Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жас мөлшері және медико-биологиялық критерийлары



Еңбек қатынатары жұмыс берушімен еңбек шартын жасай негізінде пайда болады

Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

2. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша

келісімімен:

1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа

толған азаматтармен;

2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын

жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен;

3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде

денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және

(немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды

сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.

Еңбек шартын:

1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға;

2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті

жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен жасасуға жол бермейді.

№11

1.Жұмыс берушінің актінің дайындалу тәртібі. Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға д.а. Заңды тұлғалар коммерциялық, ком-қ емес ұйымдар болуы мүмкін. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқық субъектілікке әділет органдарында тіркелгеннен кейін ие болады. Филиалдакр да еңбек құқық субъектілікке ие. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі мен мөлшерін, басқа табыстарды да дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен стандарттарды, еңбекке ақы төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекітілген жағдайларын орнатқан заңнаманы орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілген нормаларды қызметкерлердің жағдайын тек қана жақсарту жағына өзгерте алады. Жұмыс беруші заңды тұлға өзінің еңбек құқығы субъектілігін ұйымның таратылу кезінде жоғалтады. Жұмыс беруші (жеке тұлға) – жеке кәсіпкердің еңбек құқығы субъектілігі жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылады.

2.Еңбек шартын жасау тәртібі. ңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бірданасын алуы жазбаша нысанда расталады.Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен басталады. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 768 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...