Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Агротехникасының ерекшелігі



Қант қызылшасының мол өнім алуда және қанттылығын арттыруда ауыспалы егістің ерекше мәні бар. Қант қызылшасын бір танапқа қайта себу – егістік жерге зиянды жәндіктер мен аурулардың таралуына себепші болады. Соныменқатар топырақтың құнарлығы төмендейді.

Суармалы Қазақстанның егіншілігінде қызылшаның жақсы алғы дақылдарына – беде тыңы, беде тыңының аудармасы, күздік бидай, жүгері, дәнді-бұршақты дақылдар және жасыл ьыңайтқышқа арналған рапс немесе шабдар егілген танаптар жатады. Топырақты ерте күзден бастап сапалы өңдеу қант қызылшасының өнімін және оның қанттылығын арттыруға мүмкіндік туғызады.

Топырақты күзде негізгі өңдеуге мына жұмыстар жатады: егістікте топырақты тегістеу, оны жыртудың алдында суару, сыдыра өңдеу, органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңіру және сүдігер жырту. Қызылша өнімділігі жердің тегістілігіне байланысты.

Топырақтың беті тегіс болмаса, егіс біркелкі суарылмайды, тұқым біртегіс себілмейді және өнімді жинау жұмыстары қиындайды. Топырақ бетін күрделі және жеңіл-желпі, үстірт тегістейді. Егер қызылшаны масақты дәнді дақылдардан, жүгеріден кейін орналастыратын болса, аңызды егінді жинап алғаннан кейін дискілі сыдырғыштармен өңдейді. Топырақты сыдыра өңдеудегі мақсат топырақтың үстіңгі қабатын қопсыту арқылы ылғалдың булануын тоқтату және арамшөптерді жою. Егер қызылша бедеден кейін себілетін болса, онда алдымен беденің мойын тамырларын түренді сыдырғыштармен, қайырмасыз соқамен 10-12 см тереңдікте қырқады. Қырқылған тамырларды топырақ бетінде екі жетідей кептіреді. Содан кейін жерді жыртар алдында гектарына 700-800 м2 есебімен суарылғаннан кейін тыңайтқыш енгізіп, терең етіп (28-32 см) сүдігерге жыртылады. Сүдігерді жыртудың ең тиімді. Мерзімі тамыз, қыркүйек айлары. Сүдігерді тегістемей қысқа сол күйінде қалдырады. Топырақты ерте көктемде өңдеу негізінен мына жұмыстардан тұрады: ерте көктемде тырмалау немесе ылғалды сақтау, тегістеу және топырақты тұқым себер алдында өңдеу, арамшөптерді жою. Тұқым себу алдында сапалы өңделген топырақта ылғал мол сақталады, көктей бастаған арамшөптер тегіс жойылады. Механикалық құрамы ауыр және нығыздалуға бейім келетін топырақты терең, орташа және жеңіл топырақты 6-8 см тереңдікте, ал ылғалы жеткілікті топырақты себу тереңдігіне дейін өңдеуге болады. Одан кейін тұқымды себер алдында топырақты 8-10 см тереңдікте дискілі сыдырғыштармен өңдеп, бір мезгілде тырмалаудың тиімділігі мол. Арамшөптерге қарсы гербицидтер қолданылады. Егер алқапты астық тұқымдас арамшөптер басып кетсе, тұқым себуге 1-3 күн қалғанда ТХА препаратын гектарына 15-18 кг мөлшерінде культивациялаумен сіңіреді. Сондай-ақ біржылдық арамшөптерге қарсы эптам, тиллам, ронит қолданылады. Бұл препараттарды тұқым себуге дейінгі культивациялаумен немесе сепкеннен кейін тұқымды көктеп шықпай тұрып, тырмалаумен бірге енгізіледі. Қызылша алқабын қос тармақты арамшөптер басып кетсе, онда егісті пираминмен өңдеу нәтижелі. Химиялық жолмен арамшөпті тазартып, өнімділікті арттырады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1044 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...