Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызметкер ретінде Қр азаматтарының құқық қабілеттілік критерийін атаңыз?



Еңбекке құқық қабілеттілік – бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерні иелену қабілеті, яғни еңбектік құқық қатынастарының қатысушысы болудың мүмкіндігі. Кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге және жұмыс істетуге қабілетті. Еңбек құқығы субъектілерінің ішіндегі саны жағынан көп және ең кең таралған тобы – азаматтар. ҚР азаматтарының құқық қабілеттілік критерийі: 1. Жас өлшемі критерийі адамның еңбек құқығы субъектілігін белгілі бір жас мөлшерімен байланыстырады. Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген. Жекелеген жағдайларда 15 жастан, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс. 2. Ерік критерийі адамның еңбекке деген жігеріне байланысты. Бұл азаматтардың еңбекке және кәсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Сот шешімімен әрекет қабілеттілігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. Сонымен қатар, сот шешімімен. Әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар мем-к қызметке алынбайды. 3. Әлеуметтік критерий барлық азаматтар үшін теңдей еңбектік құқық субъектілігін белгілеумен байланысты. Барлық еңбек қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіп, мамандық және жұмыс түрін таңдауға бірдей мүмкіндік береді. Жұмысқа қабылдаған кезде жынысына, нәсіліне, ұлтына және діни сеніміне байланысты қандай да бір тікелей не жанама шек қоюға не артықшылық беруге болмайды.

№19

1.Еңбек құқығының субъектілері. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік – техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс ісиейиін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Азаматтарда еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттілік пайда болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде ғана таниды. Еңбек заңнамасына сəйкес он алты жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда он бес жастағы, кейде он төрт жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс берушң ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Еңбек құқығынң субъектілері ретінде жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне мемлекетті кəсіпорындар деп бөлуге болады. Кəсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кəсіптік одақ ұйымдарының мəртебесі белгіленген заңнамада кəсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен əрекет қабілеттілігі, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мемкемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тəртіп бойынша құрылады.

2.Жұмыспен қамтылған азаматтар: ұғымы, санаттары (шеңбері) және сипаты. Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге; 2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге; 4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіарқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; 5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға; 7) жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес өңіраралық қайта бөлуге; 8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға; 9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге; 10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей ұйымдарда жағдай жасауға; 11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына; 12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді.
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтары: 1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға; 2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға; 3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға; 4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 847 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...