Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Осылым және жаңатүзілім



Топырақтануда қосылым дегеніміз – бұл топыраққа кездейсоқ түскен, топырақ түзілу процесімен тікелей байланысты емес, минералдық немесе органикалық шығу тегі бар заттар. Қосылымдарға жатады: былқылдақденелілердің бақалшақтарының сынықтары, өлген жануарлардың сүйектері, антропогенді заттар, тау жыныстарының сынықтары, қойтастар және басқалар. Осындай заттарды зерттеу топырақтың тарихын, оның жасын анықтауда маңызы бар.

Жаңатүзілімдердің сипатын, олардың шығу тегін зерттеу топырақтың эволюциясы мен генезисі туралы дұрыс ойлауда маңызы бар.

Жаңа түзілім дегеніміз - бұл негізгі топырақтық жерден сырттай ажыратылатын, топырақ түзілу процесінде жасалатын, химиялық құрамы әртүрлі формалы, көпсанды топырақ қабыршақтары мен шырындылары. Топырақ түзілудің әрбір типіне тек оған тән жаңатүзілім жасалынады. Сонымен, мысалы, топырақтың жоғарғы қабатында көкшіл сұр және тат-сары дақтардың болуы, топырақтағы берілімдер өте жоғары ылғалдық жағдайда қалыптасқанын айтады, карбонаттардың орналасу тереңдігі су режимінің типі (ағысты, ағыссыз) туралы, тұз шығару, тұздану және т.б. туралы мәләметтер береді. Ең көп таралған жаңатүзілімдер ішінде келесісін бөліп көрсетуге болады: көмірқышқыл ізбестің (CaCO3 ) жаңатүзілімдері өңі бойынша ақ, үлкен әртүрлі формаларды түзеді: топырақ қабыршақтарын – жіңішке пленкалар «өнез» - өте ұсақ ине тәрізді кристалдардың жинақталуы, ақкөздікті – көз тәрізді ұнды жинақтар, теңбілдерді – әртүрлі формалы және мөлшерлі берік босжерді тұз шырындылары.

Жаңа түзілімнің шығу тегі химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Шығу тегі химиялық жаңатүзілімдер: ақ немесе сары түсті гипс жаңатүзілімі, псевдомицелий түрінде бөлінеді, друз – ұсақ кристалдардың жинақталуы, топырақтың бетіндегі және жеке түйіртпектерде, қабықшаларда қабыршақтар, жағылымдар және ұқсастар түрінде ірі кристалдардың өсінділері.

Ақ түсті жеңіл еритін тұздардың (NaCl Na2 SO4 x 10H2O, MgCl2) жаңатүзілімдері. Топырақ бетінде қабыршақтар мен өзгерістер, топырақ қалың қабатында тұз шырындылар мен жармаларды түзіледі, кесіндінің құрғақ қабырғасын ұсақ қабыршақтар жабады.

Қызыл-қоңыр, қоңыр, сарылау және қара түсті темір гидрототығы мен марганец тотығының (Fe (OH)3 (MnO2 ) жаңатүзілімдері. Олар балқыған дақтар, пленкалар, жағылымдар, сатпақтар, рудякті немесе «ортштейнді» түйірлер түрінде - берік және тығыз домалақ конкреций, тамыр жолымен түтікшелер, «ортштейндер» - қатайған учаскелер және басқалар. Темірдің шала тотығының қосылысы (FeО) көкшіл сұр, көгілдір түстерді, пленкаларды, дақтарды және шырындыларды түзеді.

Биологиялық жаңа түзілімдердің шығу тегі; Оларға жатады: капролиттер – буылтық құрттардың, дернәсілдердің экскременттері – олардың асқорыту жолынан өткен, топырақтың бөлшектерінен тұрады және ішектің сөлімен желімденген (түйіртпек түйіршіктер, шумақтар,түйіндер); көртышқан ұялары – жертесерлер жолдары (саршұнақтар және т.б.), құрт тескендер – олар басқа қабаттың топырақ материалдарымен төгілген, сондықтан топырақ кесінді қабырғасынан анық ажыратылып тұрады: ұсақ тамыршалардың дендридтері.

Көрнекілік үшін сипатталған топырақ бейнесін әртүрлі тәсілдермен бейнелеуге болады: суретпен, батпақпен және тағы басқалармен. Суретті қабаттың табиғи түсіне сәйкес, түрлі-түсті қарындаштармен салған жақсы. Әрбір қабаттың сулы топырақ массасынан алынған батпақты сипаттамасының қасына қояды.

Негізгі әдебиеттер:

111. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

112. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

113. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

114. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

115. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

116. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

117. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

118. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

119. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

120. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

89. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

90. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

91. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

92. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

93. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

94. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

95. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

96. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 926 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...