Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дақылдарды ауыстырып егу



Ауыл шаруашылығының ең ірі салалары – егіншілік пен мал өсіру бір-бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отыратын салалар. Егіншіліктің басты мақсаты – жерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жыл сайын тұрақты, сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету.

Ауыспалы егіс дегеніміз – талаптардағы ауыл шаруашылық дақылдары мен егістікті жылма-жыл ғылыми ұсыныстарға сүйене отырып ауыстыру. Дақылды бір талапқа жылма-жыл себе берсе, оның өнімі бірте-бірте төмендей беретінін ғылым да, тәжірибе де көрсетіп отыр. Ауыспалы егісте әр дақылды орналастырғанда ол дақыл жоғары өнім беретіндей ету керек. Әр дақылдың өзіне тән жақсы алғы дақылы бар. Ауыспалы егісте әрбір дақылды оның жақсы алынған дақылынан кейін орналастыра білу үлкен өнер. Танапқа бір дақылды жыл сайын еге берсе, оның өнімі төмендей беретінін адамдар ерте заманнан бері-ақ білген.

Ауыспалы егістер онда себілетін дақылдардың түріне және топыраққа тигізетін әсеріне байланысты егістік, мал азықтық және арнаулы болып үшке бөлінеді.

Егістік ауыспалы егісте дәнді масақты, бұршақ тұқымдыс, техникалық дақылдар және картоп өсіріледі. Егістік ауыспалы егіске жататын техникалық дақылдар қант қызылшасы, күнбағыс, мақта артықша бір жағдайды қажет етпейді, масақты дақылдар егіп жүрген егінжайларға себуге болады. Егістік ауыспалы егістерде кейде мал азықтық дақылдар себілуі де мүмкін, бірақ малды азықпен қамтамасыз ету бұл ауыспалы егістің міндетіне жатпайды.

Себілген дақылдардың түріне байланысты ферма маңындағы және шөп-жайылымдық болып бөлінеді. Егер ауыспалы егіс ферма маңында орналасып, оған сол фермаға керек сүрлемге, көк балаусаға арналған дақылдар егілсе, бұл ферма маңындағы ауыспалы егіс болып табылады. Ал шөп-жайылымдық ауыспалы егіс ферманың жанына орналасуы мүмкін. Бұл ауыспалы егістерге көбіне біржылдық не көпжылдық шөптер, арпа, сұлы сияқты күтімді көп қажет етпейтін мал азықтық дақылдар себіледі. Кей жағдайларда бұл ауыспалы егістердің кейбір талаптары мал жаюға да пайдаланылады.

Арнаулы ауыспалы егістерге топырақты немесе талапты әдейілеп, ерекше дайындауды қажет ететін дақылдар себіледі. Бұған күріш, көкеніс, темекі өндіретін ауыспалы егістер жатады.

Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнімнің азаюына төмендегі жағдайлар себеп болатынын ғылым анықтап отыр. Бірінші себеп, химиялық тұрғыдан өсімдіктердің қоректенуіне байланысты себептер. Әр түрлі дақылдар өскен уақытта топырақ қоректік заттарды бойына әр түрлі мөлшерде сіңіреді: бидай, арпа сияқты масақты дақылдар керісінше азот пен фосфорды көбірек, калийді азырақ сіңіреді. Ал қант қызылшасы, күнбағыс, картоп сияқты дақылдар керісінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді.

Екінші себеп, физикалық тұрғыдан – топырақтың физикалық қасиетіне байланысты. Талапқа сай масақты, әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қант қызылшасы, қызылша, мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақ түйіршіктерінің көбісі трактор доңғалағының, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды. Яғни топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады да, мұндай топырақтар суды тереңдікке жөнді сіңірмейді. Су тисе, топырақ беті балбырап ериді де, кепкен уақытта қатты қабыршаққа айналады. Мұндай қабыршақты егін көгі бұзылып, топырақ бетіне шыға алмайды. Өсімдік тамырына оттегінің баруы қиындайды. Өсімдіктердің өніп-өсуі нашарлайды, дақылдар әр түрлі ауруларға жиі шалдығады.

Арамшөптерді егістіктен аластаудың әдістерін іздестіру жолында адам алғашында ең қарапайым құралдарды пайдалана бастады. Олардың ең тұңғышы таяқ еді. Онымен арамшөптерді ұрғылап, езіп тастайтын. Осы қарапайым құралға кетпен, сапа, жер ағаш, шот деген аттар пайда бола бастады. Оның басты қызметі мәдени өсімдіктер егістігіндегі арамшөпті қоса қию. Қазіргі кезде де кетпендеудің егістікті күтуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенінде өз орны бар.

Мәселен, астықты жинап алысымен аңызды терең жыртпай, топырақты шамалы тереңдікте қопсыту керек. Топырақтың беткі қабатында қалған арамшөп тұқымдары қаулап өсіп шығады. Арада 10-15 апта өткен соң топырақты терең жыртып, көктеп шыққан арамшөптерді жоюға болады. Топырақты жырту мерзімі арамшөптердің қаулап көктеуімен анықталады, мүмкін 10-15 апта күтудің қажеті жоқ. Әр талапта арамшөптердің бір ғана емес, бірнеше түрлері аралас өседі. Мұндай аралас өсетін арамшөптердің ішінде негізінен бір түрі немесе оның түр тармағы басымырақ өседі.

Ауыл шаруашылығының дақылдарынан тиянақты түрде жоғары өнім алу үшін ауыспалы егісті дұрыс жасау өте маңызды. Ауыспалы егісті енгізуден бұрын көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Алдымен егістің құрылымы анықталады, яғни қандай дақылды қандай көлемде себу керек екені шаруашылықта келісіледі. Бұл егістің құрылымы аудан, облыс көлемінде мақұлданғаннан кейін барып, ауыспалы егістің схемасы жасалады. Ол схема жан-жақты талқыланып, бекітілгеннен кейін шаруашылық территориясына көшіріледі. Осы уақыттан бастап ауыспалы егіс енгізілген деп есептеледі.

Ауыспалы егісті шаруашылық егінжайларына енгізер алдында ауыспалы егіске көшу жоспары жасалынады. Жасалған жоспарда дақылдарды уақытша кезектестіріп себу тәртібі және ауыспалы егістерді игеру кезінде қолданылатын агротехникалық шаралар жинағы белгіленеді. Шаруашылық егіншілігіне ауыспалы егіс енгізілгеннен кейін 2-3 жылдың ішінде игерілуі керек.

Ауыл шаруашылығының дақылдары қабылданған схема бойынша орналасып, әр дақыл өзіне тиісті көлемде себіле бастаған уақыттан бастап ауыспалы егіс игерілген деп есептеледі.

Ауыспалы егістегі дақылдардың белгіленген кестесі бойынша орын алмастырып отыруын қадағалау – сол шаруашылық агрономының міндеті.

Негізгі әдебиеттер:

121. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

122. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

123. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

124. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

125. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

126. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

127. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

128. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

129. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

130. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

97. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

98. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

99. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

100. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

101. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

102. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

103. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

104. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1878 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...