Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәлелдеулерді бағалау



Аудиторлық дәлелдеулер алу кезеңдері (сатылары)

Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі.

Аудиторлық процедуралар деп- аудит өткізу кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін (сызба 2.2) қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет. Мысалы, дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы мен әділеттілігін бағалау емес, жасалынған басқару шешімдерінің пайдалылығын немесе жасалынған келісімнің тиімділігін анықтау талап етіледі. Бұл мақсаттар нақтырақ. Глобальды (күрделі) мақсаттар да болуы мүмкін: меншіктің сақталуын анықтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; жалпы өндірістің де, жекелеген өнімдірдің де рентабельділігін бағалау; кәсіпорынның төлей алу қабілетін ағымдағы мерзімге ғана анықтап қоймай, келешекке де болжам жасау және т.б.

Мақсат таңдалғаннан кейін тексеру жүргізудің ерекшеліктерін, яғни қандай процедуралар талап етілетіндігін анықтау қажет-сәйкестікті айқындау тәсілдері немесе тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу процедуралары. Бұл ары қарай дәлелдеулер алудың тәсілдері мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Ондай процедураларды жасау кезінде қойылатын жалпы талап-тәуелсіздік. Ол тестілердің арасындағы айырмашылық төмендегілерден тұрады:

- сәйкестікке қатысты жүргізілетін тестілер шаруашылық операцияларының орындалуы кезінде заң талаптарының сақталуын анықтайды;

- тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу тестілерінде қатені анықтау мақсатында әрбір операцияның мазмұны егжей-тегжейлі қарастырылады.

Егер сәйкстікке қатысты тестілерді орындалған шаруашылық операцияларының заңдылығы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда мынадай сәттерді атап айту қажет. Біріншіден, оларды өткізу үшін үлкен көлемдегі құжаттық мәліметтер талап етілмейді. Тек жазбаша дәлелдерді мұқият қарастыру қажет. Ал, бұл кезде тікелей объектіге қатысты егжей-тегжейлі тестілер шаруашылық өмірдің әрбір маңызды фактісі бойынша дәлелдеулерді аудитордың бағалауын талап етеді. Екіншіден, сәйкестікке және тікелей объектілерге қатысты тестілер сол бір ғана құжатты пайдалануы мүмкін. Логикалық жағынан алдымен сәйкестікке қатысты тестілер қатысты тестілер, ал содан кейін тікелей объектіге қатысты тестілер орындалады.

Тікелей объектіге қатысты тестілер екіге бөлінеді: 1)егжей-тегжейлі тестілер (яғни, жекелеген операцияларды және жиынтығы қаржылық қорытынды есепті құрайтын шоттар бойынша қалдықтарды тексеру); 2) аналитикалық (талдамалық) қарастыру процедуралары.

Тікелей объектіге қатысты егжей-тегжейлі тестілеуді аудитор операцияларының нәтижесі бойынша іріктелген жиынтықты құрау және мүмкіндігінше бірнеше ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулердің көмегімен оларды бағалау жолымен жүзеге асырылады.

Тікелей объектіге қатысты егжей-тегжейлі тестілерден талап етілетін дәлелдеулердің сапасы аудиттің алғашқы (ертерек) сатыларында қол жеткізілген сенімділіктің деңгейіне байланысты.

Талдамалық (аналитикалық) процедуралар. 520-шы Халықаралық аудит стандартына сәйкес талдамалық процедуралар- маңызды коэффиценттерді және тенденцияларды, олардан туындайтын басқа релеванттық ақпараттармен дәйекті (бірізді) емес немесе жобаланған сомадан өзгеше өзгерістер мен өзара байланыстарды зерттеулермен қоса алып талдауды білдіреді.

Талдамалық процедураларды қолданудағы негізгі мақсат-болашақ тәуекелдікті (қауіпті) анықтауға мүмкіндік беретін ерекше фактілердің және шаруашылық қызметтің нәтижелерінің нақты барын анықтау болып табылады. олар бухгалтерлік жазуларды талдауды қарастырады.

Талдамалық процедураларды аудит өткізудің барлық кезеңдерінде (сатыларында) орындау керек:

- аудит жүргізудің бас кезеңінде қандай операцияларды толығырақ зерттеу керектігі жөнінде шешім қабылдау үшін;

- тікелей аудит жүргізу кезінде, яғни аудитор талдамалық процедураларды басқа аудиторлық процедуралармен (ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу,шаруашылық операцияларын тікелей объектіге қатысты тексеру және т.б.) байланыстыра отырып орындаған кезде. Бұл бухгалтерлік қорытынды есептегі ерекше ауытқуларды зерттеу кезінде өте тиімді;

- аудитті аяқтау кезеңінде талдамалық процедуралар қорытынды есептегі маңызды бұрмалаушылықтың барын немесе басқа қаржы-басқару мәселелерін соңғы тексеру рөлін атқарады.

Талдамалық процедураларды жүзеге асыру кезінде салыстырулар пайдаланылады және дайындап тапсырылғанқаржылық қорытынды есептің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланыстар анықталады. Кейбір жағдайларда талдамалық процедуралар есептеулерді немесе ары қарай тексеру жүргізу қажеттілігін анықтау үшін кеңірек зерттеуді керек ететін шаруашылық операцияларын айқындау үшін де пайдаланылады. Талдамалық процедуралар үшін пайдаланылатын ақпараттар – олар, аудитордың өзі жасаған есептеулері.

Талдамалық қарастыру процедураларының маңызы төмендегілермен айқындалады:

- қаржылық мәліметтердің арасындағы немесе қаржылық және қаржылық емес ақпараттардың арасындағы өзара байанысты талдаумен;

- мәліметтердің элементтері арасындағы белгілі немесе болады деп күтілетін өзара байланыстарды талдау арқылы алынған өткен кезеңдердің мәліметтерін нақты мәліметтермен салыстырумен;

- соңғы кезеңнің ақпараттарын соған сәйкес ертерек кезеңде алынған ақпараттармен, бірдей кәсіпорындардың мәліметтерімен және сала бойынша орташа мәліметтермен салыстырумен;

- талдау және салыстыру жасау процесінде табылған күтпеген ауытқуларды зерттеумен;

- сол ауытқулар бойынша түсініктемелер алу және оларды негіздеумен;

- жүргізілген талдаудың, салытырудың және зерттеудің нәтижелерін қаржылық қорытынды есептің нәтижелері бойынша аудитордың пікірін қалыптастыруүшін негіз ретінде алынған дәлелдеу тұрғысынан баға берумен.

Кеңірек тараған әдістерге жай салыстыру және қорытынды есеп баптарындағы өзгерістерді талдау жатады. Және де олардың шұғыл өзгеруін талдау, аудиторды көбірек көңіл аударуды керек ететін, қорытынды есептегі бар ерекше ауытқу фактілеріне (белгілі бір шоттар, шаруашылық операциялары бойынша) итермелеуі мүмкін. Баптардың өзгеруін басқа баптардың өзгеруімен салыстыра отырып талдау, ең бастысы, экономикалық мазмұны бойынша бір көрсеткіштің өзгеруі басқа сонымен өзара байланысты көрсеткіштің өзгеруімен сәйкес келмеген кезде қолданылады.

Талдамалық (аналитикалық) процедураларды қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізу процесінде қолдану:

· Жекелеген шоттар немесе шоттар тобының дұрыстығына дәлел болады;

· Өтімділікті (ликвидтілікті), рентабельділікті (жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайын) тексерудің нақты мерзіміне де (кәсіпорынның көз жетерлік болашақта қызмет атқаратындығы туралы қорытындыға алып келетін - «үздіксіз қызмеи ету принципі»), өткен кезеңдер үшін бағалауға мүмкіндік береді;

· Аудитордың назарын маңыздырақ сәттерге немесе тексеру көлемін, мерзімін және аудиторлық гонорарлардың (сый ақылардың) мөлшерін қысқартатын “осал тұстарға” шоғырландыруға көмектеседі.

Аудиторлар талдамалық процедуралды орындаудың төмендегі негізгі кезеңдерін ажыратып көрсетеді:

· Процедураның мақсатын анықтау аудиттің мақсатына бағынышты;

· Процедураның түрін таңдау көп жағдайда оны жүргізу мақсатымен анықталады, экономикалық субъект қызметінің түріне, ақпараттардың түсініктілігіне және бірдейлігіне байланысты болады;

· Тиісті коэффициенттерді, ауытқуларды, тренділерді есептеуге (мысалы баланс баптарын тігінен және көлденеңнен талдау) акеліп саятын процедураларды тікелей орыындау;

· Процедураларды орындау нәтижелерін талдау, яғни оларды таңдаудың және жүзеге асырудың дұрыстығына, бұл процедуралардың мақсатқа қол жеткізуге қолайлығына жалпы баға беру.

Жоғарыда атап айтқандай, талдамалық процедураларды орындау үшін аудитор пайдаланатын ақпараттар аудитордың өзінің жасаған есептеулері. Сонымен бірге ол ақпараттар жеткілікті түрде сенімді болуға тиісті.

Талдамалық процедуралардың сенімділігіне төмендегі факторлар әсерін тигізеді:

· Шоттар бойынша қарастырылған қалдықтардың маңыздылық дәрежесі;

· Тексеру жүргізілетін сол объектіге бағытталған басқа талдамалық процедуралардың нәтижелері;

· Талдамалық процедураларды орындау кезінде пайдаланылатын көрсеткіштердің ауытқу шамалары;

· Талдамалық процедураларды орындау кезінде бухгалтерлік емес мәліметтерді пайдалану (мысалы, сатып өткізуден түскен түсімді көрсетудің толықтығына тексеру жүргізу кезінде өнімді сандық өлшеммен жөнелту жөніндегі мәліметтер пайдаланылуы мүмкін).

Талдамалық проуедуралардың нәтижелері аудиторлық қорытынды жасау үшін қажетті аудиторлық дәлелдеулер алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ, олар жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша экономикалық субъект (кәсіпорын) басшылығына жазбаша ақпарат дайындау үшін қажет. Аудитор жасалынған талдамалық жұмыстардың нәтижелерін өзінің жұмыс құжаттарында көрсетуге тиісті. Ерекше ауытқулар және олардық себептері, сонымен бірге талдамалық процедураларды жоспарлау және орындау нәтижелері аудитордың жұмысшы құжаттарында қорытынды есептің әрбір сегменті бойынша, есеп пен бақылаудың әртүрлі участоктары бойынша көрсетіледі.

Дәлелдеулер алу шарттары. Дәлелдеулер жинаудың негізі шарттары төмендегілер болып табылады:

· Заңдылықтың қатаң сақталуы. Тексеру жүргізу процессінде аудитор оындаған шаруашылық операциясының заңдылығын, бухгалтерлік есеп принциптерінің сақталуын зерттеуге тиісті;

· Дәлелдеулер жинау бойынша іс-әрекеттерді өз уақытында жүзеге асыру принципін қолдану;

· Аудиторға тексеруге берілген мәліметтердің дұрыстығына кепілдеме алу (хаттар, берілген сұраулар, дәлелдеулер және т.б.).

Дәлеледеулері бағалау. Дәлелдеулерді бағалау деп - шындықты анықтау үшін жиналған дәлелдеулердің ролін логикалық және ой санамен айқындау процессін айтады. Егер дәлелдеулердің жекелеген элементтері әртүрлі көздерден жинақтала отырып немесе әртүрлі сипатқа ие бола отырып, жүйелі түрде алынған болса, онда аудиторлық дәлелдеулер нанымдырық (сенімдірек) болады. Мұндай жағдайда аудиторға дәлелдеулердің элементтерін жеке-жеке қарастыру нәтижесінде алынатын сол дәрежесінен артық кумулятивтік сенінімділік дәрежесін алуға болады. Және оған қарама-қарсы, егер бір ақпарат көзінен алынған аудиторлық дәлелдеулер басқа көздерден алынған дәлелдеулермен жүйелі (бір ізді) болмаса, онда аудитор сол жүйесіздіктің шешімін табу үшін қандай қосымша процедуралар қажет екендігін айқындауға тиіс.

Аудиторға дәлелдеулер алуға шығарылған шығыстар мен алынған ақпараттардың пайдалылығы арасындағы өзара байланысты қарастыру қажет. Бірақ күнделілік пен шығыстар мәселесі өздерінен-өздері қажетті процедураны алып тастау үшін салмақты негіз болып табыла алмайды.

Дәлелдеулерді жинау және талдау кезінде олар жауап беруге тиісті талаптар, оларды алу әдістері қарастырылуы қажет, сондай-ақ алынған дәлелдеулердің арасындағы байланысты бөліп көрсете білу қажет.

Тексеру жүргізіп және дәлелдеулердің барлық жиынтығын жинап алғаннан кейін аудитор оларды тәуекелдікті азайту мақсатында бағалауға тиісті.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2287 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...