Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогикалық қызметкер, аға оқытушы лауазымына



1.Педогогикалық қызметкерлердің оқытушы лауазымына тағайындалу тәртібі мен мерзімі ҚР ЕК айқындалады. ҚР ЕК-де берілгендей, ҚР Үкіметі азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына тұруға конкурс өткізу тәртібін, азаматтық қызметшілер тізбесін анықтайды. Лауазымды тағайындау сонымен қатар, ҚР арнайы заңымен реттеледі. 2.ҚР еңбек заңнамасымен, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасымен және ҚР ЕК реттеледі. 3.ҚР ЕК сәйкес, еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады. Сондай ақ, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексурді жүзеге асырады.

№13

1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне жалданбалы еңбеқ. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы – бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың Конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттеп отыратын құқық саласы болып табылады.

2.Әлеуметтік әріптестік негізінде туындайтын еңбек қатынастарының сипаты. Әлеуметтік әріптестік еңбек құқығының салалық институты,сонымен қатар кешендік институты ретінде танылады.Кешенділігі сол қатынастардың конс/қ,әкімшілік,азаматтық,қаржылық құқық нормаларымен реттелетіндігінде. Алғаш әлеуметтік әріптестік тур.нормативтік-құқықтық актілер 1992жылы қабылданды.Кеін ол туралы арнайы заң 2001 ж қабылданды.Қазір бұл мәселелер еңбек кодексіне сәйекс реттеледі.Қажеттелігі,маңызы:нарықтық экономикаға көшу жағдайында жекелік саланың күшеюіне байл.әлеуметтік-экон/қ қатынастар мем. тарапынан тікелей емес,жанама реттелетін болады.Осы жағдаяттарға байл.еңбек ж/е әлеуметтік-экон/қ қатынастар көлемінде қызметкерлерге қосымша жеңілдік/р жасау,оларды әлеу/к қорғау,қолданыстағы заңдарға сәйкес мем/ке ғана емес сонымен қатар жұмыс берушілерге,олардың өкілетті органдарына,қызметкерлердің өкілдік органдарына өкілеттік жүктеледі.Әлеуметтік әріптестік субъектілерінің деңгейіне байл.осы қатынастарды үш деңгейге бөлеміз:республикалық деңгей,салалық деңгей,аумақтық деңгей,кей жағдайларда кәсіпорын деңгейінде.Респ/қ деңгейде мем.атынан ҚР үкіметі қатысады.Салалық деңгейде жұмыс берушілер атынан респуб/қ деңгейдегі жұмыс беруші/ң бірлестігі қатысады(өнеркәсіпшілер одағы)аумақтық деңгейде қызметкерлер атынан респуб/қ деңгейдегі кәсіптік одақтардың ьірлестігі қатысады.

3. ҚР – ның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің

Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді: 1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сəйкес келуге тиіс. 2. Еңбек кодексі жəне соған сəйкес қабылданған заңдар жəне ҚР Президентінің жарлыктары; 3. ҚР Президентінің жарлыктары; 4. ҚР Үкіметінің қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары; 6. ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары; 7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері; 8. Жергілікті мəслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері; 9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер; 10. Жұмыс берушінің актілері. Əлеуметтік əріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында крлданылады. Яғни, сәйкесінше ҚР – ның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және Азербайджан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек жағынан, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау әріптестік туралы» (Баку, 24 мамыр 2005 жыл) аралығындағы, ратификациялануға жатпайтын, ведомстволық келісім еңбек құқығының қайнар көзі бола алады.

№14

1.Еңбек құқығының тәсілдері. Еңбек құқығының мынандай тәсілдері бар: 1) мемлекеттік орталықтандырылған еңбек қатынастарын реттеу тәсілі; 2) шартты түрде реттеу тәсілі; 3) кәсіпорын, ұйым, мекеменің деңгейінде нормативтік актілер және басқа да құқықтық актілер маңызы бар қабылдау негізінде еңбек қатынастарын реттеу тәсілі - еңбек заңнамасына Конституциядан, Еңбек кодексінен басқа да салалық заңнамадан, Үкімет қаулыларынан, ҚР Презилентінің жарлық күші бар жарлықтарынан, уәкілетті мемлекттік органдардың бұйрықтарынан, аумақтық деңгейде әкімдермен, маслихаттармен өабылданатын шешімдер, ҚР Конституциялық Кеңесінің шешімімен, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан тұрады.

2.Әлеуметтік-әріптестік туралы келісімдер: ұғымы, түрлері және сипаты. Әлеуметтік әріптестік келісімдер бас, салалық- тарифтік, аумақтық- тарифтік келісім- әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын ж\е республикалық, салалық, аумақтық деңгейлерде қызметкерлер үішін еңбек жағдаиларын жұмыспен қамту ж\е әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт. Республикалық деңгейде ҚР-ның Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында салалық келісімдер жасалады. Аумақтақ деңгейде жергілікті атқарушы органдар ж\е жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында аумақтық(облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 873 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...