Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

З білімін тексеру сұрақтары



1.Аудит үғымына анықтама беріңіз.

2.Аудит нарықтық қатынастарда қалай қалыптасып жатыр?

З.Аудиттің мэні мен мақсаты не?

4.Аудиторлық тексеру не үшін қажет?

5.Аудитордың қандай міндеттері мен жауапкершіліктері бар?

6.Аудиторлық қызметтің құқықтық негіздері қандай?

7.Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары қандай?

8.Аудиторлық фирмалардың қандай құқықтары мен жауапкершіліктері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

2. ҚР-дағы аудиторлық қызметін нормативті реттейтін жүйе.

1.ҚР «Аудиторлық қызмет туралы заң және ҚP-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативті - құқықтық актілер.

2. Аудиторлардың жауапкершілігі міндеттері және құқықтары

3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жуйесі және ҚР аудиторлық қызметті лицензиялау.

Нормативтік-кұқықтық реттеу дегеніміз - бүл аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік кұжаттарда, ере-желерде (ішкі тэртіп, міндетгерді бөлу жөне т.б.) карастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу /12, 203-6/. 250 "Каржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде зандар мен нормативтік актілерді карастыру" деп. аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: "Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға жэне нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмэнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал етуі субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рүқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады" /13/. Демек, кэсіпорын қызметінің за ңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның каржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бүл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден эдейі бас тарту, жалған қүжаттарды салып қою, сөз байла-сулардың салдарынан елеулі бүрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.

"Аудиторлық қызмет туралы" заң Қазақстан Республикасында ауди-торлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, занды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады (тіркемені қараңыз).

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).

2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және ауди-торлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).

5тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кұқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).

6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және, жауапкершіліктері (21-25 баптар).

Казақстан Республикасының "Казақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" 31 қыркүйек 1995 ж. №244, "Сақтандыру қызметі туралы"-18 желтоқсан 2000 ж., №126-11, "Инвестициялық қорлар туралы" 7 шілде 2004 ж., №576-2, "Табиғи монополиялар туралы"-9 шілде 1998 ж., №272-1, "Акционерлік қоғам туралы" 13 мамыр 2003 ж. №415-2,,

"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заң-дарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған.

Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап айқанда Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексінің", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің /14/, "Аудиторлық Қызмет туралы" заңның, "Лицензиялау туралы" заңның, Қазақстан Республикасы

Қылмыстық кодексінің /16/ негізінде аудиторлар мен аудиторлық, ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады: Аудиторлардың жауапкершілігі

Азаматтық-құқықтық

Әкімшілік

Қылмыстық

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен (өзгертулерімен және толықтыруларымен) аудиторлық қызметгі лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы каулымен лицензия беру тәртібі мен шартгары, сондай-ақ аудиторлық қызметгі лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді /18/.

Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңының 3-тармағының 9-бабында атгестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған,' сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақгалған тұлғалар жіберілетіңдігі айтылған.

Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді 121. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Казақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды үлттық стандарттар ретінде кдбылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің еткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.

Аудит стаңдарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

• жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

• аудит өткізудің барлық кезеңдері (сатылары) бойынша регламентгі анықтайды;

• аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

• аудит өткізу және оның нэтижелерін рәсімдеу мәселелеріне катысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;

• аудиторлық тексеру жүргізу іс-тэжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

• ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін түсінуге көмектеседі;

• кәсіптің қоғамдық беделін күрайды;

• мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

• аудиторға клиентгермен келіссөз жүргізуге көмектеседі; '

• аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокка біріктіруге болады:

• аудиторлық фирмалардың күрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;

• зандар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;

• тексеру жүргізу әдістемесі.

Этика - адамзаттың таңдау мәселелерін, адамдар басшылыққа алатын жақсы және жаман стандарттарды, және де ең соңында ол талпынатын жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен айналысатын философия саласы.

Этиканың үш элементі:

• шешімдерді тандау мәселелері;

• моральдық принциптер;

• шешім қабылдаудың салдарлары.

Қазақстанда қабылданған этикалық кодекс төмендегілерді белгілейді:

• аудиторлардың мінез-құлық стандарттарын;

• жалпы мақсатгарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға тиісті негізгі принциптерді.

Аудитордың (аудиторлық фирманың) міндеттері:

• келісілген жұмыс жоспары және келісім шарттарға сәйкес аудиторлық тексеруді жүзеге асыру;

• аудиторлық тексеруді жоғары деңгейде өткізу, сондай-ақ басқа да аудиторлық қызмет көрсету; '

• аудит өткізілген субъектіден алынған және аудит өткізу кезінде толтырылған қүжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мазмүнын тапсырыс беруші - клиенттің рүқсатынсыз жария етпеу (заң актілерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда);

• аудиторлық жұмыстардың көлемі үлкен болған жағдайда оған қатысуға басқа аудиторларды (мамандарды) шақыру. Тапсырыс беруші-

клиентке өзінің туыстық, лауазымдық және экономикалық байланыстары болғандықтан, сондай-ақ аудиторлық қызметпен айналысуға лицензиясы болмағандықтан, бұл тексеруді жүргізуге өзінің қатынаса алмайтындығын хабарлау.

Тексерілетін кәсіпорын аудитордан (аудиторлық фирмадан) аудиторлық тексеру жүргізуге қатысты заңның талаптары, екі жақтың кұқықтары мен міндеттері жөніндегі ақпараттарды, ал аудитор (аудиторлық фирма) танысқаннан кейін - аудитордың қорытынды пікірлері мен ұсыныстары негізделетін заңдық және нормативтік актілер туралы ақпараттарды алуға құқылы.

Аудитордың міндеттері. Казақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына сәйкес аудиторлар клиент қүжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, оған қаржылық қорытынды есепте анықталған сәйкессіздіктер жөнінде хабарлауға, аудит нәтижелерінің құпиялығын сақтауға міндетті.

Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрамастан жүзеге асыратын аудиторлар,сондай-ақ аудиторлық ұйымдар соның ішінде шетелдік заңды және жеке тұлғалармен бірлесе құрған ұйымдар аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде ғана Қазахстан Республикасында аудиторлық қызметпен айналысуға құқылы. Аудиторға берілген құқықтар оның өз міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл құқықтар аудитордың тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Аудитор бухгалтерлік және басқа қаржы-шаруашылық құжаттарын алуға құқылы. Халықаралық тәжірибеде аудитор, егер өзіне қажетті түсіндірулерді немесе ақпараттарды алмаған болса, онда ол жөнінде акционерлерді, Директорлар кеңесін хабардар етуге тиісті. Аудитор төменде аталғандарға құқылы:

• ұжымның кез-келген жалпы жиналысын өткізуге қатысты барлық хабарлама кағаздарын алуға;

• барлық жалпы жиналыстарға қатысуға және кез-келген жалпы жиналыстарда өзін аудитор ретінде толғандыратын кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген мәселе бойынша сөз сөйлеуге.

Өз міндеттерін орындау үшін аудиторға жиналыста не болып жатқандығы жөнінде бірінші қолдан ақпарат алу маңызды. Жиналыста сөз сөйлеу құқығы (егер ондай қүқыққа ие болса) оны кәсіпорын басшылығы үшін тегіс қамтылған аудиторлық қорытынды дайындау міндетінен босатпайды.

Сондай-ақ, аудитор:

· клиентінен өзін қызметінен босату немесе орнын ауыстыру жайындағы хабарландыру кағазының көшірмесін алуға, сонымен бірге жазбаша немесе ауызша мәлімдеме жасауға құқылы. (Бүл "жағдайды баяндау" міндетіне қосымша);

Лицензиялар жеке:

«Қазахстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы»Заңның 12-бабында былай делінген:

· Аудиторлвр мен аудиторлық ұйымдарға лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген уәкілетті мемлекеттік орган береді.

· Банк және сақтандыру қызметтеріне аудит жүргізуге арналған лицензияны

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі береді.

· Лицензия тұрақты болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

· Лицензиялар беруді,аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді,аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның берілгені,шақырып алынғаны және тоқтатылғаны туралы мәліметтірді бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды, аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және аудиттелетін субъектілірдің аудиторлық қызметті жүзеге асырумен байланысты өтініштерін қарауды лицензияр болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Лицензиялық талаптар мен шарттар:

· аудиторлық ұйым акционерлікқоғам,өндірістік кооператив,мемлекеттік кәсіпорын нысанында бола алмайды;

· жарғылық капитал еңбекақының 100 еселенген ең төменгі көрсеткішінен кем болуға тиіс;

· жарғылық капиталдың кем дегенде 51%-ті аттестациядан өткен аудиторларға және (немесе) лицензия алған аудиторлық ұйымдарға тиесілі болуға тиіс;

· штатта аттестациядан өткен аудиторлардың саны 2-ден кем болуға тиіс.

Жеке кәсіпкерлерге лицензия беру онда аудитордың біліктілік аттестаты болғанда ғана беріледі.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны лицензияр заңдарда белгіленген тәртіппен шақырып алады.

Лицензияр заңдарға сәйкес тоқтатылу себептерін көрсете отырып, лицензияның қолданысын алты айға дейін тоқтата алады.

Лицензиялық органның шешімдері мен әрекеттері белгіленген тәртіппен сотта шағымдалаалады..

ҚР-да аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестация аудиторлардың өздерінің міндеттерін кәсіби деңгейде орындауын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.

Біліктілік комиссиясының уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарының негізінде емтихандар жүргізу арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы аттестация болып түсініледі.

Аттестацияға жоғары білімі бар және соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде экономикалық,қаржылық,есептілік-талдау,бақылау-ревизия және құқық салаларында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар,сондай-ақ жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметімен айналысатын және соңғы бес жылдың кем дегенде екі жылында аталған салаларда істеген практикалық жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі.

Аттестациядан,әдетте жылына екі рет етеді.Аудитордың біліктілік куәлігі 3 жыл мерзімге беріледі.Егер тұлға біліктілік аттестатын алған сәттен бастап 2 жыл бойы аяқталғаннан кейін аудитор оның мерзімін ұзарту туралы өтінішті аудитордың оқу-әдістемелік орталықтарда және өзге ұйымдарда біліктілігін жоғарылатқанын растайтын құжаттарымен қоса береді.

Оқу-әдістемелік орталығы біліктілік емтихандары өткеннен кейін 3 күннің ішінде оның нәтижелерін комиссияға хабарлайды.

Комиссия емтихандардың нәтижелерін екі апта мерзімінің ішінде қарайды.

Біліктілік куәлігі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде берілуге тиіс.

Біліктілік емтихандары жазбаша түрде жүргізіледі.

Емтиханның енетін күні мен жері туралы шешім үміткердің назарына белгіленген күннен кем дегенде 15 күн бұрын жеткізілуге тиіс.

Комиссия:

1. емтихандарды өткізу тәртібін,билеттердің мазмұнын,комиссияның құрамын бекітеді;

2. біліктілік емтихандарын өткізудің және ол үшін бөлінген қаражаттардың жұмсалу дұрыстығын тексеруді ұйымдастырады;

3. үміткерлерге емтихандардың тәртібі мен мерімдерін хабарлайды.

4. емтихандардың нәтижелерін қарайды және бекітеді және қайта емтихан тапсыруды тағайындауға құқылы

5. аудиторлардың аттестаттарын береді

6. аттестаттарды берудің тізілімін жүргізеді.

Біліктілік комиссиясы біліктілік куәліктерінің күшін мынадай жағдайларда жояды:

1. аудиторлыққа кандидаттарды аттестацияға жіберу үшін ұсынылған мәліметтердің жалған екендігі белгілі болғанда

2. аудитор қабілеттіз деп танылғанда немесе оның қабілетін сто тәртібімен шектегенде

3. көпке-көріну жалған немесе біліксіз аудиторлық есеп бергенде

4. аудит стандарттарының негізгі талаптарын орындамағанда және кәсіби қызметті жүзеге асырған кезде заңдар өзгелей жолмен бұзылғанда

Аудитор Біліктілік комисиясының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2295 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...