бір сөзбен айтқанда,ол аудитті ендіру мен дамыту ісіне өзінің оң ықпалын тигізді.

1998 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңға қол қойылды.Бұл заң отандық аудиттің дамуындағы жаңа сатыны ашып берді. Оның қабылдануына байланысты Қазақстандағы аудиторлық қызмет жаңа сапалық деңгейге өтті. Ол неғұрлым дербеc, үшінші жақтар мен мемлекеттік органдардан тәуелсіз болып келеді. Аудиторлар үшін халықаралық нормалар мен стандарттарға өту,халықаралық институттармен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты күшейту ісінде жаңа мүмкіндіктер ашады.

3.Аудит орындайтын функциялар


Аудиттің Функциялары
Өндірістік
Сараптамалық
Талдаулық
Консультациялық (сұрақтар бойынша)
есептің жай-күйін
ішкі бақылаудың жай-күйі
есептілікті
талдау
есеп
есепті ретке келітіру, алдынғы қатарлы нысандар менәдістерді өндіру
Салық салу
болжамдау
құқық
Мүлікті бағалау ж/е т.б.
ұсыныстар әзірлеу
Есептілік пен декларацияны жасау
Есептілікті жасау арқылы есепті тұрақты жүргізу.

Өндірістік функция:шарттық және ақылы негізде бухгалтердің міндеттерін орындайды.

Сонымен аудит,меншіктің нысанына қарамастан,шаруашылық айналымына қатысушылардың барлығының қызметінде маңызды рөл атқарады.

Аудиттің объектісі шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржылық жағы болып табылады.Аудитор тексерілушіден қолда бар есеп және басқа да қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.

Аудиттің басқа пәні-өндірістік,шаруашылық қызмет.Ол аудиторлық тексеру өндірістік шығындар мен алынған түпкілікті нәтижелерді бағалаудан тұрады. Бұл ретте ол өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын, өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудың қамтамасыз етілуін тексереді,шаруашылық субъектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түбегейлі талдайды және тексеріліп отырған кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлейді.

Аудиттің тағы бір объектісі-шаруашылық субъектісінің бүкіл қызметінің экономикалық тиімділігі.Кәсіпорынның жұмысындағы белгілі бір басқарушылық шешімдердің салдары болған кемшіліктерге талдау жасалады.

Аудиттің келесі объектісі-қаржы-экономикалық тәртіп.Кәсіпорынның немесе саланың қаржылық және экономикалық дамуының негізгі бағыттары зерттеледі.Аудиторлардың ұсыныстары кейбір үрдістерін мақұлдаумен немесе мақұлдамаумен ұштасады.

Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе оны сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.

Ақпарат жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, рынокты талдау, пайданылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметтерін пайдалану, сонымен қатар нақты шығыңдар жатады.

Желілі және функционалды басшылардың қатарына жататын бухгалтерлер, қаржылық менеджерлер, экономистер сияқты мамандардың жұмысының табыстылығы, олардың құқықтық, ақпараттық, нормативтік, техникалық және т.б қызметтерін қамтамасыз ету түрлеріне байланысты болады. Ақпаратты қамтамасыз ету осы жүйенің негізгі элементтерінің қатарына жатады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 6002 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...