Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практикалық сабақтын мазмұны



Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Жалпы және теориялық физика» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

«Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі

Мырзакулов Р.

_______________________

________________2013ж.

5В0704200 «Автоматизация и управление» мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

TKV 2215 -3-L ФИЗИКА I

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

пәні бойынша

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Астана 2013

Пәннің оқу-әдiстемелiк кешенін (ПОӘК) рәсiмдеуге қойылатын талаптар тiзiмi

Силлабус

1. Оқытушы; Сапарбаев Тажибай, педагогика ғылымы кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Физика техникалық факультеты, Жалпы және теориялық физика кафедрасы аға оқытушысы. Байланыс тел: +77071357520, 33-415 (ішкі), E-mail [email protected]. Физика курсы мазмұнын жетілдірудің виртуалды-анимациялық методтары

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны;

коды TKV 2215 -3-L, «Физика-1», кредит саны -2

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: 2 –семестр, кесте бойынша.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері;

Алдыңғы реквизиттері: студент «Физика-1» пәнінін меңгеру үшін мектеп көлеміндегі физиканы, математиканы, биологияны, химияны, информатиканы білу, жоғарғы математика, дифференциалдық теңдеулер, элементтері мен таныс болу керек.

Соңғы реквизиттері: осы пәнді оқыту барысында алынған білімдерді: материялдар кедергісі, теориялық механика пәндерін меңгергенде қолдана алады.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы;

5.1 Оқу пәнінің аты; «Физика-1» пәні жоғарғы техникалық оқу орындарында жоғарғы математика, теориялық механика, жалпы химия және т.с.с. пәндермен қатар бакалаврлар дайындау бағдарламаларының жалпы теориялық негізін құрайды және кез келген техникалық бағыттар бойынша жоғарғы инженерлік - техникалық оқу орнын бітіруші мамандардың келешек қызметтерінің негізгі (базалық) міндетін атқарады.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты;

- студенттердің көзқарасын, қазіргі заман физикасының көмегімен әлем бейнесінің сипатын көрсете білу қабілеттілігін және ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

- студенттерге физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, қазіргі заман физикасы туралы білімін және оларды іс жүзінде қолдануды икемділіктерін калыптастыру, сонымен катар кәсіби мамандығының негізгі жүйесі ретінде физикалық зерттеулердің әдістемелерін игеретін деңгейде білім беру.

5.3 Пәнді оқыту міндеттері;

Классикалық және қазіргі физиканың теорияларын, заңдарын, олардың ішкі өзара байланыстарын, біртұтастығын т.б. көріністерінің негізгі мән мағынасымен таныстыру, сондай-ақ; болашақ инженерлер үшін физикалык ұғымдар мен құбылыстарды және олардың заңдарын игеріп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу.

студенттерді, кәсіби мәселелерді шешудің негізі болып табылатын физика пәнінің әр түрлі салаларына қатысты мәселелерді(теориялық және эксперименталдық оқу мәселесі) шешуге дағдыландыру.

студенттерді эксперименталдық немесе теориялык зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің дұрыстығының дәрежесін анықтауға дағдыландыру.

студенттердің физикалық құбылыстардың моделін компьютер арқылы жасау, табиғи құбылыстарды өз бетімен танып білу, творчестволық ойлау жүйесін дамытуға жол ашу.

студенттерді қазіргі өлшеу аспаптарымен таныстыру, эксперименталдық зерттеулерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру, болашақ мамандығына байланысты қолданбалы мәселелердің нақты физикалық мағынасын танып білуге үйрету.

«Физика» пәні біртұтас пән. Мұндағы материалдың мазмұны және оқыту логикасы жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестендірілген болуы керек. Бұл жағдайдағы оқу процессінде, физиканың дамуына байланысты ішкі қарама-қарсы кайшылықтарды шешу үшін әдеттегіден басқа әдістерді қарастыру керек.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны;

Жалпы физика бөлімдерінің «Механика», «Молекулалық физика және термодинамика», «Электр және магнетизм» физикалық құбылыстары мен процестерінің теориялық және тәжірибелік негіздерімен таныстыру үшін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша оқитын бірінші курс студенттеріне өткізіледі.

Ұсынылып отырған пән студенттердің мектеп физика сабағынан алған механика, молекулалық физика және термодинамика, электромагниттік құбылыстар мен процестер жөніндегі білімдеріне сүйенеді, соны тірек етеді. Механика, молекулалық физика және термодинамика, Электр және магнетизмнің тақырыптары қалыптасқан мына жүйемен оқытылады:

Кинематика. Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы.Сақталу заңдары.Арнайы салыстырмалылық теориясының әлементтері. Тұтас орталар механикасың әлементтері.Тербелістер мен толқындар.

Статистикалық физика және термодинамика.Статистикалық таралулар.Термодинамика негіздері.Тасымалдау құбылысы.Нақты газдар.

Электростатика, тұрақты электр тогы, металдардағы, сұйықтардағы, вакуумдағы және газдардағы электр токтары, магнит өрісі, электромагниттік индукция, заттардың магниттік қасиеттері, электромагниттік өріс үшін Максвелл теориясының негіздері. Электромагниттік тербелістер.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары;

«Физика-1» пәнін оқып-үйрену жоспары

Тақырып атауы Оқу түрі, сағат саны СӨЖ үшін тапсырмалар  
1 Кіріспе. Механика. Кинематика. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Физика пәні. Физикалық зерттеулер әдістері. Механикалық қозғалыс материяның қозғалысының қарапайым түрі.  
2 Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Үйкеліс күштері.  
3 Сақталу заңдары. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Массалар центрі. Импульс моментінің сақталу заңы.  
4 Арнайы салыстырмалылық теория-сының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірілуі. Түрлендірілудің инвар-ианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы  
5 Молекулалық физика. Статистикалық физика және термодинамика. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Температураның орташа кинетикалық мәні.  
6 Статистикалық таралулар. Максвелл және Больцман таралулары. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) БарометрлБарометрлк формула. Көлемі өзгерген газдың жұмысы. Жылу мөлшері.
7 Термодинамика негіздері. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Термодинамиканың бірінші бастамасы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы.Қайтымдыжәне қайтымсыз процесстер..  
8 1.Тасымалдау құбылысы. 2.Нақты газдар. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жолының орташа ұзындығы  
9 Электростатика. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Электр өрісі.Электрлік диполь. Вектор ағыны. Остроградский-Гаусс теоремасы. Электростатикалықөрістің потенциалдық сипаты Конденсаторлар сыйымдылығы және қосылу тәсілдері.  
10 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу.  
11 Тұрақты электр тогы Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы.  
12 Газдардағы,сұйықтардағы, металдағы, вакуумдағы электр тогы Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Газдар,сұйықтар мен плазмадағы электр тогы.  
13 Магнит өрісі Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшек козғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тогы бар орам.  
14 Электромагниттік индукция Заттардың магниттік қасиеттері Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Токтың магнит энергиясы,  
15 Электромагниттік өріс үшін Максвелл теориясының негіздері. Электро-магниттік тербелістер. Лекция (1 с), практикалық сабақ (2), ООӨЖ (3 с), ОӨЖ (3 с) Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярлық потенциалдар.  

Практикалық сабақтын мазмұны





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1323 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...