Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атты дененің айналмалы қозғалысын кинематикасы мен динамикасы



1. Материалдық нүкте мен қатты дененің инерция моменті.

2. Штейнер теоремасы.

3. Айналмалы қозғалыс динамикасы негізгі теңдеуі.

4. Импульс моменті және оның сақталу заңы

Физика жаратылыстану ғылымдарына жатады. Физика пәні – материя қозғалысының жалпы және қарапайым формаларын, қасиеттерін зерттейтін ғылым. Физика (грекше «фюзис» – «табиғат») деген сөзден шыққан. Қозғалыстың философиялық мағынасы оны материяның қасиетінен бөліп алып қарауға болмайтынын түсіндіреді. Бізді қоршаған орта мәңгі бар болатын үздіксіз қозғалатын материялардан тұрады.Материяның нақты түрлері көптеп саналады. Оларға, әртүрлі матералдық бөлшектртермен тікелей әсерлесетін элементар бөлшектер (электрон, протон, нейтрон, т.б), осы бөлшектердің аз ғана мөлшерінің жиынтығы (атомдар, молекулалар, иондар), физикалық денелер (көптеген элементар бөлшектердің жинтығы) және физикалық өрістер (гравитациялық, электромагниттік және т.б) жатады.

Физика басқа техникалық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары қолданатын жалпы заңдарын береді. Физикамен басқа жаратылыстану ғылымдарының арасындағы шекараны бөліп тастауға келмейді, сол себепті физика мен басқа ғылымдар арасындағы байланыс өте тығыз деп айта аламыз.

Соңғы кезде пайда болған көптеген ғылымдар физика заңдарын қолданады, мысалы: физикалық химия (химиялық процестерді физикалық әдіспен оқиды), астрофизика (аспан денелердегі өтетін физикалық құбылыстарды оқиды), геофизика (жер қыртысы мен атмосферада өтетін физикалық процестерді зерттейді).Мысалы биологияда микроскоптың қолданылуы, астрономияда телескоптың қолданылуы, химияда спектрлік анализдің қолданылуы, медицинада рентгендік анализдің қоданылуы осының дәлелі. Барлық жаратылыс тану және қолданбалы ғылымдар электронды аппараттар мен басқа да физикалық құралдарды және зерттеу әдістерін қолданады. Осы ғылымдардың барлығында да арнайы физикалық тараулар бар: астрономияда-астрофизика, химияда–физикалық химия, биологияда–биофизика, агрономияда-агрофизика, электротехникада–электрофизика, металтану саласында-металлофизика және т.б. Физиканың математика пәнімен байланыстылығының орны бөлек. Физиканы сондай-ақ, химия мен биологиядан да бөліп қарауға болмайды. Мысалы, химиялық физика, физикалық химия, биологиялық физика, молекулалық физика, биологиялық механика, бионика т. б.

Физикалық құбылыстар космоста, микроэлементтерде, органикалық және органикалық емес заттарда, өлі және тірі табиғатта өтіп жатады. Физика – техника негізі, екінші жағынан биологияда зерттеулер жүргізу үшін кеңінен қолданылады және биологиялық объектілердің өмір сүру, құрылым ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.

Пәндік және зерттеу әдісі бойынша физика философиямен өте тығыз байланысты және материалистік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Физиканың мақсаты:

1. Табиғат құбылыстарын зерттеу және олар бағынатын заңдарды табу;

2. Бұрынғы оқылған және кейінгі ашылған құбылыстар арасындағы себеп – салдарлы байланысты тағайындау;

3. Алған білімді әрі қарай табиғатқа белсенді әсер ету үшін қолдану;

Физикалық зерттеу әдістері:

а) бақылау, яғни құбылысты табиғи жағдайда оқу.

б) эксперимент, құбылысты жасанды, лабораториялық жағдайда оқып тексеру.

в) гипотеза, құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған ғылыми болжам.

г) теория, гипотезаның тәжірибелік факторларға сәйкес келуі

Физикада материяның қасиеттері мен өзгерістерін сипаттайтын, өлшенетін әрі санымен өрнектелетін көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бақылау және тәжірибе арқылы құбылыстар мен физикалық шамалар арасында тағайындалған тәуелділіктер физикалық заңдылықтары деп аталады.

Физика табиғаттану ғылымдарының негізі болғандықтан, ол тәжірибеге негізделген ғылым. Физикалық шамалармен тәжірибе жасау негізінде физикалық заңдылықтар ашылады.

Физика курсы механика, молекулалық физика және термодинамика, электромагнетизм, оптика, атом және ядролық физика тарауларынан тұрады.

Қозғалысты түсiндiру үшiн материалдық нүкте деген ұғым енгiземiз. Материалдық нүкте деп, өлшемі, пішіні оның қозғалысына еш әсерін тигізбейтіндей, массасы бір нүктеге жинақталған денені айтады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1392 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...