Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Материалдық нүктенің кинематикасы мен динамикасы



Материя қозғалысының ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, екені белгілі. Механикалық қозғалыстың үш түрі бар: ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі. Ілгерілемелі қозғалыста қатты денелердін барлық нүктелері бірдей жылдамдылықпен, үдеумен қозғалады және бір бағытта қозғалады. Қозғалыстағы дененің немесе материалдық нүктенің қалдырған ізі – траектория деп аталады. Траекторияның ұзындығын жүрілген жол деп атайды. Белгіленуі-S, өлшем бірлігі-халықаралық бірліктер жүйесінде [м] болады. Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған түзу орын ауыстыру деп аталады. Белгіленуі Δ r, векторлық шама, өлшем бірлігі халықаралық бірліктер жүйесінде [м] болады. Траекториясы бойынша қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып бөлінеді. Егер траектория түзу болса, қозғалыс түзу сызықты, ал қисық болса. қисық сызықты қозғалыс деп аталды. Материалдық нүктенің кеңістіктегі орнының өгеруін сипаттау үшін жылдамдық ұғымын енгіземіз.


Материалдық нүктенің белгілі бір уақыт аралығында жүрген жолының сол жолға кеткен уақытқа қатынасы орташа жылдамдық деп аталады.

Жылдамдық дегеніміз дененің бірлік уақыт ішінде жүрген жолы. Белгіленуі-v, векторлық шама, өлшем бірлігі – халықаралық бірліктер жүйесінде [м/с] болады.

Материалдық нүкте Dt уақыт ішінде М1 нүктесінен М2. нүктесіне орын ауыстырсын. Сонда жылдамдық радиус векторының уақыт бойынша бірінші ретті туындысына тең болады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2615 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...