Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азыналық кәсіпорын болып құрылған



1.Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, мүлкінің меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен еңбек қатынастарын өзгеріссіз жалғаса береді. Яғни, бұрын жасалған еңбек шарты сақталып қалады. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысына қатысты жұмыс беруші, ведомстволық бағыныстылығына байланысты өзінен жоғары тұрған жергілікті немесе облыстық бағыныстылықтағы басшысы жұмыс берушісі болып табылады. Ал мемлекеттік кәсіпорынның басшысының орынбасарына қатысты жұмыс беруші болып мемлекеттік кәсіпорынның басшысы болып табылады. 3.Ұйымның қайта құрылуы дегеніміз – жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген мүлкінің меншік иесі ауысқан кездегі еңбек қатынастары. Қайта құрылуы ЕК-нің «заңды тұлғалары туралы» заңымен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі. 4.Өндірістегі ұйымдастырудағы соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгерістерге және жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі лауазым, мамандық не кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және ұжымдық шартқа тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

№12

1.Еңбек қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқталу негіздемелері. Еңбек құқы қатынастарының туындауының өзіндік ерекше негіздемесіне еңбек шарты жатады. Еңбек шарты екі жақты заң актісі, оның негізіне тараптардың еңбек құқық қатынастарын тудыру мақсатында өз еріктерімен келісулері жатады. Еңбектік құқық қатынастары басқа да жағдайларда туындайды. М/ы: тағайындау, конкурс, сайлау негізінде. Тиісті мем-к органның басшысының қызметкерді жұмысқа қабылдауы (тағайындауы); мемлекеттік қызметтің бос әкімшілік қызмет орнына конкурс бойынша алу; Сайланбалы қызмет бойынша еңбек құқық қатынастары туындау үшін сайлау актісі қажет. Бұл көрсетілген жағдайлардың барлығында да тағайындау, конкурс не сайлау актісінен бұрын адамның сол қызметті атқаруға келісімі керек. Еңбек құқы қатынастары басқа кәсіпорыннан шақыру тәртібінде ауысқан қызметкермен де туындайды. Еңбек құқық қатынастарының өзгеруі жақтардың келісімі арқылы да болуы мүмкін. Еңбек құқық қатынастарын өзгерту туралы ынта жұмыс беруші тарапынан шықса, онда қызметкердің келісімі керек. Ал, егер қызметкер тарапынан шықса, онда жұмыс берушінің келісімі керек. Еңбек құқық қатынастарының өзгеруі біржақты тәртіпте – қызметкердің көңіл білдіруі жағдайында да кездеседі. М/Ы: екіқабат әйел медициналық қорытындыға сәйкес, ауыр және зиянды жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылады. Жақтардың келісімі, қызметкердің бастамасы, жұмыс берушінің біржақты көңіл білдіруі т.б. еңбектік құқық қатынасарының тоқтауына негіз болады. Еңбектік құқық қатынастарын тоқтату туралы шешімге келген қызметкер үшін ешқандай қосымша жағдайлар қажет емес. Ал, жұмыс берушінің өз ынтасымен еңбектік құқық қатынастарын тоқтата алатын негіздер заңнамада көрсетілген.

2.Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібі және құқықтық негіздемесі. Қоғамдық жұмыстарды ұымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және ж.берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырады. Азаматардың қ жға қатысуы тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен ж.а. Нысаналы топтарға кірген жұмыссыздардың қоғ.жұмыстарға басым иәртіппен қатысу құқығы бар. Қ.жұмыстарға дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайта тіркелген күннен бастап үш айт өткеннен кейін ғана қ.жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.Қ.жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және лоардың мындай ерекшеліктреі болады:

1.Жұмыссыздарға әдейі арналған

2.Жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді жұмыс уақытша сипатта болады жәнеоларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды

3.Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі болады.

4.Аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы болады.

5.Арнаулы білімі жоқ адамарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Авариялар, дүлей зілзалалар, апаттар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттілігне байланысты қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 592 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...