Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аумақтық деңгейде, түрлі деңгейдегі уәкілетті



Ұйымдардың ішкі еңбек тәртібі деп еңбек міндетін орындайтын қызметкер еңбектенетін ұйымның ішінде орнатылған тәртіп түсініледі. Ол өзіне қызметкер мен меншік иесі тапсырмасы мен ұйымда еңбек және еңбек үрдісінде қызметкерлер арасындағы қарым қатынасты басқаратын әкімшілікпен өзара қарым қатынастардың реттейтін тәртіпті қосады. Яғни, бұл дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қарым қатынастарын реттеуге бағытталған. Жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс. Еңбек қауіпсіздігі, қаржылық, өрт қауіпсіздігі, санитарлық – эпидемиялогиялық, техникалық талаптарының сақталу жағдайларынҚазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудi және оның орындалуын ұйымдастырады;
3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды ұйымдастырудың және жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра отырып ақпарат берудiң және мемлекеттiк статистика жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды; P050309
5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi

№8

1. Еңбек қатынастары: ұғымы, түрлері және сипаты. Еңбек қатынастары – ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. ҚР-ның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбек қатынастарының мазмұны, бір жақ ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып белгілі бір лауазым, кәсіп бойынша жұмыс орындауға міндетті, ал екінші жақ еңбекақы төлеуді, еңбек жағдайын қамтамасыз етуді өз міндетіне алады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында туындайтын қатынастардың мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады. Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері: - еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, бұзуға; -жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарт талаптарын сақтауды талап етуге; - еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға; -уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;- тынығуға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына; -бірігуге; -кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге, өз біліктілігін арттыруға; -еңбек мінд-рін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге; - кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне; т.б-ға құқылы. Қызметкер:- еңбек міндеттерін еңбек ш-на, ұжымдық ш-қа, жұмыс беруші актілеріне сәйкес орындауға; - еңбек тәртібін сақтауға; -жұмыс берушінің және өзге мүлікке ұқыпты қарауға; -еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мме-к құпияны, заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеуге; - жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеуге т.б. міндетті. Жұмыс беруші: - қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, бұзуға; - жұмыс берушінің актілерін шығаруға; - бірлестіктер құруға және оларға кіруге; - қызметкерлерден еңбек тәртіптемесі ережелерін орныдауды талап етуге; -қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға, қызметкерлерді көтермелеуге т.б. құқылы. Жұмыс берушінің міндеттері: - ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға; -қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; - жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; -қызметкерлерді жабдықпен, құралмен, өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етуге; - қызметкерді міндетті әлеуметтік сақтандыруға; -қызметкерге жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруге; -қызметкерлердің кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуін және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге; т.б. міндетті.

2.Жұмыссыздыққа жол бермеумен байланысты айқындалған мемлекеттік саясаттың бағыты: құқықтық негіздемесі. Мемлекет жұмыссыздар үшін олардың материалдық жағдайының нгізін құрайтын белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеген. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды еңбекке қабілетті жастағы, еңбек етуге дайын, бірақ табысы н\е өзге де кірісі жоқ азаматтарға мем\к рогандар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық ж\е өзге де көмек ретінде түсіндіруге болады. Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға сәйкес әлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі: 1)заңдарда белгіленген жағдайладағы ж\е мөлщердегі материалдық көмек; 2)кәсіби дайындақтан өту, біліктілігін көтеру ж/е қайта дайындықтан өту кезінде оқудың ақысын төлеу; 3)жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдем беру; 4)қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу; 5)әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру. Белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті органда тіркелген ж\е жұмыссыздың мәртебесін иеленген жұмыссыз азаматтар материалдық көмекке ие болады. Материалдық көмекті алудың жағдайлары мен мөлшерін ҚР-ның Үкітеті белгілейді. Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда н/е азамат өзінің бұрынғы мамандығы б/ша жұмыс істеу қабілетін жрғалтқан жағдайда жұмыссыздар өз келісімімен уәкілетті органның жолдамасы б/ша оқу орындарында білім алуға құқылы. Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жәрдем беру ж/е оларды жұмысқа орналастыру да әлеуметтік қорғаудың түрлерінің бірі болып таб. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу де оларды әлеу/к қорғауға жатады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 555 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...