Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 29, 30 – Химия-технологиялық процесті ұйымдастыру



Мазмұны:

1. Химиялық, принципиальды, технологиялық схемалар

2. аппаратураны таңдау, аппаратураға материалдар таңдау

3. Бақылаушы және реттеуші параметрлерді таңдау

1. Өндірістің химиялық схемасы негізінде, берілген шикізаттан өнімді алу үшін жүргізілген химиялық реакциялар жатады. Химиялық схема шикізаттың және өнімнің қасиеттерін ғылыми зерттеу нәтижелеріне, сондай ақ өндірісітң жеке сатыларында мүмкін болатын негізгі және қосалқы реакциялар негізінде құрастырылады. Анықтаушы критерий болып өндірістің экономділігі болып табылады. Мысалы, сода өндірісінің химиялық схемасы. Сода өндірісінің амиакты әдісі XX ғасырдың 60-жылдары ашылған. Шикізаттар – табиғи ас тұзы NaCl және табиғи әктасы NaCl. Процесс негізінде Na және Са алмасуы жатады.

Мұнда I – шикізат; II – негізгі өнім (сода); III – қалдықтар.

Химико – технологиялық процесс туралы жалпы графикалық түсінікті принципиалды және технологиялық схемалар береді. Осы схемалар арасында маңызды айырмашылық жоқ. Принципиалды схема технолониялық процесті құрайтын негізгі физикалық және химиялық операциялар арасындағы байланысты сипаттайды. Мысалы, фосфор қышқылы өндірісінің принципиалды схемасы.

Сур.1. фосфор қышқылы өндірісінің принципиалды схемасы:

1 – фосфорды ұсақтау; 2 – байыту (флотация); 3, 4 – химиялық ыдырау; 5 – фосфор қышқылың бөліп алу; 6 – фосфогипсты шаю; 7 – H2SO4 сүйылту; 8 – пульпаны салқындату

Технологиялық схеманың принципиалды схемадан айырмашылығы – технологиялық схемада аппараттар, шынайы аппараттарға ұқсас бейлнелеудермен көрсетілген.

2. Аппаратты тандау экономикалық жағдайдан туындайды: аппарат максимальды қарапайым және арзан болу керек, ал онда жүретін процестер оптималды жағдайларда жүру қажет. Химиялық процесс үш стадиядан турады: шикізатты дайындау, химиялық реакция және реакция өнімдерін бөлу. Процестің химиялық схемасына негізделіп, реактор ең маңызды аппарат болып табылады, өйткені онда химиялық реакция жүреді. Химиялық реакторсыз химиялық процес болу мүмкін емес.

Материалды таңдағанда, оның коррозиялық тұрақтылық, беріктілік, өндеу мүмкіндігі және оның бағасы есептеледі. Егер берілген аппарат жұмыс істеу кезінде қара металдар коррозияға тұрақты болса, онда олар тұрақты, берік және арзан материалдар ретінде бірінші қолданады. Жиі коррозияға тұрақты легирленген қара металдар немесе арнайы балқымалар қолданады; олар қымбат болғандықтан тек экономикалық тиімді жағдайларда қолданады. Көп жағдайда реакция зонасында беткі қабатын тұрақты материалдармен жабылған қара металдарды қолданады. Эмалданған материалдар кең таралған. Эмаль жапқыштар жоғары температурада әртүрлі қышқылдар әсеріне тұрақты, ал коррозионды-белсенді газдар осы жапқыштарды жоялмайды.

3. Химиялық өндірісітің сапалық және технико-экономикалық көрсеткіштері технологиялық режимды сақтау ережелеріне байланысты. Режимды бұзу кезінде процес өнімділігі төмендейді, сондай ақ өнім сапасы нашарлайды. Сондықтан технологиялық процес параметрлерін анықталған нормалар шегінде сақтап қалудың практикалық маңызы зор. Осы жағдайды келтірмеу мақсатында, сәйкес параметрлерге әсер етеді, яғни процесті реттейді. Оның нәтижесінде параметрлер берілген мөлшерді қабылдайды. Химиялық прцестің тұрақты жұмысы бастапқы параметрлердің – шикізаттың мөлшері және құрамы бір қалыптығына байланысты. Өндірістің бақылауы – бұл берілгіен режимнен ауытқуды байқау және процестің басқа стадияларында режимдердін бұзылуын алдын ала мақсатымен оларды жою.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Химиялық өндірісіті еңгізудің негізгі этаптарын жазыңыз

2. Технологиялық және принципиальды схемалардың айырмашалағы неде?

3. Аммиак өндірісінің химиялық схемасын құрастырыңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Общая химическая технология: в 2-х ч.,/под ред. И.П. Мухленова. М:1984.

2. Кутепов А.М. и др. Общая химическая технология. М:1990.

3. Основы химической технологии/под ред. И.П. Мухленова М:1991.

4. Вольфкович С.И. Общая химическая технология. М: 1959

5. Соколов Р.С. Химическая технология: в 2-х т. М: 2000.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2164 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...