Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуын қарастырыңыз?



Еңбек құқығы – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" Заңы болып табылады.

Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) мемлекеттік еңбек ииспекторлары жүзеге асырады.

Бірсыпыра басқа қатынастар осындай еңбекке байланысты қатынастарды да туындатады. Оларға әлеуметтік серіктестік, еңбекті қорғау, заңды тұлғалардан келтірілген шығынның орнын толтыру, еңбек дауларын қарау, жұмыссыздық және әлеуметтік қамсыздандыруды жатқызуға болады. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін реттеу үшін шарттық негіздер қолданылады. Негізгілері: келісімдер мен еңбек шарттары. Келісімдерге Республикалық Бас келісімді атуға болады немесе әлеуметтік серіктестік-үштіктің: Үкімет, Кәсіподақтар және Жұмыс берушілер арасындағы келісім жатады. Еңбек қатынастары негізінен жеке еңбек шарттарымен және ұжымдық шарттармен реттеледі. Жеке еңбек шарты – жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жеке еңбек шарты:

1. белгісіз мерзімге;

2.белгілі бір мерзімге;

3. белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.

Жеке еңбек шартының тоқтатылу негіздері:

1.мерзімнің бітуі бойынша;

2. тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда (әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса және т. с. с).

Шартты бұзу негіздері:

1. тараптардың келісімі бойынша;

2.тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе);

3.заңнамалық кесімдердс көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.

№20

1.Жұмыс беруші - еңбек құқығының субъектісі. Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға д.а. Заңды тұлғалар коммерциялық, ком-қ емес ұйымдар болуы мүмкін. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқық субъектілікке әділет органдарында тіркелгеннен кейін ие болады. Филиалдакр да еңбек құқық субъектілікке ие. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі мен мөлшерін, басқа табыстарды да дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен стандарттарды, еңбекке ақы төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекітілген жағдайларын орнатқан заңнаманы орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілген нормаларды қызметкерлердің жағдайын тек қана жақсарту жағына өзгерте алады. Жұмыс беруші заңды тұлға өзінің еңбек құқығы субъектілігін ұйымның таратылу кезінде жоғалтады. Жұмыс беруші (жеке тұлға) – жеке кәсіпкердің еңбек құқығы субъектілігі жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылады.

2.Жұмыссыз деп танылған азаматқа таралатын кепілдіктер. Жұмыссыздар-жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген ж/е оған кірісуге дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Жұмыссыз мәртебесін иелену үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда тіркелу қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның жергілікті жері б/ша, жеке куәлігі, әлеу/к жеке кодты беру туралы куәлі, еңбек кітапшасы, арнайы білім, біліктілік туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері б/ша, салық төлеушінің тіркеу нөмірі ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі. Жұмыссыздардың мақсатты әлеу/к көмек алуға; зейнеткерлік жасына жеткенде ж/е талап етілетін еңбек стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығуға; кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өтуге; жұмыссыз тұлғаның келісімі б/ша уәкілетті орган оны төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуге; басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға құқылы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 536 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...