Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылдың 21 желтоқсанында азамат А



1.Бұл жағдайда арызды қарау мерзімі ЕК айқындалмайды, өйткені бұл жерде тікелей тек жауап берушінің қалауы бойынша жүзеге асырылады. 2.Азаматтық іс бойынша талап арызын бере алады. Білім, яғни жұмыспен қамту деген сияқты органдарына хабарландыруы мүмкін. Сонымен қатар олар ҚР ЕК сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, яғни азамат А. Осы органға жүгінуі оның қауіп туындаса яғни басқа да зиян келтірілсе ҚР ЕК сілтеме жасаймыз. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға шағамдана алады.

№9

1. Еңбек құқығының пәні және жүйесі. Еңбек құқығының пәні жұмыс күшін қоғамдық өңдіріске тартумен, еңбекті ұйымдастырумен және оның жағдайын белгілеумен байланысты туындайтын еңбек қатынастары болады. Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады: 1) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар. 2) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар. 3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. тандай алады. 4) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. 5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты. 6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты. 7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. 8) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады. Еңбек құқығының жүйесі – құқықтың осы саласының құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар жиынтығы. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды.

2.Әлеуметтік әріптестік институты: ұғымы және сипаты. Әлеуметтік әріптестік – қызметкерлер, жұмыс берушілер, мем-к органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі. ҚР-ғы әлеуметтік әріптестік: 1. Әлеуметтік, еңбек, эконом-қ қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау; 2.Әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 3. Қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарын әлеуметтік қорғауды ж.а. 4. Ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; 5. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы келіссөздер процесіне жәрдемдесу міндеттерні шешуге бағытталған. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі қағидалары мыналар: -тараптардың тең құқықтылығы; - талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі; -міндеттемелер қабылдау еріктілігі; - тараптар мүдделерін құрметтеу; - ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі; -міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамаған тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы; - әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мем-ң жәрдемдесуі; - қабылданған шешімдердің жариялылығы;

№10

1.Жұмыс берушінің актілері: ұғымы, түрлері және сипаты. Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға д.а. Заңды тұлғалар коммерциялық, ком-қ емес ұйымдар болуы мүмкін. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқық субъектілікке әділет органдарында тіркелгеннен кейін ие болады. Филиалдакр да еңбек құқық субъектілікке ие. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі мен мөлшерін, басқа табыстарды да дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен стандарттарды, еңбекке ақы төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекітілген жағдайларын орнатқан заңнаманы орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілген нормаларды қызметкерлердің жағдайын тек қана жақсарту жағына өзгерте алады. Жұмыс беруші заңды тұлға өзінің еңбек құқығы субъектілігін ұйымның таратылу кезінде жоғалтады. Жұмыс беруші (жеке тұлға) – жеке кәсіпкердің еңбек құқығы субъектілігі жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылады.

2.Халықты жұмыспен қамтудың нысандары. Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге; 2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге; 4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіарқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; 5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға; 7) жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес өңіраралық қайта бөлуге; 8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға; 9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге; 10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей ұйымдарда жағдай жасауға; 11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына; 12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді.

Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтары. Азаматтардың:
1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға;
2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға;
4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар

Жұмыс берушінің:
1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.
2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын;
2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 835 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...