Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызметкер Ж. мемлекеттік кәспорында баспасөз



1.Бірінші сұрақ бойынша егер еңбек жағдайлары өзгеріп жатса, онда ҚР ЕК –нін нормаларымен реттеледі, яғни 1 айдан кешіктірмей, жазбаша түрде ескертуге тиіс. 2.ҚР ЕК бойынша еңбек жағдайларының өзгеруі реттеледі, яғни өзгерту тәртібі, талаптары айқындалған.3.Қызметкердің бастамашылығымен аталмыш жағдайға байланысты еңбек шартының бұзылу мүмкіндігі ЕК-мен реттеледі. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты кодексқа негізделуіі бойынша тоқтатылады. 4.Аталмыш жағдайға байланысты еңбек шартын бұзу барысында жұмыс беруші қызметкерге жұмысын жоғалтуына байланысты орташа 3 айлық көлемде өтемақы төлеуге тиісті. Алайда, заң өтемақы мөлшерін шектемейді. Еңбек, ұжымдық, шарттарда жұмысын жоғалтуға байланысты бұдан да жоғары өтемақылар қарастырылуы мүмкін.

№17

1.Конституция еңбек құқығының негізгі қайнар көзі: ұғымы және сипаты. Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді: 1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сəйкес келуге тиіс. 2. Еңбек кодексі жəне соған сəйкес қабылданған заңдар жəне ҚР Президентінің жарлыктары; 3. ҚР Президентінің жарлыктары; 4. ҚР Үкіметінің қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары; 6. ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары; 7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері; 8. Жергілікті мəслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері; 9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер; 10. Жұмыс берушінің актілері. ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер сол актілердің өзінде күшіне ену уақыты көрсетілмесе, онда ресми түрде жарияланган сəттен бастап он күннен кейін занды күшіне енеді. 2) ҚР Парламентіның қаулылары - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап занды күшіне енеді. 3) ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді. 4) Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін органдардың, атап айтсақ, ҚР Жоғаргы сотының, Ұлттық банктің, жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, оларды ресми түрде жариялағаннан кейін 10 күннен соң занды күшіне енеді. ҚР-ның нормативтік-құкыктық актілерінің күші бүкіл республика аумағына таралады. Республика аумағы деп мемлекет егемендігіндегі құргақ жер, аумақтық сулар, ішкі сулар жəне əуе кеңістігін айтамыз. Сондай-ақ Қазақстан аумағына дипломатиялык елшіліктердің, өкілдіктердің аумағы, Қазақстанның əуе, су кемелері жатқызылады. Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің занды күші тиісті территорияға гана таралады. Еңбек құкығының локальды қайнар көздерінің күші ұйым, мекеме, ұжымның аумағына, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің аумағына ғана таралады. Əлеуметтік əріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында крлданылады.

2.Еңбек шартының мерзімі, жұмысқа қабылдауда сынақ мерзімін белгілеудің тәртібі. Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге; бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады.Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі; белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 489 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...