Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызылша егісін күту



Егісті күтудегі мақсат - қызылшаның өсіп жетілуінің бастапқы кездерінен жинап алғанша ылғалмен, ауамен және қоректік заттармен жеткілікті мөлшерде қамтамсыз етіп отыру. Егісті күту жұмыстарына мына шаралар жатады: топырақты қызылша еккеннен кейін катоктармен нығыздау, егісті тырмалау, шабықтау, қызылшаны сирету және оның жиілігін қалыптастыру, тексеру, егісті суару, қатар аралықтарын қопсыту, үстеп қоректендіру, арамшөптерге және зиянды жәндіктер мен кеселдерге қарсы күрес жұмыстары. Тұқым көктеп шықпастан бұрын жауын жауса, топырақ бетіндегі қабыршақ қалыңдап өспей тұрып, егісті тырмалармен өңдейді. Топырақ беті қабыршақтанбаса да, арамшөптерді жою үшін егісті жаппай тырмалауды 2-3 см тереңдікте себу қатарларына кесе көлденең бағытта жүргізеді. Тырмалауды арамшөптер топырақ бетіне өніп шығуға жақын қалғанда жүргізген дұрыс. Көктеп шыққан қызылшаны тырмалауды қызылша толық қос құлақтанғаннан бірінші қос жапырақ сала бастаған кезге дейін жүргізеді. Тұқым көктеп шықпастан бұрын және көктеп шыққаннан кейін қызылшаны тырмалау арамшөпті 80-90% азайтады да, ол 30-50% сирейді. Шабықтау – қызылшаның қатар аралықтарын тайыз етіп өңдеу. Шабықтауды ерте, әрі қысқа мерзімде жүргізу тиімді. Қатар аралықтарды алғашқы өңдеуді қызылшаның қатарлары сәл біліне бастаған кезде 4-6 см тереңдікте қопсытады. Қызылшаның жиілігін реттеу ең қиын әрі жауапты жұмыс.

Егістікті сиреткенде қатардағы өсімдіктің ара қашықтығын 18-20 см етіп, бір өлшем метрде 6-7 өсімдік қана қалдырылады. Қызылшаны сиретуді өсімдік толық құлатқанда және бірінші қос жапырағын шығарған кезде бастайды да, оны 10-15 жұмыс күні ішінде бітіреді. Қызылшаның қатар аралығын бойлай сирету механизмді пайдаланған дұрыс. Қызылшаны сиретуді аяқтағаннан кейін егісті тексереді. Тексеруді қызылша 2-4 нағыз қос жапырақ шығарған кезге дейіе бітіру керек. Егісті сиретіп, тексеріп болған соң қызылшаны күтіп-баптау жұмыстарына кіріседі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 926 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...