Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жер жырту принциптері



Соқа – жер жырту құралы болып табылады. Соқа түрі тракторлардың маркасына қарай алдын ала анықталады. Тіркелмелі соқалар жер жырту сапасын анағұрлым жақсартады және олар үшін гектар басына жұмсалатын отын шығыны мейлінше аз болады, бірақ егістік шетіндегі бұрылыстардың ұзын және бұрылыс алаптарының кең болуы салдарынан олар қысқа алқаптарда жеткілікті түрде өнімді жұмыс істей алады.

Жырту тереңдігі егілетін дақылдың биологиялық ерекшелігі, қара шірінді горизонтының қалыңдығы, алқаптың арамшөппен ластануы және басқа факторлардың негізінде белгіленеді.

Жерді терең жыртқан кезде су (атмосфералық жауын-шашындар мен қар түрі) топыраққа жақсы сіңуі есебінен неғұрлым толық пайдаланылады, яғни терең жыртылған қабат топырақтың ылғалдылығын реттеуші қызметін атқарады. Жерді терең жыртқан жағдайда топырақтың ылғалдылығы артады, топыраққа су мен ауаның өтуі жақсарады, мұның өзі өсімдіктерді жұғымды қоректік заттармен қамтамасыз етіп тұратын аэробтық микроағзалардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жерді терең жырту – арамшөптерге, әсіресе, атпатамырлыларға қарсы күресудің маңызды құралдардың бірі. Жерді терең жыртқан кезде топырақтың құрылымы мен құнарлығы тезірек қалпына келеді, тыңайтқыштарды сіңіру, аңыз бен шымды өңдеу жақсарады. Алайда жырту тереңдігін арттыруға байланысты бұл технологиялық процеске жұмсалатын энергия көлемі ұлғаяды. Мұнда көбейген шығындарды қосымша өнім жинау барлық уақытта өтей бермейді, өйткені жер жыртуды 1 см тереңдету оған жұмсалатын энергия көлеміне 5-7% арттырады. Бұған қоса, жұқа топырақта терең жырту тиімді болмайды, сондықтан құнарсыз күлгіндеу топырақты жырту тереңдігі қара шірінді қабатының қалыңдығынан аспауы тиіс.

Жер жыртудағы негізгі мақсат – жер қыртысын аудару, егін қалдықтарын толық жою, жыртылатын қабатты белгіленген тереңдікте қопсыту және жер бетін тұтас тегістеу. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып, ал қажет болған ретте топырақты тереңдете жырту топырақтың құнарлылығын арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Тракторды дұрыс орналастырғаннан кейін бірінші белгіленген өтімін жасау үшін реттеу жабдықтарының қалпына қажетті өзгертулер енгізіледі. Старт жанындағы белгі қаданы топырақтан жауып тастамау үшін суырып алады. Бірінші өтімді орындағанда трактор толық тоқтатылғанға дейін кейін қарауға болмайды, әйтпесе бірінші өтімнің түзу болуы қиындайды. Бірінші өтімді тракторды тоқтатпастан жасаған дұрыс. Бірінші өтімді аяқтауға таяған шақта учаскенің қарсы жақтағы шекарасындағы белгі қадаға жақын келіп трактор тоқтатылады, көміліп қалмауы үшін қаданы алып тастайды.

Аудара жырту агрегаттың төрт өтімінде атқарылады. Оның атжалының іргелес жатқан биіктігі немесе төмендігі 5 см-ден аспауы тиіс.

Баға мынадай жағдайда төмендетіледі: егер атжал іргелес жатқан атжалдардан 10 см-ден астам жоғары немесе төмен болса – 1 ұпай, егер аудара жырту үш өтімде орындалса – 3 ұпай, егер ол екі өтімде орындалса – 6 ұпай.

Аудара жырту кем дегенде 10 см тереңдікте жүргізіледі. Сырт қарағанда оның ешбір айырмашылығы болмауы тиіс. Жырту тереңдігі кемінде үш жерден өлшенеді.

Көктемде бірінші істелінетін жұмыс тұқымды сіңірерліктей қопсыған топырақ қабатын жасау болатындығы әбден түсінікті. Бұл қопсыған қабатты жасаудың бірден-бір әдісі – тырмалау болатын, жер көктемде бірнеше қайтара тырмаланады. Бұл операция «мамықты түту» деп аталынады. Тырмамен жұмыс істеген кезде қопсытылған топырақтың бүкіл массасы тозаңға айналдырылады, қандай тырма қолданылса да, лажсыз осылай болады.

Дискілі тырманы қолдана отырып, қопарылған атжалдарды бітеу үшін тек артқы бір секция ғана пайдаланылады. Өйткені тырманың дискілері топырақты құралдың ортасына қарай ысыруға тиіс. Тырманың шеткі дискілері жүрістің ең таяз тереңдігіне қойылады да, ал ортаңғы дискілер қопарылған атжал тырма бір рет жүріп өткенде толық жабылатындай етіп тереңдетіледі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2664 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...