Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бақылау формалары



Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік балл (пайызбен %) Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49  

8. Оқу пәнінің саясаты;

8.1 Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу: студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет.

2. Аудиториядағы тәртіп; студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы: Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар: с еместрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады.

Глоссарий

1. Санақ жүйесі - дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез-келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады.

2. Материялық нүкте деп - қозғалысыты қарастырған кезде мөлшерлерін ескермеуге болатын денені түсінеді. Мұндай ескермеушіліктің қарастырылып отырған есептің нақты шарттарына тәуелді болатындығы сөзсіз.

3. Орын ауыстыру векторы - деп дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын түзудің кесіндісіне тең векторлық шаманы айтады

4. Дененің қозғалу траекториясы - деп қозғалыстағы нүктенің кеңістіктегі сызған нүктесі.

5. Нүктенің радиус-векторы - деп координаталар басынан берілген нүктеге дейін жүргізілген векторды айтады.

6. Инерция -моменті қатты дененің айналмалы қозғалысының инерттілік өлшемі

7. Молекулардың еркіндік дәрежесі – координаталарға тәуелсіз, дененің кеңістіктегі орнын анықтайды

9. Ферромагнетиктер — деп тосын магниттелетін немесе сыртқы магнит өрісі болмаған жағдайдада магниттелетін заттарды айтамыз

10. Амплитуда – физикалық шамалардың орташа тепе-теңдік мәнінен максимал ауытқуының модулі.

11. Жиілік – бірлік уақыт ішіндегі толық тербелістер саны.

12. Электр дипольі деп – зарядтардың шамалары өзара тең әраттас екі нүктелік зарядталған бөлшектен құралған және екі зарядтардың өзара ара қашықтығын олардан сырт жатқан нүктенің ара қашықтығымен салыстырғанда өте аз болатын жүйені айтады.

13. Идеал газ – бұл молекулалар арасындағы өзара әсер елеусіз аз болатын газ

14. Термометр – температураны өлшеу үшін

15. Толқындар-уақыт өтіміне қарай тербелістердің кеңістікке таралуы.

16. Серпімді толқындар –механикалық ауытқулардың серпімді ортадағы таралуы.Қума толқын – таралу бағыты, ортаның бөлшектерінің тербеліс бағытымен сәйкес келетін толқын.

17. Магнетиктер деп – магнит өрісіне әсер ете алатын заттарды айтады.

18. Күш –дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама

19. Энергия –материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшемі

20. Материя – әлемдегі алуан түрлі нысандармен олардың жүйелерін дүниедегі сан алуан құбылыстармен оқиғалардыңқандайда болатын қатынастарды айтады

21.жылдамдық дегеніміз дененің бірлік уақыт ішінде жүрген жолы

22.үдеу нормаль үдеу -қисық сызықты немесе шеңбер бойымен қозғалыс кезінде центрге қарай бағытталған

23. Күш дегеніміз денелердің өзара әсерін сипаттайтын векторлық шама

24. Гравитациялық (тартылу) күш бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша тартылатын екі дененің массаларына тура пропорционал, олардың арақашықтығына кері пропорционал және осы денелер арқылы өтетін түзудің бойымен бағытталған

25. Серпімділік күші -дененің серпімді деформациялануынан пайда болатын күшті.

26. Магнетиктер деп өздігінен магнит өрісін тудыратын, болмаса сыртқы магнит өрісін өзгерте алатын ортаны айтады.

27. Нақты газ - егер газ идеалдық шарттарға бағынбаса

28. Скалярлық потенциалы - өрістің кернеулігімен байланысты jскалярлық функцияның электр өрісі

29. Стационар магнит өрісі -уақыт бойынша өзгермейтін, ал кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне өткен кезде өзгеріп отыратын магнит өрісін деп атайды.

30. Роторы нольден өзгеше болатын өрісті құйынды немесе соленоидты өріс деп атайды

31. Кедергі күші -дене газ бен немесе сұйықта қозғалған кезде пайда болады, ол дененің ортаға қатысты жылдамдығына пропорционал, ал бағыты қозғалыс бағытына қарама-қарсы

32. Масса –ілгерілемелі қозғалыс кезінде дененің инерттілік өлшемі

33. Эмпирикалық -термометрлік денелердің көмегімен құрылатын температуралық шкалаларды.

34. Қысқа толқындық шекарасы - lmіnтолқын ұзындығы тежеуішрентген спектрінің

35. Парциал қысым – газ қоспасының құрамына кіретін газдың қоспа алып тұрған көлемді жалғыз өзі қамтитындай жағдайда түсіретін қысымы.

36. Дыбыстық толқындар –тұтас ортада таратылған серпімді толқындар

37. Дыбыс – жилігі адам есту мүшесі қабылдау аймағында жатқан толқындарды айтады

38. Ішек- ұзындығына қарағанда көлденең өлшемдері шексіз аз қатты денелерді айтады

39. Өзіндік тербелістер –жүйенің сыртқы әсерінсіз тек ішкі күштердің әсерінен туған тербеліс

40. Математикалық маятниктер- созылмайтын ұзын жіпке ілініп, әсер еткен күштердің әсеріне қозғалмайтын нүкте айналасында тербелістер жасайтын дене.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1649 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...