Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастарды атаңыз?



Еңбекті құқықты қатынастар бұл еңбекті құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынас. Еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар: 1) Жұмыссызды қамту және орналастырумен байланысты қатынас. Бұл құқық халықтың жұмыспен қамтылу саласындағы мемлекеттік саясатпен де, арнайы заңдық кепілдіктермен де қамтамасыз етіледі. 2) Ұйымдық басқару құқықтық қатынастар. Бұл қатынастар еңбек ұжымының алдына қойылған, мақсаттарды орындауға оның іс-әрекетін реттеумен, үйлестірумен, келісумен және жұмыс беруші тарапынан басқару қызметін жүзеге асыруымен байланысты. 3) Әлеуметтік әріптестік негізіндегі құқықтық қатынастар. Бұл қатынастарды халықты жұмыспен қамтылуы, еңбек ақы төлеу және басқа да әлеуметтік кепілдік және халықтың кедей топтары әлеуметтік қорғау, экономикалық реформаны жүргізу мақсатында қоғамда ұлттық келісімде қамтамасыз ету мәселелерін шешудің маңыздылығымен түсіндіруге болады. 4) Кәсіби оқытуды еңбекті құқықтық қатынастар. Кәсіби даярлық бойынша құқықтық қатынастың мақсаты – жұмыскердің кәсіби мамандық алуы не объективтік және субъективтік себептерге қарай кәсібін өзгертуі. 5) Еңбек дауларын қараудағы құқықтық қатынастар. Мұнда еңбек құқығы субектілерінің ебек туралы заңдардың қолдануымен не еңбектің заңдармен реттелмеген жаңа не өзгерген жағдайын белгілеуменбайланысты қайшылықтарын шешудегі құқықтары мен міндеттері жүзеге асады. 6) Еңбек заңдарын бақылауындағы құқықтық қатынастар. Бұл қатынастардың ерекшелігі субъектілердің өкілеттік сипатымен байланысты, олар, бір жағынан – мемлекеттік органдар, еңбек ұжымдары және кәсіпшілік одақтары болса, екінші жағынан – жұмыс берушілер. Қатынастардың бұл тобы жұмыскердің еңбекті қорғауға құқығын қамтамасыз етуге және т.б. бағытталған.7) Еңбек құқықтық қатынасының мерзімінің өтуіне байланысты қатынастар.

№15

1.Сот шешімі негізінде еңбек қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздемесі. Жалпы еңбек қатынастынастары дегеніміз – ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар.Сот шешімі негізінде еңбек қатынастарының пайда болу негіздері: егерде қызметкер еңбек жасына толмаған жағдайда, оған сот шешімі арқылы жұмыс істеуге рұқсат етілген жағдайда еңбек қатынасы пайда болады. Сот шешімі негізінде еңбек қатынастарының өзгеруі егерде жұмыс берушімен қызметкердің арасында еңбек шартына өзгертулер еңгізу кезінде түсініспеушілік пайда болған жағдайда сот шешімі арқылы өзгертулер енгізіледі. Егерде мынадай мән-жайлар орын алса: 1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде; 2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; 4) сот қызметкерді әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп танылған жағдайда соттың үкімінің немесе шешімінің негізінде еңбек қатынасы тоқтатылады.

2.Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасау ерекшеліктері. Белгілі мерзімдегі еңбек шаттарының арасында маусымдық жұмыстар кезіндегі еңбек шарттары кеңінен таралған.Маусымдық жұмыстарға қабылдау кезінде жеке еңбек шарты белгілі бір маусымға қатысты жасалады. Маусымдық жұмыстар ретінде табиғи ж/е климаттық жағдайларға орай жылдың белгілі бір кезеңінде (маусымында) орындалатын, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын жұмыстар танылады. Маусымдық жұмысқа қабылданатын тұлғалар еңбек шартын бекітетін кезде бұл жөнінде алдын ала ескертілуі тиіс.Бұлай болмаған жағдайда, олармен жасасқан шарт белгісіз мерзімге жасалған шарт ретінде қарастырылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 962 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...