Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақ үлгісін және монолиттерді алу әдістемесі



Морфологиясын зерттеп болғаннан кейін топырақтың барлық қабаттары табиғи бірікпеге ие болуы үшін топырақ кесіндісінің негізгі қабырғасын жоғарыдан төмен қарай күрекпен тегістейді. Содан кейін пышақпен қабаттардың шекаралары нақты сызылады және үлгіні кесіп алу үшін ең жақсы орындар белгіленеді, әсірісе, генетикалық горизонттың ортасынан белгінеді. Жоғарғы қабаттар,әдетте тың топырақтарда- 0 – 10 см., егістікте – егілген және егілетін қабаттары сипатталады. Терең жатқан қабаттардан үлгілер топырақ шұңқырын (ең жақсысы оның түбінен) қазып біткеннен кейін, бірден тез арада алады, себебі одан кейін топырақтың төменгі қабаттары жоғарғы қабаттың топырақ массаларымен жабылады, ал топырақтың ылғалдылығы көп жағдайда сумен жабылып қалады.

Лгілер бірізділікпен алынады, төменгі қабаттан бастап. Үлгілер келесідей алынады, яғни үлгі алыну үшін белгіленген жерден бағана түрінде ұзындығы 10 см., ені 15 см. және тереңдігі 5-8 см. топырақ пышақ көмегімен кесіліп алынып, қатты қағаз бетіне немесе күрекке салынады содан кейін қапшықтарға орналастырады. Гумустық қабаттан және егістік қабаттан оларды барлық қуатында алады. Егер гумустық қабаттың қуаттылығы 20 см. асса, одан қабат бойынша екеу алады. Әрбіреуінен 10 см. бойынша үш үлгі алынады. Үлгілерге этикеткалар жабсырылады, онда жай қарындашпен жазылады: облысы, ауданы, ауылы, жері: егістік №, қабаты, тереңдігі, күні.

Лгілер лабораториялық анализ үшін алынады, оның салмағы 1 кг. дейін, ал камералық тексеру үшін 100-200 г болуы қажет. Үлгілер екі тәсілмен алынуы мүмкін: ленталық және таңдамалы. Ленталық тәсілде үлгілер топырақ профилінің әрбір 10 см- нен (төменнен жоғары қарай) алынады; таңдамалы тәсілде – тегіс лентамен емес, әрбір қабаттың және қабатшаның өзіне тән орындарынан (шамамен ортасынан) алынады. Егер қабат өте қуатты болса, онда 2-3 үлгі алу қажет.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1547 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...