Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны



Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.

Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирмаішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей тегжейлі көрсетпей ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті.

Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процесіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.

Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

· Жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;

· Жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;

· Сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс құжаттарының нысаеы мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:

· Көрсетілетін қызметтің сипаты;

· Аудиторлық қорытынды есептің нысаны;

· Клиент бизнесі;

· Ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;

· Аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме;

Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады.Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процесін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады.

Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

1. кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпарттар;

2. Заңдық құжаттармен, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

4. Аудиторлық тексеруді өткізу;

5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен қатар олардың нәтижелері туралы жазулар;

Жұмыс құжаттары
Маңызы Мақсаты Түрлері
1. тиісті құжаттардың көшірмесі 2. Жазулар: · Қолданылатын процедуралар туралы · Орындалатын тестілер туралы · Алынған ақпараттар туралы · Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар туралы · Аудитордың қорытынды есебінің негізі болу · Тексерудің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілгендігін дәлелі болу · Аудиторлық тексерудің сапасына бақылау жасау құралы болу · Тексеруші жұмысшы баланс · Графиктер және талдау · Аудиттің жалпы жоспары және бағдарламасы · Жиынтық түзетулер және проводкалар · Есеп беру және қорытынды жасау

аудитордың жұмыс құжаттары





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1923 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...